Абай Құнанбаев. Абайдың әдеби мұралары.

 

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Абайдың әдеби мұралары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары  жөніндегі  оқушылардың  білімдерін тереңдету,білімдерін толықтыру;

2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,олардың жазбаша және

ауызша тапсырмалар арқылы тілдерін дамыту,мәтіннің негізгі ойын

түсінуге үйрету,өзіне керекті ақпаратты мәтіннен ала білуге үйрету;

мәнерлеп оқу дағдыларын өлеңнін тақырыбы бойынша ой қорыту, оқу

мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту:

3.Тәрбиелік: Абай шығармаларын түсіну арқылы оқушылардың бойына адами

құндылықтары сіңіру,жаман мен жақсыны айыра білуге үйрету .

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,кесте құрастыру, мәнерлеп оқу,

шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреті, Абай туралы папка, ақынның шығармаларынан

тұратын кітап көрмесі.

Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы, қазақ тілі, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен

мақсатын айту.

Психологиялық дайындық: Мен  жақсы адам боламын.

Әдептілікке,сыйластыққа ұмтыламын

Маған білім қажет. Өмірден өз орнымды табамын.

 

Сабақтың  эпиграфы: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты  іздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

(С.Торайғыров.)

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – деп бағалаған.   Қаншама жылдар өтсе де Абай тақырыбы ескермейді, керісінше ол жұлдыздай жарқырай түседі. Оның тамаша тағылымдары үлкенге де,кішіге де үлкен сабақ. Абай шығармалары – адамға керекті ақылдың,кеңестің қайнар көзі. Біздің сабағымыздың эпиграфы болып алынған С.Торайғыровтың өлеңінің жолдары осының анық айғағы.

Абай өлеңдері, қара сөздерінің мағыналары терең,түсініп оқыған адамның жүрегінің түбіне терең бойлайды. Оның шығармалары адамның өзін-өзі тәрбиелеуінде де, мұғалімнің,тәрбиешінің,сынып жетекшісінің бала тәрбиелеуінде де алар орны ерекше.

 

Үй тапсырмасын тексеру. Ы.Алтынсарин. Қыпшақ Сейітқұл.

I.Ой қозғау – побуждение

  1. Бұрын Абай туралы тақырыптарды  өткендіктен,сынып оқушылары «Инсерт» стратегиясы

арқылы білімдерін қайталайды, жүйелейді,толықтырады.

 

                   Білемін        Білдім( бүгін сабақта)              Білгім келеді
   
  1. Жаңа тақырып: Абай Құнанбаев.(1845-1904) Абайдың әдеби мұралары».

 

 

 

Слайд көрсету.

  1. Мәтінмен жұмыс түрлері. Оқулықпен жұмыс
  2. Оқып  шығып,  сұрақтарға ауызша жауап беру

         үлестірмелі  карточкалар

(Мына  сөйлемдерді көшіріп  жазып, сөйлемдерге  синтаксистік талдау

жасау)

Шыңғыстау  өңірінде  Абай  дүниеге  келді.

Ұлжан  мен Зере байсалды, мейірбан, әділ болды.

Абай  алғыр, зерек  болып  өсті.

 

 

  1. Сөздікпен жұмыс

Азан  айту-  утренняя  молитва

Ене- свекровь

Тел (қатар)- ребенок,  вскормленный  своей и  чужой матерью

Тілі  келмей – не могла  выговорить

 

III.Ой – толғау – рефлексия

1.Сұрақ –жауап.

 

Абай қай жылы туған? ( 1845 жылы 10 тамыз.)

Туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)

Абайдың шын аты кім еді? ( Ибрагим.)

Абайдың әжесінің аты кім? ( Зере.)

Абайдың арғы аталары кімдер? ( Өскенбай, Ырғызбай. )

Шешесінің аты кім болған. ( Ұлжан.)

Құнанбайдың  неше әйелі болған? ( 4 әйелі.)

Абайдың  дүниеге көзімді ашқан кім еді ? ( Михаэлис.)

Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.)

Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет- Риза.)

Абайдың руы қандай? ( Тобықты.)

  1. Сабақты бекіту
  2. Бағалау
  3. Үйге тапсырма: Абайдың әдеби мұралары туралы әңгімелеу.