Көсемшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға көсемше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі сабақта «Көсемшенің жасалуы мен түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Көсемше етістік түбірлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік түлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

  • -а, -е, -й жүрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. дауыссыз
    дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты
    дыбысқа біткен етістікке -й жүрнағы жалғанады: жаз-а, күл-е, қара-й, т.б.
  • -ып, -іп, -п жүрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. дауыссыз дыбыстарға
    біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа
    біткен етістікке -п жұрнағы жалғанады: жаз-ып, күл-іп, сөйле-п, т.б.


3) -^алы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ү_яң дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -^алы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дауыссыздарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, т.б.

-а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі түлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 257-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көсемшелерді теріп жазып, түлғалық талдау жасаңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Қазақтың үлттық ойындарын атаңдар.

Келесі тапсырма: 258-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Көсемшелерді тауып, сүрақ қойып, сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар. Өздеріңнің немесе достарыңның бойынан ақындық қабілетті байқаған кездерің болды ма? Болса, өлеңдеріңді оқып беріңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 256-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мақал-
    мәтелдердің мазмұнына талдау жасаңдар. Құрамындағы етістіктің есімше, көсемше түрлерін
    тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып түрғанын және қалай түрленгенін
    айтыңдар.

Тексердім: