Құмырсқаның өнері

 

 

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның  өнері
Сабақтың мақсаты : Мәтін  мазмұны  бойынша  негізгі  ойды  анықтай  білуге                   үйрену .  Мәтін  мазмұнына  жоспар  құруға  үйрену.

Күтілетін  нәтиже : Мәтін  мазмұны  бойынша  негізгі  ойды  түсінді . Мәтін  мазмұны  бойынша  жоспар құрып  үйренді.

Сабақтың  көрнекілігі: Құмырсқаның  суреті  , видеоролик

                     Сабақтың  барысы

І .Ұйымдастыру  кезеңі .5 мин

(интерактивті тақтада табиғат туралы слайд)

«Табиғатқа саяхат» әдісі бойынша топқа бөлемін

3лидер таңдаймын әркімге  сұрақ  қоямын

  1. кіммен саяхатқа шыққың келеді?
  2. сенің саяхаттағы ең сенімді досың

3.сырыңды кімге айтар едің

ІІ Үй жұмысын сұрау 5мин

Әр топтан жазып келген әңгімелерін оқып береді.

ІІІ. Жаңа сабақ 15мин

Ертегіні оқу

«Проблемамен саудалас» әдісі

1.Ертегіні оқиды

2 .  Жұптасады

3 . Әр жұпта  осы  мәселелер  талқыланады (мәтіннің  көмегі  арқылы)

4 . Осы  мәселені  жұпта  шешеді , сосын  топта  шешеді

5 . Әр жұп  өзінің  жанындағы  жұпқа  бірнеше  сұрақтар  жазады (проблемалық)

6 . Енді  сұрақтарға  жауап  беріп , ортақ идеяны бірігіп шешеді

ІҮ.Сергіту сәті

Видеоролик  «Құмырсқа туралы» 3мин

Ү.Топтық жұмыс 5мин

Әр топ мәтін мазмұны бойынша жоспар құрады  және дәлелдейді

ҮІ Қорытынды   Венн диаграммасы 5мин

Қарғаның  ұясы мен құмырсқаның илеуін салыстыр

ҮІІ Үйге тапсырма 1мин

«Құмырсқа»  сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

ҮІІІ Бағалау 3мин

Бағалау парақшалары арқылы оқушылардың жиынтық бағасын қою  Кері байланыс. (стикерлерге не ұнады, не ұнамады ). 2мин