Ата заңды сақтайтын білімді ұрпақпыз!

Коммуналды  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорын.

№8 «Ақбота»  шипа-жай  типті  бөбекжай —  балабақшасы, Атырау қаласы.

Жоғары санатты тәрбиеші  Қанатова Бактылы  Жумагазиевна

Тақырыбы: Ата заңды сақтайтын білімді ұрпақпыз!

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу.  Патриоттық сезімін ояту.  Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.Еліміздің ата заңы туралы түсініктерін кеңейту.Білім туралы түсініктерін жетілдіру мерекелік көңіл күйлерін көтеру. Білімді жан-жақты болуға тәрбиелеу. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,саз залы мерекеге сай безендірлген. Слайд
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер, балалар! Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.(1937, 1978, 1993, 1995)Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Ән ұран: Менің Қазақстаным
Жүргізуші:
Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда —
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер маған мұқият жауап беріңдер.
Жүргізуші:Конституция  қай күні тойланады?
Балалар: 30 тамыз
Жүргізуші: Қандай рәміздеріміз бар?
Балалар:Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Жүргізуші: Біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Жүргізуші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Атырыу  қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.
Жүргізуші: Өте жақсы жауап бердіңдер рахмет.Балалар енді өздеріңнің мерекеге арнаған тақпақтарыңды айта қойыңдар.
Әміржан:      Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер
Отан- ана, Отан-үлкен,
Қазақстан туған ел!
Жандәулет: Отан –жерім, Отан- суым,
Отан- қуат, нәр береді
Отан-ұран, Отан –туым,
Отан-мәңгі гүлденеді.
Мадина:      Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Отанды жас — кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Жүргізуші: Рахмет балалар, тамаша.
Жүргізуші: Балалар өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.Сендерде өз Отандарыңды аналарыңдай жақсы көріңдер. Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекемізді одан әрі жалғастырамыз

Жүргізуші:Еліміздің жарқын болашағы сіздер болғандықтан білім нәрімен сусындап, Елбасымыздың білім жолындағы стратегиялық жолдауын жүзеге асыру біздің міндетіміз. . Балалар, бүгін бізде ерекше күн, барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады
Армандарға асығатын шыңдарға,

Батыр ұрпақ өсіп жатыр бұл маңда.

Жаса елім, көркейе бер биіктеп.

Дәл осындай ұрпақтарың тұрғанда!-деп сіздерді 1-қыркүйек «Білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Қазақстанның көк туын биікке желбірететін болашақтың білімді ұрпағы сендерсіңдер Алғашқы оқу жылы барлығымызға жемісті болсын.

Жүргізуші:Бұл алғашқы қадамым,
Таудай менің талабым.
Білім нәрін алуға
Мен бала бақшаға барамын!

Туған  тілді мақтаймын.
Салт-дәстүрді сақтаймын
Білім алып ержетіп,
Ел сенімін ақтаймын!

Ән: «Білім күні» Галиева.
Тақпақ:
   Білім туралы
Жандәулет,Нұрдәулет,Осман,Мадина,Сәния,Аманат,Амандық.
Жүргізуші:
Тамаша балалар білім туралы тақпақты өте жақсы айттыңдар.
Жүргізуші:Бүгін біздер кітап туралы әңгіме жүргіземіз. Кітап – қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап — білім бұлағы», — деп бекер айтылмаған екен. Кітап — өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Міне балалар, кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңдер, кітапты жыртуға болмайды.
Жүргізуші:Мен сендерге сұрақ қоямын.
1)Неге ай жерге құлап түспейді?
2)Неге жапырақтар жасыл?
3)Неге ақ аюды қызыл кітапқа енгізген?
4)Үлкен адамдар неге ойншықпен ойнамайды?
5)Жаңғырық қайда жасырынған?
6)Ұнды не теседі?
7)Шыршаның инелері неге жасыл?
Жүргізуші:Балалар сұрақтар қандай қиын.Осы сұрақтардың барлығының жауабын кітаптан іздеп табамыз. Енді сендер кітап туралы мақал – мәтелдер білесіңдерме?
Балалар:  Кітап -ақылшы дос
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өнер шырағы.

Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім.

Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.

Кітап — қаймақ, білім — оймақ.

Кітап — оқығандікі, білім тоқығандікі.
 Буратина:Сәлем достар мен көңілді күлкілі ағаштан жасалған адаммын.
Мен қай ертегіден келдім?
Балалар: Алтын кілт
Буратина: Естеріңе  түсіріңдерші мені достарым қалай шақырады?
Балалар: Бу-ра-ти-на
Буратина: Өте жақсы. Мен сендерге жұмбақ әкелдім. Жұмбақ шешіп білесіңдерме?
Балалар: Әрине
Залға қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек:Сәлематсыздарма балалар!Білім күндерің құтты болсын.
Буратина: Қызыл телпек мерекенің құрметіне сені биге шақыруға рұқсат етіңіз!
Би: Жұптасып
Қызыл телпек: Балалар мен мына себетпен  бәліш әкелген жоқпын ертегінің киіпкерлерін  әкелдім,мен сендерге киіпкерлерді көрсетемін сендер  ол киіпкер қай ертегіде ойнайтынын айтып беріңдер.
Балалар: Ертегінің киіпкерлерін айтады.
Буратина:
Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар сендер көп ертегі білесіңдер, өскенде көптеген ақылшы кітаптарды оқисыңдар.Ең алғашқы танысатын кітаптарың мына Әліппе кітабы болады.
Сәния: Менің атым Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып, ержеткен
Бауыржан да, Мәлікте
Буратина:
Қызыл телпек:
Балалар біз кетейік мектепке алғашқы қоңырауға барумыз керек сабақты жақсы оқыңдар.Сау болыңдар.
Жүргізуші: Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық даналығы осыдан шыққан.Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып жақсы тәрбие алу.
Ән:Еңбек
Қортынды: Қазақсан елін көркейтетін салт дәстүрін сақтайтын болашақтың білімді ұрпақтары болыңыздар