«Ой жүйрік» танымдық ойыны

 

 

Тақырыбы:   «Ой жүйрік» танымдық ойыны

 

Мақсаты: қазақ халқының ұлттық өнерін, мәдениетін, тарихын насихаттау;
тез ойлауға, тез ойлауға, шапшаң шешімге келуге үйрету;
бірлікке, татулыққа тәрбиелеу;

 

Ойын бағыттары:

  1. “Дұрыс-бұрыс”
  2. “Ой жарыс”
  3. “Танып ал”
  4. “Сенемін”

 

Қатысушы топтарды таныстыру:

І топ   “Білгірлер”

ІІ топ “Шабандоз”

ІІІ топ “Астана”

  1. «Дұрыс-бұрыс» бөлімі
Сөйлем

 

Дұрыс-бұрыс
1 ҚР 1991 жылы желтоқсан айында Тәуелсіздігін жариялады.  
2 Абай Құнанбайұлының шын есімі – Ибрагим  

 

3 Елбасы Назарбаевтың 2014 жылдың қараша айында Қазақстан халқына арнаған жолдауы «Қазақстан — Мәңгілік Ел» деп аталады.  
4 Қыс айлары: наурыз, сәуір, мамыр.  

 

5 ҚР-ның Гимні әнінің авторы Шәмші Қалдаяқов  

 

 

 

  1. «Ой жарыс» бөлімі. Дұрыс әрі тез жауап берулері керек.

1.Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер  (ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВ)

2.Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері  (ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ)

3.Атақты күйші,  Динаның ұстазы  (ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ)

4.Батыс Қазақстан облысының әкімі  (НҰРЛАН НОҒАЕВ)

5.ҚР-ның Премьер Министрі  (КӘРІМ МАСИМОВ)

6.Ұлы ағартушы, «Маса», «Қырық мысал» жинақтарының авторы   (АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ)

7.Алғашқы ұстаз  (ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН)

8.«Екінші Аристотель» атағын алған   (АБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ)

9.Шын аты Мәнсия, батыр қыз  (МӘНШҮК МАМЕТОВА)

10.Қазақтың снайпер қызы  (ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА)

11.«Тақиялы періштенің» анасы  (ӘМИНА ӨМІРЗАҚОВА)

12.Қазақ кино әлемінің майталманы, атында киностудия бар (ШӘКЕН АЙМАНОВ)

13.Қазақтың ақиық ақыны  (МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ)

14.Ұлы сазгер  (ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ)

15.Жайықтың ақ шағаласы  (АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА)

 

  1. «Танып ал» бөлімі

Бір топтан бір қатысушы қатысады. Екінші кісіге бір адамның суреті көрсетіледі, ол оны ауызша сипаттайды, бірақ атын атамайды. Екінші кісі оның кім екенін табуы қажет.

 

  1. «Сенемін» бөлімі

Бір топқа атақты адамдардың суреттері көрсетіледі, ішінде біреуі бұл топқа жатпайды. Сол адамды табу керек. Бірінші топ суреттерді қарағаннан кейін екінші топ таба ала ма, таба алмай ма соны айтады. Егерде екінші топ тапса сол топқа ұпай саны қосылады, таба алмаса бірінші топқа қосылады.

Мысалы:

Әбілхан Қастеев  (суретші)

Гулфайруз Ысмайлова (суретші)

Шәмші Қалдаяқов  (сазгер)

Топтардың барлық ұпай сандары есептеліп, қорытынды шығарылады.