«Тіл – ұлттың ұлы игілігі»

 

 

«Тіл – ұлттың ұлы игілігі»

Мақсаты: Оқушыларды өз ұлтына,еліне                                                                              деген сүйіспеншілігін,ынтасын арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын,тілін қастерлеп,бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру.

Безендірілуі:Шаңырақ орналастыру оны көк лентамен көмкеру. жан-жағын қызыл,жасыл,сары т.б тағу.Ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты

сөздері, өлең шумақтары қабырғаларға ілінеді, экранда слайдтар көрсетіледі,көрме ұйымдастырылады,билборд.

Іжүргізуші:Қайырлы кеш,құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі «Тіл –ұлттың ұлы игілігі»атты кешімізге қош келдіңіздер!

Қонақтарымызды таныстырамыз.

ІІ жүргізуші:

құттықтау сөз қонағымызға  беріледі.

 

Мұғалім  сөзі: Қазақ ұлтының бір ғана Отаны бар.Ол Қазақстан екені барлығымызға мәлім.Біздің Отанымыз байтақ та, бай ел.Отанымызда көптеген ұлт өкілдері тұрады.Осы халықтардың барлығы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.Бұл Елбасымыздың көргенді саясатының арқасы екені даусыз.Әр халықтың өз ана тілі бар.Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен  бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас  құралы ретінде қызмет етіп келеді.Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында  республикада білім, ғылымды,техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп бойға тарайды.Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі орындылығында,өрлігінде,орасан зор байлығында.» Тіл- ұлттың ұлы игілігі» атты мерекелік кешімізді қабыл алыңыздар.

(«Тіл туралы» заңды қашан шыққандығы жайлы экранда слайдтар  көрсету.

І жүргізуші:      Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

Тіл туралы Заңың енді күшіне

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

ІІ жүргізуші:        Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар!»

«Халық жауы» атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.

І жүргізуші:       Қуан анам!Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.

ІІ жүргізуші:     Қуан халқым!Күшіне енді Тіл заңы ,

«Сүйінші»  деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілменен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

І жүргізуші: «ТІЛ» қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек жан—тәніңмен ұғып біл.

Үш әріп не мағына береді,

Ал талдайын,жеткенінше қызыл тіл.

ТІЛ» экранда көтсету)

Т әрпі білдіреді теңдікті
І әрпі ілтипат пен ізетқой
Л әрпі лаула оттай жанып
   

 

ІІ жүргізуші:  Туған тілім-бабам тілі,өз тілім.

Туған тілім- анам тілі,өз тілім.

Туған тілім – далам тілі,өз тілім.

Туған тілім- адам тілі,өз тілім.

 

І жүргізуші:  Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімде-кім?

Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!

Тілім менің,тілім менің-тірлігім

Ендігі кезекті тіл туралы өлең

шумақтарына берейік.(Әр топ дайындап келген тіл туралы өлеңдерін жатқа айтады.)

 

І жүргізуші:    Ей, туған тіл!Ата-анамның бал тілі!

Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы,

Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,

Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.

Ей, туған тіл! Ертелі –кеш қуатыңмен өзіңнің,

Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.

Ей, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет,

Ата-анамды, мен пақырды жарылқа деп,құдірет!

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімінің сөзі

ІІ жүргізуші:     Мына ән аяулы аналарымызға, сөйлеген  мұғалімге  арналады.

(  Ән: » Ананың тілі»)

І жүргізуші:       Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез,- демекші ана тілін білу,үйренудің қажеттілігі,маңызы жайлы адамдардың мазмұнды ойларына тоқталайық.

1.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты,оның қуанышы.

2.Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп ел қатарына қосылу- өмірден алған ең үлкен сыйың.

3.Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың.

  1. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді

Ұмыту – бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту.

І жүргізуші:«Халық айтса, қалт айтпайды»

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні-бұл мақалменен айта білу.

мақал- мәтелдерге кезек берелік. ( әр топ өздері  даярлап келген  1бір ғана тіл туралы жазып келген, ол ребус болама, сөз жұмбақ болама, т.с.с. түрдегі мақал- мәтелдерін қорғайды.)

 

ІІ жүргізуші:  Халық бар жерде тіл бар.

Тіл бар жерде өнер бар.

Өнер бар жерде жанкүйер  бар демекші

 

Бүгінгі мерекеміздің жан күйерлері экранға назар аударыңыздар! « Полиглот» (Жұмбақтың шешуінқазақ,орыс, ағылшын тілінде  айту )

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс,жүгірген аң – бәріне тең.

Адамзат,жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.(Жер,земля)

Қабат-қабат қаттама,

Қаттамадан аттама,

Ақылын оның ала бер,

Айтқан сөзін жаттада. (Кітап,книга)

ІІ  бөлім І жүргізуші:       Тіл –халықтың жаны, сәні,адамды мұратқа жетелейтін- ана тілі мен ата дәстүрі.Елімізде 130-дан астам

Ұлт өкілдері өмір сүріп келеді.Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі бар.

