Саңырауқұлақтар.

Қызылорда облысы.Қазалы ауданы.Қазалы қаласы.№3 «Өрімтал» балабақшасы

І санатты тәрбиеші Сайпенова Сандигул Тулегеновна

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:сурет.

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар.

Мақсаты:Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру.Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға үйрету.Танымын кеңейту,эстетикалық талғамын арттыру.

Пәнаралық байланыс:жапсыру,мүсіндеу, математика.

Қолданылатын көрнекі құралдар: акварельмен салынған саңырауқұлақ бейнесі,кептірілген жапырақтан жапсырылып  саңырауқұлақ бейнесі,дайын ормандағы ағаштар суретінің арасына трафарет арқылы бедерлі (рельефті) мүсінделген саңырауқұлақ бейнесі.

Қажетті құрал-жабдықтар:кесілген губкалар,кептірілген жапырақтар,ермексаз,саңырауқұлақ бейнеленген трафареттер,желім,сүрткіштер.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап,мадақтау, қорытындылау.

Сөздік жұмыс:саңырауқұлақтар.

Белингвальді компонент:саңырауқұлақ-гриб, саңырауқұлақтар-грибы.

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық,

Ізденімпаздық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекциялық

түзетушілік

Балалар бәріміз бізге қонаққа келген апайлармен амандасайық.

 

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Жасы үлкенді сыйлаған,

Өсер елдің баласы.

Тәрбиелі баламыз,

Жетілген ой-санамыз.

Жасы үлкенге ізетпен,

Біздер сәлем береміз!

 

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін тапсаңдар,онда біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы табылады.

 

Тіреумен тіреп ақырын,

Көтеріп тұр шатырын.

Бұл не?

 

-Дұрыс балалар біздер бүгін сурет сабағында саңырауқұлақтың суретін саламыз. Алдымен саңырауқұлақпен танысып өтейік.Осы кезде саз әуенімен екі саңырауқұлақ билеп кіреді де балалармен амандасады.

-Саламатсыңдар ма балалар,біз сендерге қонаққа келдік.Сендерге базарлыққа саңырауқұлақтар туралы түрлі қызықты суреттер ала келдік.

Саңырауқұлақтар туралы иллюстрациялық суреттерді көрсетеді.Тәрбиеші ормандағы саңырауқұлақ түрлерімен таныстырады.

Қараңдаршы балалар,суретте көп саңырауқұлақтар бар. Бұлар түлкішек,ақ саңырауқұлақ,шыбыпжұт деп аталады. Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы болып екіге бөлінеді.Біздің жақтағы саңырауқұлақтар улы саңырауқұлақтар,оларды жеуге болмайды.Кәне кім саңырауқұлақтардың түрі,түсі туталы әңгімелеп береді.

 

 

-Балалар, біз бүгін сурет сабағында «саңырауқұлақтар» тақырыбында үш түрлі жұмыс жасаймыз.

.саңырауқұлақтың суретін саламыз.

.саңырауқұлақтарды жапырақтардан жапсырып бейнелейміз.

.салынған дайын сурет бетіне саңырауқұлақ трафаретін пайдалана отырып саңырауқұлақты бедерлі мүсіндейміз.

 

Жұмыс барысы:

Саңырауқұлақты акварельмен салу тәсілі.

Ақ саңырауқұлақты бояу тәсілі.

.губканы қоңыр түсті бояуға малып алып,жарты шеңбер ішін сызықтан шығарып алмай бояймыз.

.губканы ақ түсті бояуға малып алып саңырауқұлақтың сирағын бояимыз.

Түлкішек.

.губканы қызыл түске малып алып,жиегі иректелген сопақша сызықты шығармай бояимыз.

.сирағын қызғылт сары түспен бояймыз.

Саңырауқұлақты жапсыру тәсілі.

.саңырауқұлақ қалпағына және түбіріне ұқсайтын жапырақтар таңдап алып,сол қолменұтап тұрып үстіне қылқаламмен желім жағып жапсырамыз.

Саңырауқұлақ суретін трафарет арқылы бедерлі мүсіндеу.

.дайын сурет үстіне тафаретті беттестіреміз де,ойылған жерге саңырауқұлақтардың түсіне байланысты ермексаздарды таңдап алып жапсыра отырып толырамыз.

Енді әркім өз қалаған орындарына отырып жұмыс жасайық.

Сергіту жаттығуы:

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі,

Екеуі қайың астынан,                                    Біреуі терек астынан,                                     Қанша болды есепте,

Сал тоқылған себетке.

Дидактикалық пантомимо ойыны:

«Сурет саламыз»

Тәрбиеші балаларға:ақ саңырауқұлақ саламыз –дейді.балалар ауада саңырауқұлақ салады.

Бояймыз дегенде алдарындағы жолақшалардан саңырауқұлақ түсін тауып ауаға көтеріп бояйды.

Түлкішек саламыз дегенде де ойын солай қайталанып отырады.

Балалар жұмыстарынан көрме жасап балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетін қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

Балалар бірге қосылып айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

саңырауқұлақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар саңырауқұлақтардың түрі,түсі туталы әңгімелеп береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қалаған жұмыстарын жасады

 

 

 

 

Балалар өлең ырғағына сай қимылдар жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды қызыға ойнады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:саңырауқұлақтардың қайда өсетінін.

Игереді:саңырауқұлақтардың жеуге болатын және болмайтын түрлері бар екенін.

Меңгерді:жартылай дөңгелек және сопақша пішіндер арқылы саңырауқұлақ салуды және

бояуды.