Есімше туралы түсінік. Есімшенің жасалуы мен түрлері.

Сабақтың тақырыбы: Есімше туралы түсінік.

Есімшенің жасалуы мен түрлері. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға есімше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сурау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардын берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Есімше туралы түсінік. Есімшенің жасалуы мен түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Есімше—етістіктің түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? Деген сұрақтарға жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Көрген кезде жазық жоқ (көрген—анықтауыш), Көрмес түйені де көрмес (бірінші көрмес—бастауыш, соңғы көрмес—баяндауыш). Бастауыш не анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімшелер есім сөздерше түрлене алады. Мысалы: айтар-ың, естімег-ім.

Енді бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа қатысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Сұлтан Бейбарыс бағана кетіп қалған. Берілген сөйлемде кетіп қалған деген етістік есімше түлғасында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған—III жақ) қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда, Сұлтан Бейбарыстың кетіп

қалуы өткен шақты білдіріп түр. Сөйтіп, бұл сөйлемдегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты білдіріп, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп түр. Бүл—есімшенің етістікке тән қасиеті.

Есімшенің жасалуы мен түрлері.

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу аркылы жасалады:

  • -қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: алған,
    берме-ген, т.б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін —
    ған, жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан
    кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады;
  • -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары қосылу арқылы
    болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, т.б. дауыссыз дыбысқа біткен сөзге
    жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен
    сөзге -р, етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады;
  • -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше
    жасалады: бар-мақ, кел-мек, т.б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у,
    й) болса, жуан буыннан кейін —мақ, жіңішке буыннан кейін -мақ жалғанады. Сөздің соңғы
    дыбысы мұрын жолды үнді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке
    буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ,
    жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.

Ескерту: Бұл жұрнақ етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды;

4)  -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше
жасалады: бар-атын, қара-йтын, т.б. дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін —
йтын, жіңішке буыннан кейін жалғанады.

Бұл жұрнақ құранды қосымша -тын, -тін бөлегі түрған деген көмекші етістік болған да, ол -а, -е, -й түлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, біртіндеп қосымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз о баста бара-тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.

Есімше түлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына беріледі: барған емес, бармақ емес. Жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жоқ.

Алғашқы орындалатын тапсырма: 250-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді көшіріп, есімшелерді табыңдар. Олардың түбірі мен қосымшасын ажыратып айтыңдар.

Келесі тапсырма: 251-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 252-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Құрамында есімше кездесетін 5 сөйлемнен т
    ұратын мәтін құрастырыңдар. Есімшелерге
    тұлғалық талдау жасаңдар..