Алтыбақан

Алтыбақан

Көнермес қазағымның салты қашан,

Көңілім көншімейді шалқымасам.

Құм төбеге тігіліп қараша үйі,

Айлы түнде тербелген Алтыбақан.

Жабығар жанды мұңнан аршымасаң,

Салтымның құдіреті жарқырасын.

Сұлу дүние, тылсым үн тұнып тұрған,

Тыңдаумен тербеледі Алтыбақан.

Қалмас-ау бұл кештері айтылмас ән,

Қадірі болмас оның жай тыңдасаң.

Сызылтып сырлы әнімен серуендетіп,

Айлы түнде тербелген- Алтыбақан.