Жыныстық генетиканың анықталуы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныстар

Сабақтың

тақырыбы

Жыныстық генетиканың анықталуы.  Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныстар
Сабақтың мақсатыü  оқушыларға гендердің тіркесіп тұқым қуалауымен қатар, жыныс генетикасы туралы толық мағлұмат беру

ü  теориялық білімді іс жүзінде пайдалана білуге дағдылау, есептерді еркін шығара білуге ой-өрістерін дамыту

ü  пәнге қызығушылығын одан әрі нығайту, өз беттерімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сілтемебиология  пәні оқулығы 10 сынып, Биолог анықтамалығы журналы, интернет желісі
Күтілетін нәтиже:

 

Сөздің дәлдігі — ойдың айқындығы туралы ақпарат алады. Жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе  алады. Тапсырма бойынша жұмыс жасауға дағдалынады; Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді.Сынып оқушыларымен  қарым-қатынастары өрбиді.  Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді.  Ақпараттық білімдері сараланады;
Әдіс-тәсілдерДжигсо, Блум таксономиясы,  бірге ойлау әдісі(постер қорғау), детальдарды қосу әдісі(сәйкестендіру), болжау стратегиясы
Ресурстар мен құрал-жабдықтарИнтербелсенді тақта,кеспе қағаздар, сызбанұсқалар, сәйкестендіру тесті,маркер, стикер, постер, түсті қағаз, дидактикалық таратпа  материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы
Бағалау әдістеріформативті бағалау, сумативтік бағалау
Сабақ барысыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.

3 мин

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады.

Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу, әр топ бір-біріне сәттілік тілейді.

Жыныстық хромосомалар арқылы екі топқа бөлінеді.

ХХ – ӘЙЕЛ АДАМ ХРОМОСОМАСЫ

ХУ –ЕР АДАМ ХРОМОСОМАСЫ

Сәлемдеседі, сабаққа назар аударады. Көңіл күйлері көтеріледі.

Топқа бөлінеді

 

Білу кезеңі

Үй жұмысын тексеру

«Өз жартыңды тап»

Карточкалар беріледі. Біреуінде –сұрақтар, екіншісінде- жауаптарға арналған тірек кестелер,өз серігін іздеп тауып, бірге отырып жұмыс жасайды.
 

Түсіну

Табиғат құпиясы  таусылған ба?

Кездесер тірі ағзалар екі дара,

Аталық пен аналық жыныстардың

Біледі құрылысын  жеке дара.

Білсеңіз айтыңызшы, бұл қайсала?      ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ

 

1 топ : Жынысты алдын ала анықтау

 

2 топ:  Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау

 

Жұмбақ шешеді

Джигсо әдісі арқылы тапсырманың бір бөлігін сарапқа салады. Талқылап болған соң өз топтарына келіп баяндайды. Барлық мәліметтерді жинақтап, постер қорғайды.

 

 

Қолдану.

 

ХХ тобы: 1 – есеп.  Дальтонизм жынысқа тіркес тұқым қуалаудың басылыңқы аллельдерінің  генімен анықталады. Түсті көрмеу Х хромосомада болатын басым аллельмен  кодқа жазылады. Дені сау әйел және еркек – дальтониктің  қандай ұрпағы болуы мүмкін.

ХУ тобы: 2-есеп. Дальтонизмдегі сияқты гемофилия гені жынысқа тіркес және қалыпты қан ұюға қатысы бойынша басылыңқы болып табылады. Егер шешесі таратушы, әкесінің қаны қалыпты ұйитын болса, ұрпақ қандай болуы мүмкін ?

 

Оқушылар есептерді шығарып талдайды. топтық жұмыс жасайды.

Постер қорғайды.

ТалдауТұқым қуалайтын аурулар

1 топ: Хромосомалық аурулар

2 топ: Гендік аурулар

 

Оқушылар ауру түріне қарап ерекшеліктерін анықтайды. Хромосомалық аурулардың адам өміріндегі  маңызын айтады.
Жинақтау

 

Болжау стратегиясы

Егер мен ДНҚ сараптама орталығында сарапшы болсам……..

Егер генетик болсам…………….

Егер мен отбасы орталығында психолог болсам

 

Оқушылар берілген тапсырманы ойланып жауап береді және эссе жазады.
БағалауБүгінгі тақырыпты бағалау

Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды

Оқушылар бүгінгі  алған білімінің қаншалықты пайдалы екенін айтады.

Бағалау парағына қарай әр оқушыны бағалайды.

Рефлексия«Бес саусақ».Оқушылар кері байланыс парақтарын толтарады. Жапсырады.
Үйге тапсырма 

Ø  Эссе жазу

Ø   Жынысқа тіркес белгілердің тұқымқуалауға арналған генетикалық есептер

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады