Байтақ елім- Қазақстан

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 04.06.2014

Білім беру саласы: «Қатынас», « Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет, Қоршаған орта, Ән күй.

Тақырыбы: Байтақ елім- Қазақстан

Мақсаты:
Байтақ ел, Отан, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту. Мақал – мәтелдер, өлең, тақпақтар арқылы сөздік қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу қабілеттерін қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Отаным, тәуелсіз, егеменді, мемлекет, елбасы, рәміздер, қыран, тұлпар, шаңырақ, көп ұлтты, орман, өзен, көл, таулар, биік, бай, көркем, әдемі т. б.
Көрнектіліктер: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ. Р. рәміздері, «Астана-бас қала» атты буклет.

Мотивациялық қозғаушы.

Тәрбиеші: Балалар, қане шаттық шеңберіне тұрайық. Амандасу рәсімін жасайық.

Балалар:

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Армысың, шұғылалы Алтын күнім!

Армысың, тәуелсіз елім менің!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

 

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі « Байтақ елім – Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетімізді еліміздің Әнұранынан бастаймыз.

 

Қазақстанның Әнұраны.

1.Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!
2.Ұрпаққа жол ашқан,
Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар,
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай ән орындадық?

Балалар: Қазақстанның Әнұраны.

Тәрбиеші: Қазақстан мемлекетінің Әнұраны туралы не айтасыңдар?

Бала: Әнұран-салтанатты ән. Мемлекеттік Әнұран-егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбаның сазды баламасы.

Тәрбиеші: Дұрыс, айтасың. Әнұранды салтанатты жағдайларда орындайды. Біз күнде таңертең осы Әнұранды орындаймыз.

Азамат:                      Елдің елдігі,

Ердің ерлігі-Әнұран.

Ән асылы,

Ұранымыз басымы-Әнұран!

Тәрбиеші: Әнұраның сөзі мен әнін жазған кім?

Балалар: Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Тәрбиеші: Балалар, бәрінде Нұрсұлтан Назарбаев деп айтып жатырсыңдар, ол кісі кім?

Балалар: Қазақстанның президенті, Елбасы.

Тәрбиеші:Тәуелсіз еліміздің басқада рәміздерің атаңдаршы.

Балалар: Қазақстанның Туы және Елтаңбасы.

Тәрбиеші: Елтаңбамыз туралы не айтасыңдар?

Бала:Қазақ елінің елтаңбасында шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат- адамның қанаты. Шаңырақ-үлкен ортақ үй деген түсінік береді.

Тәрбиеші: Қазақстан көпұлтты мемлекет, мына шанырақ пен уықтар байтақ елімізде тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.Ал қанатты тұлпарлар біздің халқымыздың өмірі әрдайым жылқымен, арғымақ тұлпармен байланысты болғанын белгілейді. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсе тер жұлдызы. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен. Елтаңба авторлары — суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Нартай:                      Шаңырақтың шаттығы

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы елімнің

Елдің тыныш тірегі.

Тәрбиеші: Ал енді, Туымызды қалай сипаттайсыңдар?

Бала:Қазақстан Мемлекетінің Туы көк түсті.Тудағы дала қыраны еркіндіктің белгісі. Күн- байлық пен берекені білдіреді.

Тәрбиеші: Тудың сол жағында қазақтың ою-өрнегі бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков.
Балалар, туымыздың түсі неге көк?

Балалар: Ол ашық аспанды, тыныштықты білдіреді.
Балжан:          Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен — тек
Елдің ашық қабағы.

 

Дәурен:          Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

И.Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әніне сергіту.

Көктудың желбірегені —
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені —
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
Тәрбиеші: Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.
Ал, сендер қай қалада тұрасыңдар?

Балалар жауабы: Біз Қызылорда қаласында тұрамыз.

Тәрбиеші:Балалар, айтыңызшы біздің Қазақстанның жері қандай?

Балалар жауабы: Қазақстанның жері бай, үлкен, әдемі.
Тәрбиеші:Қазақстанның жерінде не бар?

Балалар жауабы: Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар, жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар.

Айнэль:              Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

 

Тәрбиеші: Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?
Балалар:Астана
Тәрбиеші: Балалар Астанаға барғандарың бар ма? Онда не көрдіңдер?
Бала: Мен Астанаға бардым. Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

Тәрбиеші: Астана күніне арнап тақпақтар айтайық.

Нұрай:                Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның,

Мақтанышым- Астанам.

 

Набира:              Жас Астанам – жас қалам,

Тарихың бар ашпаған.

