Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша

Сабақ «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы:  Бауырсақ ертегісінің желісі бойынша

8 санын қайталау.

Мақсаты: Сан мен цифрдың байланысын анықтауды бекіту.8 санының құрамын анықтау,қосу,алу амалдарына есептер шығарту;геометриялық пішіндер жайлы білімдерін және кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру;Ертегі желісі арқылы сабаққа қызығушылығын тудыра отырып,тіл байлығын байыту;тез ойлауға және тез шешім қабылдауға тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері: Қайырлы таң,балалар!Сәлеметсіздер ме,қонақтар?Шеңберге тұрып ойын ойнайық:

Тәрбиеші: Кімдер оң жақта,соған күлімсірейік,

Кімдер сол жақта,соған күлімсірейік,

Кімдер оң жақта,соған көзімізді қысайық.

Кімдер сол жақта,соған көзімізді қысайық.

Кімдер ортада,соларды құшақтайық.

Ойын ойнап бой сергіттік,енді орнымызға отырып, қарапайым математикалық оқу іс-әрекетіне дайындалайық.Бәріңе сәттілік тілеймін!Балалар бізге бір құс ұшып келді.Бұл құсты білесіңдер ме?Қарға бүгін бізге хат алып келіпті. Тәрбиеші хатты оқиды.Апамнан да қаштым,атамнанда қаштым ыңғайсыз жағдайға тап болдым.Көмектесіңдер! Бұл хатты кім жазды екен?Балалардың жауабы:  Бауырсақ.Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? Көмектесеміз.Онда жолға шығайық.

Тапсырмалар орындау.

-Мына қарда бір аңның ізі жатыр,қанша аяқ бар екен?

-4

-Тағы аяқ іздері жатыр санайық

-4

Барлығы бірге 4+4=8

Cегіз санын көрсету.

-Өте жақсы.

-Бұл қай аңның ізі екен?

-Қоян (қоянның өзі шығады)

Тәрбиеші:

-Сәлеметсің бе,қоян! Біздің бауырсақ досымызды көрдің бе?

Тәрбиеші қоянның құлағына сыбырлап,бір нәрсе айтады.

-Қоян маған көмектессеңдер,мен сендерге көмектесем дейді.Көмектесеміз бе?

-Көмектесеміз.

Қоянның жанұясы үлкен екен.8 көжек бар екен.Себеттегі сәбіздер көжектеріне жетеме білмей  тұр екен?Санап көрейікші,сәбізді санайды.Жеті сәбіз.Қоянның көжегі қанша?Қоянның көжегі 8.Сәбіз жете ме?  7+1=8Алдарындағы көк түсті жолақшаға 8 сәбіз қоямыз.

Сан қатары тура және кері санау.Қоян рахметін айтып,бауырсақтың қасқырға кеткенін айтады.

Қасқырдың тапсырмасы: Карточкамен жұмыс.+,-,есептер шығару.

Сергіту сәті: Қобыз.

Қасқыр бауырсақтың аюға кеткенін айтады.

Аюдың тапсырмасы: Аю пимасын жамап беруін сұрайды.

Геометриялық пішіндерді қойып,түсін,пішінін айтқызу.

Аю бауырсақтың түлкіге кеткенін айтады.

Түлкінің тапсырмасы:  Көп,аз салыстыру.

Түлкі: -Мен сендерге бауырсақты бермеймін,орман қараңғы сендерді көрмейді,-дейді.Онда балалар біз орнымызға отырып,көп күн салайық.Балалар манкадан күн жасайды.Үлкен күн ілінеді,бауырсақ терезені ашып қарайды.Балалар қол шапалақтап қуанады.Сабақты қорытындылау.

Бауырсаққа қандай жолмен жеттік сұрақтар қойып сұрау.