Білім нұрын шашқан ұстаз.

Білім  нұрын шашқан  ұстаз.

Ұлылық пен дархандықтан тамыр тартқан дана халқымыз «білімдінің  мыңды жығатынын» ескертіп , «Оқу – білім азығы, білім- ырыс қазығы» деген тағлымға толы өсиет қалдырған.

Елбасымыздың «бәрі де  мектептен басталады»деп атап көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне  ден қойып, білім саласына  ерекше мән беріп отырғаны баршамызға белгілі.  Көш қатарынан қалмай , талай шәкірттің бойына сапалы білім мен саналы тәрбие беріп , ізгіліктің  нұрын  шашқан ұстаздардың бірі —  Жанат  Құралбекқызы. Кейіпкеріміз қазіргі таңда ОҚО, Сайрам ауданына қарасты Ақбай ауылындағы №28 «Ақбай» жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда.

«Емен бір орнында  көгереді»  демекші,өзінің ізденімпаздығымен, біліктілігімен,білімділігімен, еңбексүйгіштігімен, талапшылығымен ерекшелене білген Жанат бір мекемеде тапжылмай он үш жылдан бері еңбек етуде. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан- жақты  білімді өмір сүруге бейім, өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары , қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру  болса ,  маманымыз өз тарапынан  межелі мақсатты орындауда алдыңғы орындардан табылып жүр. Жоғарғы оқу орындары мен мектеп арасындағы ғылыми –әдістемелік байланысты нығайта отырып Жанат Құралбекқызының да игі еңбектері еленіп, бірнеше марапаттауға ие болған.Атап айтар болсақ:

2007 ж ұйымдастырылған  «Камалат -2007»  бас жүлдені ұтып алғаны үшін ,АБББ-нің мадақтамасымен марапатталды.

2011ж АБББ- нің ұйымдастыруымен өткен  «Білімді де , білікті ұстаз»  байқауына қатысып жүлделі ІІ- орын алғаны үшін марапатталды.

2011ж ОБАҰОИ тарапынан ұйымдастырылған  «Интербелсенді оқыту мен проблемалары» тақырыбындағы ғылыми конференцияға «Интербелсенді оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдалану заман талабы»  тақырыбындағы мақаласын ұсынып , марапатталды.

2013ж  «Өнерлі ұстаз» байқауына қатысып жүлделі ІІІ- орын иеленді.

ОБАҰОИ  біліктілігін арттыру барысында  «Ұстазға хат» шығармасын ұсынып, алғыс хатқа ие болды.2011ж

2013ж Кембридж бағдарламасы бойынша 3- деңгейлік курста білім алып, жаңа форматты мұғалім атанып сертификатталған.

2013ж  Кембридж тәсілі бойынша эсселер жинағына мақаласы жарияланды.

2014ж  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институт тарапынан ұйымдастырылған, «Байтанаев оқулары — 2 :  Ғылыми бағыттардың даму болашағы мен білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді өндіру жолдары» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып сертификат табыс етіліп, жинақта мақаласы жарық көрді.

2014ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ,АҚ филиалы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалыққызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» тарапынан жарияланған «Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» атты материалдар жинағына «Әбу Насыр-әл Фараби «Қашықтасың туған жер» өлеңі » тақырыбындағы ашық сабағы жарияланды. Дәл осы мекемеде өз алғырлығымен көзге түсіп еңбегі үшін марапатқа ие болды.

2015жылы АБББ- нің ұйымдастыруымен  «Жарқын болашақ» аудандық олимпиадасының  «Жас ғалымдар», «Жазушылар» , «Жас ғалым »конкурстарының жүлдегерлерін  дайындағаны үшін  марапатталды.

2015ж  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институт базасында «Қазақ хандығы- мәңгілік ел идеясы: тарихи тағлымы мен тағдыры» атты  Халықаралық  ғылыми- тәжірибелік конференцияға «Өзбек мектептеріндегі қазақ тілі сабағында Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін тиімді пайдалану»  тақырыбындағы мақаласын ұсынып қорғап шықты.

2015ж ұстаздарға арналған басылым редакциясы тарапынан ұйымдастырылған  «Білім жолы нұрлы жол  » топтамасына  «Жаңа әлемге -жаңашылдықпен қадам» тақырыбындағы мақаласын , шәкірті Дәрменова Ділбардың  «Ауыз  әдебиет үлгілеріндегі құмырсқа сюжеттері» атты зерттеу жұмысын жариялады.

Қазіргі ұстаз  еңбегінің сапасы тек күнделіктегі жақсы да үздік бағалардың санымен емес, түлектердің біліктілігімен, интелектуалдық қабілет деңгейімен өлшенеді.  Арнайы пән олимпиадасының резервтерімен жұмыс жоспарлы түрде жүргізіледі.Оның нәтижесі ретінде аудандық пәндік олимпиада жеңімпаздарын атап кетейік.Олар : АБББ- нің  тарапынан ұйымдастырылған  «Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан»  тақырыбындағы шығарма сайысында  Адхамова С ІІІ орын иемденсе 2011ж ,  АБББ –нің  тарапынан ұйымдастырылған  «Жарқын болашақ» аудандық олимпиадасының  «Сөз шеберлері » конкурсынан Алимходжаева Ш ІІ орын иемденсе 2011ж, АБББ –нің  тарапынан ұйымдастырылған  «Жарқын болашақ» аудандық олимпиадасының  « Жазушылар » конкурсынан Адхамова С сынды  шәкірттері жүлделі орындарды иемденген.2011ж, АБББ- нің ұйымдастыруымен  «Жарқын болашақ» аудандық олимпиядасының  «Жазушылар » конкурсынан Анарметова Тулейжан марапатталса, 2015ж, АБББ- нің ұйымдастыруымен  «Жарқын болашақ» аудандық олимпиядасының  «Жас ғалым  » конкурсынан  Дәрменова Ділбар жүлделі ІІ орын иемденіп ,2015ж, марапатталды.

КИО қашықтықтан  оқыту пәндік олимпиадасына оқушысы  Абдужаппарова Хуштари қазақ тілі пәні бойынша қатысты.

Мерзімді баспасөздерде ашық сабақ,мақалалары,өлеңдері , сыныптан тыс жұмыстары үздіксіз жарияланып тұрады.Атап айтар болсақ:   «Алтын ұя» республикалық  газетке «Қос батыры бар отбасы» тақырыбында мақаласы 2011ж, «Айғақ» республикалық газетіне  «Жарқын келешектің кепілі- білімді ұрпақ» тақырыбындағы мақаласы 2011ж, «Мәртөбе» аудандық газетте «Қиын ғой өмір деген, өмір деген.» тақырыбындағы 2011ж жарияланған мақалалардың авторы. «Алтын ұя» республикалық газетіне  «Б. Момышұлы » тақырыбындағы ашық сабағы 2012ж жарияланды.  Бұл біз тілге тиек еткен еңбектерінің бөлігі ғана .Осы еңбектерінің өзінің іздемпаздығының дәлелі іспеттес.

Алдағы уақытта білім шыңын бағындырған білікті маманға ,деніңіз сау болып шәкірт тәрбиелеуде қанатыңыз талмасын дегім  келеді.

«Өрлеу » біліктігін арттыру ұлттық орталығы АҚФ ОҚО ПҚБАИ ,  «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы   Садирмекова Н.