Ортақ етіс

Сабақтын тақырыбы: Ортақ етіс. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, ортақ етіс болып
бөлінетіндігі жайлы толы
қ мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке т
әрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Ортақ етіс» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жазысты деген сөйлемдегі жазу қимылы бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан) арқылы іске асатындығын көрсетеді.

Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—әңгіме айтылды, т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ортақ етіс жүрнағында ондай қызмет жоқ: (хат) жазысты—сабақты етістік, сөйлесті—салт етістік.

Етіс жүрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді:сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-дір-іл-ді, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 247-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар. Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Келесі тапсырма: 248-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерден ортақ етісті тауып, қалай жасалып тұрғанын байқаңдар. Оларға тұлғалық талдау жасаңдар. Мәтіннен фразеологизмдерді табыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


  1. Үйге тапсырма: 249-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қүрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып, түлғалық талдау жасаңдар. .