«Аппликатура және мехпен жұмыс ».

 

 

Тақырыбы: «Аппликатура және  мехпен  жұмыс ».

Мақсаты:  Сырнай үйренудің алғашқы кезеңінде мехты бірқалыпты жүргізу дағдысын қалыптастыру және саусақ ыңғайлылығы  белгілі бір нота топтарында ғана емес бүкіл шығарманы орындағанда  да қолайлы болғаны дұрыс екенін оқушыға ұғындыру.

Сабақтың тәсілі:  Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:  Аспап, кітап, слайд

Сабақтың барысы:   1.  Ұйымдастыру

  1.   Үй тапсырмасын сұрау
  2. Жаңа сабақ

 

  1. Үйымдастыру.

Алдымен оқушының оқу құралын түгелдеп, аспаптың белдігін ыңғайлап оқушыны аспапқа отырғызу.

  1. Гамма.

До мажор, соль мажор , ля минор (3 түрі )гаммасы, арпеджио, аккорд. Лига, стаккта ,нон легата штрихтарында ойнау.

Гамманы кезкелген нотадан бастап жоғары және төмен бағытта құруға болады.Гамманың хроматикалық,  мажорлық,  минорлық түрлері бар.Хроматикалық гаммада дыбыс аралығы жарты тоннан құрылып отырады.

Минор гаммасының үш түрі бар: таза минор, гармониялық минор, әуендік минор. Гармониялық минорда VII басқыштағы нота (#) диез белгісі арқылы жарты тон жоғарлайды.

Мелодиялық түрінде VI. VII басқыштардың ноталары жарты үнге жоғарлайды.Кері қайтқанда мелодиялық минор таза шынайы күйінде орындалады. Шығарма қазақ халық әні «Елигай». Үйге қазақ халықәні «Елігай» аяғына дейін жәй екпінде жаттауға берілген болатын.

 

Қазақтың халық әні : «Елігай »

Үндестігі : G dur

Өлшемі :    ¾

Екпіні : Орташа

2 тактіден сөйлем аяқталып отырады. Мех шумағы 2 тактіден қайырмасы 1,5 нан ауысып отырады.1 мен 2 қайырманың арасында    белгісі бар , қайырмада бір басқышта саусақтар алмасып отырады. Соңында  ritehuto .яғни баулап аяқталады.

 

Аппликатура  — музыкалық аспатарда саусақтардың түймелерді орынды реттілікпен басуы.Ойнау кезінде саусақтар ыңғайсыз болса, шығарманың көркем өнерлі орындалуы мүмкін емес. Саусақтардың ыңғайлы қойылуы шығарманы орындауда сенімділікті , техниканы, шығарманың тез жатталуын қамтамасыз етеді. Оқушыны дұрыс аппликатура үйрету гамма , арпеджио, аккордтарды меңгеру кезеңінде қалыптасады. Алайда шығарманы талдау барысында оқушыға саусақтарды өз еркімен таңдап орындалуына мүмкіндік беру керек.

Қатарорналасқан түймелерді қайталанып ойналатын ноталарды бір саусақпен  басуға болмайды.Саусақты бір басқыштан екінші басқышқа сырғыту әдісі қажетті жағдайда ғана қоданылады.

Аппликатура – ( applico-латын сөзі) –қолданамын, қолданбалы, қою деген мағынаны береді. Аппликатура нақты мақсатпен таңдау қиындықтарды жеңуге шығарманың көркемдік мазмұнын ашуға жеткізеді. Алғашқы оқу баспалдағында оқушының аппликатураға ойлы, шынайы көзқарассын қалыптастыру қажет.

Шығармамен жұмыста неғұрлым  ыңғайлы  тұрақты болатын саусақтарды бірден анықтаған  жқн. Оқушы шығарманы ойнағанда бірден анықтаған жөн. Оқушы шығарманы ойнағанда саусақ реттілігінің бірнеше  түрінің жобасы болуы мүмкін, сонығ ішінен өзіне ыңғайлысын оқытушының көмегімен таңдап алып, әрі қарай сол қойылған саусақ реттілігі бойынша шығарманы игеру керек.Саусақ реттілігі белгілі бір нота топтарында ғана емес, бүкіл шығарманы орындағанда да қолайлы болуы керек.

 

 

Сырнай ойнағанда көрік қозғалысы үлкен қызмет атқарады. Дыбыстың бірқалыпты шығуы динамикалық , алогикалық белгілердің дұрыс дыбыс штрихтарының нақтылы орындалуы көрік қозғалысына байланысты.Оқу процесінің басында кездесетін қиындықтың бірі – көріктің ауысу кезеңі мен дыбысты үзу. Осы екі процестің бір мезгілде өтуіне оқытушы көңіл бөліп, дыбыстың   ктірмей, бірқалыпты шығуын қадағалаған жөн.

 

  1. Жаңа сабақ .

Украйн халық әні « Кукушечка »

Үндестігі : F-dur

Өлшемі: ¾

Екпіні: Ойнақы

Шығарманы талдағанда оңай түсінікті  болуы үшін 1,2,3 цифрға бөліп аламыз. Ән басталғанда кездесетін лига штрихының стоккатаға ұласуын жіте қадағалап, акцентті нотаның ойналуын оқушыдан талап ету керек. 2,3 цифрдың  алдында   паузаны  оқушының ескеруі шарт . Өйткені бұл келесібөлімдерге түсуге алдын-ала дайындық іспетті. Бір сызықпен қосылыпжазылған. Сегіздік ноталардағы лига сызығын көрсетілгендей етіп шығарманыңкөркемдік мәніне әсері мол.                            Мех 2 тактіден ауысып отырады. Ән жеңіл көңілді болып шығуы үшін басты қысқарақ алып ойнаған жөн. Бұл мехтың үнемді жұмсалуына да септігін тигізеді. Үйге тапсырма беріліп оқушы бағаланды.