«Білімді жастар – ел болашағы» атты концерттік кеш
«Білімді жастар – ел болашағы» атты концерттік кеш
1 – жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар!
2 –жүргізуші: Еркінқала балалар саз мектебі және И.Тайманов атындағы орта мектеп ұжымы Сіздердің құрметтерңізге арнап дайындаған «Білімді жастар – ел болашағы» атты концерттік кешіне қош келдіңіздер!
1- жүргізуші Бұл күн — білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!
2 – жүргізуші: Бұл күн — өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!
1- жүргізуші: Бұл күн — әр оқушының жұлдызы жарқыраған күні!
2- жүргізуші: «Білімді ұрпақ – ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Еңбегіңімен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатыңызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.
А.Қоразбаев А.Асылбеков «Елге сәлем» орындайтын
Ерқосаева Назерке
Төлеген Мұхамбетжанов «Астана кеші » әні орын:
Еркінқала балалар саз мектебінің ансамблі
Жетекшісі Айтмұханова Қатима Хасанқызы
1- жүргізуші Домбыра!
Серігімсің, жаным сүйген,
Қарсы алдың бөбек үнін ән-күйіңмен,
Сыр ұғып сұңқылыңнан бала жүрек
Шабыт сеземін сұлу әлдиіңнен
Мәлгеждар Әубәкіров «Талас» күйі
Орын: Теміров Ануарбек
2- жүргізуші
Қазақтың мың бұралған биі қандай
Әсемдік әлемінен құйылғандай
Сахнаға шыққанда сұлу қыздар
Тағаты көрерменнің тиылғандай
ортада «Қазақ биі» биімен Ерке қыз би тобын шақырамыз.
Х.ә «Әриайдай » орын Қаратаева Назкерім
1-жүргізуші
Халық әні айналайын сазыңнан,
Әр жолынан ерекше әсем наз ұғам,
Халық әні таусылмайтын қазына,
Ұрпағына бабаларым мұра етіп қалдырған.
Ғарифолла Құрманғалиев «Сәлем» орын: Оңғар Наргиз
Құрманғазы «Айжан қыз» Орындайтын: Домбырашылар ансамблі
Жетекшісі Машанова Шолпан Жеткеншекқызы
2- жүргізуші
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді , көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық жұрт алдына шығуларын.
Олай болса көрермендерге арналған шашуымыз бар.
Құрметті оқушылар, ұстаздар ойын ойнасақ қалай болар екен а?
(3-ойын ойнатылады)
1-жүргізуші
Өлеңді айт дегенде тіл айтады.
Тіліне қандай адам мін айтады,
Жерің кең елім азат, заман бейбіт
Өлеңді біздер айтпай кім айтады.
Ж.Гершвин Хлопай в такт
Еркінқала балалар саз мектебінің ансамблі
Жетекшісі Құмарғалиева Бақыт Молдағалиқызы
1-жүргізуші
Ән қандай әнші қандай тұнған таңдай,
Барады жүректерде тағат қалмай,
Осы терме басылмайды-ау емін тауып,
Тамылжытып Гүлназ бір ән салмай.
Хасан Гүлназдың орындауында
«Халық термесі» қабыл алыңыздар.
2- жүргізуші
Мың бұралған, билеген
Өнерді кім сүймеген
Аққудайын қалықтап
Өзбек биін билеген
ортада «Өзбек биі» биімен Ерке қыз би тобын шақырамыз.
1-жүргізуші
Домбырам, мен сенімен үндес едім,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін
Бабамның қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім
Күй ___________________________________
Орын: Жұмабаев Парасат
Халық әні «Назқоңыр» орындайтын Көшкін Саяжан
2-жүргізуші
Біз қазақпыз!
Ежелден — ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Маржан Арапбаева «Қазақ елі осындай » орындайтын
Ерқосаева Назерке
Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды
Құрметті Ұстаздар, оқушылар! Осымен Еркінқала балалар саз мектебі және И.Тайманов атындағы орта мектеп ұжымы сіздерге арнаған концерті аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет айтамыз.
«Білімді жастар – ел болашағы» атты концерттік кеші жалғасуда әрі қарай
ДИСКОТЕКА
«Білімді жастар – ел болашағы» атты концерттік кеш
- А.Қоразбаев, А.Асылбеков «Елге сәлем» -Ерқосаева Назерке
- Т.Мұхамбетжанов «Астана кеші »- Еркінқала балалар саз мектеп ансамблі
- М.Әубәкіров «Талас»- Теміров Ануарбек
- «Қазақ биі» -Ерке қыз би тобы
- Х.ә «Әриаидай» -Қаратаева Назкерім
- Ғ.Құрманғалиев «Сәлем»-Оңғар Наргиз
- Құрманғазы «Айжан қыз» — Домбырашылар ансамблі
- Ойын (3-ойын ойнатылады)
- Ж.Гершвин «Хлопай в такт» Еркінқала балалар саз мектеп ансамблі
- «Халық термесі»-Хасан Гүлназ
- «Өзбек биі»-Ерке қыз би тобы
- __________«___________»–Жұмабаев Парасат
- Х.ә «Назқоңыр» -Көшкін Саяжан
- М.Арапбаева «Қазақ елі осындай»-Ерқосаева Назерке
- ДИСКОТЕКА