 

Өзге  ұлт өкіліне  …….. сөз берейік.Осы ұлт өкілінің   құрметіне «Ұлт өкілінің   биі»

 

(Ұлт өкілдерінің шығармашылық жұмыстарын тамашалау.

Тіл  тақырыбында  түрлі  ұлт  өкілдерінің  мәнерлеп оқуы.)

І жүргізуші:       Ән салса,айтса таң қаларсың,

Ән сөзін 99 қайталарсың

Осындай ән туғызған қазағымды,

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың,- деп                         кезекті әнге береміз

Ән айтылады:»Ақ көгершін»

ІІ жүргізуші:     Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің

Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен

сүйіспеншілігінің,  қазақ ұлты мен

тіліне деген құрметінің  куәсі боласыздар.

Орыс:  Мен орыспын,сыйлаймын қазақ ұлтын.

Қастерлеймін  тарихын,салт-дәстүрін.

Өйткені  мен өркендеп  осы жерде,

Топырағын қазақтың басып өстім.

Шешен:   Мен шешенмін,сүйемін  қазақ жерін,

Қазақ жері- ол менің туған жерім.

«Жолдас болсаң  қазақпен  адаспассың»

Деген  шешен мақалын  жаттап  өстім.

Неміс: Мен неміспін, сүйемін қазақ тілін,

Қаймағы бұзылмаған  таза тілін.

Қазақ  тілі лайық деп білем мен,

Болуға да ортақ тіл немістердің.

Қазақ: Мен қазақпын,иесімін кең даламның,

Талай жаудан бұл даланы қорғаған.

Өзгелердің басына күн туғанда,

Жат көрместен  құшақ жайып қарсы алғанмын.

 

«Өз елім» әні айтылады.

 

(Содан соң  қазақ отбасы  күй тартып,отбасымен дастархан басында отырады)

І жүргізуші:       Жайылған қазағымның дастарханы

Көгінде күмбірлеген асқар әні.

Құшағын кеңге жайған бұл халқымның

Бұйырған бар халыққа тұз бен дәмі.

(Сахнаға орыс отбасы келеді.)

 

Орыс: Амансыздар ма? Біз отбасымызбен бірге

осы жергеқоныс аударған болатынбыз.Қазірге барар

жеріміз болмай тұр.

 

Қазақ:Оу, сол да сөз болып па? Менің жерім-

сенің жерің.Менің үйім-сенің үйің.Төрлет кәне.

(Сахнаға кәріс отбасы келеді.)

Кәріс: Амансыздар ма? Біз отбасымызбен бірге

осы жергеқоныс аударған болатынбыз.Қазірге барар

жеріміз болмай тұр.Көмек бере аласыздар ма?

 

Қазақ:Оу, сол да сөз болып па? Қазақ халқы-қашаннан қонақжай халық.Төрлет кәне.

(Басқа да ұлт өкілдері сахнаға шығып, бір шаңырақ астына отырады.)

І жүргізуші:       Қазағымның кең пейіл дархандығы,

Кіршіксіз  таза көңіл,адалдығы.

Сыйдырып  өз  жеріне барлық ұлтты,

Бағасы көпшілікке өте құнды.

ІІ жүргізуші:    Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін  тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Термешілерді шақырайық ортаға

Ортаға қошаметпен  шақырамыз.

 

І жүргізуші:       Қазақстанда тұратын барлық ұлттар

Еліміздің ашық аспаны мен көк туының  астында

Бейбіт  өмір кешіп жатыр.

Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды.Бәріміз бейбітшілік  туын жоғары көтеріп,болашаққа нық қадам басайық.

 

ІІ жүргізуші:    Ел тарихы, жер тарихы-өзіміз

Болашақтың  қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

І жүргізуші:       Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөз соқпақ,өзі нәр- дегендей сөзді Тілдерді дамыту  жөніндегі  басқармасынан шақырылған  қонақтарға  берелік.

 

«Қонағыңнан  алтын алма,алғыс ал» дегендей

өзіңізден ақ бата тілейміз қазақ  отбасындағы  отырған ақсақалдан бата  сұраймыз.

 

ІІ жүргізуші:     Жүрек тербеп,оятар миды,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.

Музыка адамға тіл жетпес ләззат беріп,

Жан сезімін  оятып,ой санасын өсіреді. Кезекті әнге берейік.

 

(Басталардан бұрын елбасымыз Н.Назарбаевтың  сөзіне жазылған Б.Тілеухановтың «Елім менің» әні орындалып тұрады.)

Қорытынды 

Мұғалімнің  сөзі:Тіл—байлығымыз,тарихымыз, мәдениетіміз,      әдебиетіміз.          Тіл  біздің  ұлттық намысымыз,арымыз,қорытып айтсақ,барымыз.Тіл мерейі-ел мерейі.Ана тіліміздің  мерейі үстем  бола  берсін!

І жүргізуші:       «Тіл- ұлттың  ұлы игілігі» атты мерекемізді түйіндеу үшін  Сөзді  ұжымның  басшысына  беріледі (Қонақтарды,оқушыларды марапаттау)