Көсемше туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Көсемше туралы түсінік. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға көсемше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабактың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексер
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Көсемше туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Көсемше де—етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі естістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты. Берілген сөйлемдегі ашылып қалыпты деген етістік көсемше түлғасында (-ып жұрнағы) жіктеліп келіп (III жақта -ты), іс иесінің қимыл-әрекетін белгілі бір шаққа байланысты білдіреді: төбесі (яғни ол—III жақ) ашылып қалыпты—өткен шақ. Сондай-ақ сөйлемдегі ашылып қалыпты деген күрделі етістіктердің алдыңғы негізгі етістіктер (ашылып) білдіріп тұр, көмекші етістіктер (қалыпты) жаңағы негізгі қимылдың шағы (өткен шақ: қалыпты, оны білдіріп тұрған -ып көсемше жұрнағы) мен қимыл иесінің жағын (III жақ—ол) білдіріп тұр. Бұл—көсемшенің етістікке қатысты сипаты.

Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей, оның амалын, сынын, себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде жүмсалады. Мысалы: Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді. Берілген сөйлемдегі түсіріп алып деген көсемше тұлғалы етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің нақ өзін емес, оның (қимылдың) амалын, сынын, мақсат-себебін білдіріп тұр: қалай жейді?—түсіріп алып.

Сөйтіп бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып) қимыл, іс-әрекетті білдіріп, екінші бірде қимыл, іс-әрекеттің өзін емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік мәнінде, екіншісі үстеу мәнінде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 253-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Суретке қарап, жазғы тау көрінісі туралы мәтін қүраңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Қандай етістік түрлерін қамтыдыңдар? Көсемшелер бар болса астын сызыңдар.

Келесі тапсырма: 254-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасаңдар.

Келесі тапсырма: 255-жаттығу жүмысының шарты: Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: 256-жаттығу жұмысының орындалу шарты: Мәтінді түсініп
оқыңдар. Көсемшелерді теріп жазып, олардың