Ордасы бол айшықты,

Ей, бас қалам – Астанам!
Тәрбиеші:Біздің ұлтымыз қандай?
Балалар: Қазақ
Тәрбиеші:Біз қандай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде.

Рахман:             Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Тәрбиеші:Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
Балалар:Отанымыз.
Тәрбиеші:Отан туралы мақал — мәтелдер білесіңдер ме?

Балалар: Білеміз.

Тәрбиеші: Онда «Кім жылдам?» ойын арқылы оны байқап көреік.Мен мақалардың басын айтам, сендер жалғастырып айтасыңдар.

 

  1. Отан — елдің анасы,

Ел- ……………….

(ердің анасы)

2.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей …………

(ел болмас)

3.Отан — оттан да ………

(ыстық)

  1. Отансыз адам – ………….

(ормансыз бұлбұл)

5.Ез елің- ………………

  (алтын бесігің)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Тамаша!
Рефлексиялық-түзетушілік.
1.Балалар біз қандай тақырыпта ашық оқу іс-әрекетімізді өттік? Қай ел туралы айттық?

2.Қазақстанның Елордасы қай қала?

  1. Елімізде қандай мереке келе жатыр?
  2. Мемлекеттік рәміздерді атаңдар?
    3. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

Жақсы жауап берген балаларды бағалау.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Тамаша! Ал, балалар, Қазақстан Республикасы қазірге кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Тәрбиеші: Ал, балалар, оқу іс-әрекеттін соңында « Қара жорғаны» билеп жіберейік.

Күтілетін нәтиже

 

Білуі керек: Қазақстан Республикасының рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран туралы.

Түсінігі: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы екенін.

Көрсете білуі: Отан, рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.

 

 

Маусым

Апта тақырыбы

 

Іс-шараларАта-аналармен жұмыс
 

 

 

 

 

«Бақытты балалық шақ»

 

Балаларды қорғау күніне арналған сауық.

Асфальт үстіндегі «Бақытты балалық шақ» атты сурет сайысы.

 

 

Кеңес «Жазғы шынығу тәртібі»

Әңгімелесу. « Алақай, жаз келді!»

Ойындар: «Жазда не болады?», «Жазда не істеуге болады?»

«Байтақ елім-Қазақстан»

Қазақстан Республикасының рәміздері жөнінде түсініктер беру және білімдерін бекіту.

Ойыншықтар жайлы әңгімелесу. Б.Жақыптың «Менің ойыншықтарым» өлеңін талдау.
  Дидактикалық ойындар: «Не артық?», «Бірдей затты тауып қос», «Сөйлемді жалғастыр».

Құрастыру:«Қиылған суреттер» ойынын дайындау.

 

 

 

«Жер-ортақ үйіміз»

«Жер» туралы сөйлесу. Топырақ пен құмды салыстыру.

Құмнан әр түрлі мүсін жасау.

 

 

Кеңес «Қол саусағын дамыту»

 

Әннен биден шашу.

Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру. Ойын: « Жер, су, ауа»

Мен тұратын қала
  Әңгімелесу «Су- өмір нәрі».

Табиғаттағы судың айналымы.

Қалдық материалдардан күнді құрастыру.

Күн сәулесінің пайдасымен зияның туралы сөйлесу.

 

 

 

«Жол ережесін сақтайық!»

 

 « Қызыл, сары, жасыл» ойын-тренинг

Сурет сайысы « Қызыл, сары, жасыл»

 

 

Кеңес « Балаларға жол ережесін үйретіңдер»

Ә. Шынбатыров «Автобуста» әңгімесі.Оқу.Талдау.

Желілі-рольді ойын «Жол тәртібі»

« Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік»
Талқылау«Балалар қандай жол тәртібін бұзды?»

«Мен қаладағы көшеде тұрмын» тақырыпта әңгімелесу.

Тастардан құрастыру: «Көліктер»

Үстел-үсті ойыны «Жол әліппесі»

 

 

 

 

«Денсаулық-зор байлық»

 

Әңгімелесу. «Денсаулық-зор байлық»

«Тазалық құралдары» тақырыбына жапсыру.

 

 

Кеңес «Тамақтану-балалардың денсаулық кепілі»

 

 

Ы.Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесі.

Еңбек: «Таза топ»

Сүт өнімдері
«Спорт-денсаулық кепілі» сайыс

« Дене шынықтыру мен спорт» туралы суреттерді көру.

Әңгімелесу « Рахмет саған, жаттығу!»

Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар:

«Кім шарды тез үрлейді», «Иісі арқылы аңықта».

Құрастыру: жаттығу жасайтын құралдар