Курстың жұмыс жоспары «CӨЗ ӨНЕРІ»

 

Курстың жұмыс жоспары «CӨЗ ӨНЕРІ» 

(курстың аты)

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

І Түсінік хат

 

Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 6 -сыныбына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Бағдарлама 34 сағатқа жасалған. Оқушылардың өзіндік-зерттеу жұмысын жетілдіру үшін, пәндік теориялық бөлімге 17 сағат, тәжірибелік (практикалық) жұмыстарға 17 сағат бөлінді. Апталық жүктеме – 2 сағат.

Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              

 

    ІІ Курстың мақсаты:

 

Курстың басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

  • Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
  • Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;
  • Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
  • Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.

 

 

 

 

 

 

ІІІ Курстың міндеттері:

 

  • оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
  • бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;
  • зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
  • жазушы шеберлігіне көз жеткізу;
  • әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;
  • оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.

 

 

 

 

 

                                      6 -сынып оқушыларына  арналған

 «Поэзия әлемі» курстық

жұмысының мазмұны

 

                                         Кіріспе (1 сағат)

Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

 

Махамбет поэзиясы (4 сағат)

Даланың дауылпаз ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолы. «Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай – Махамбет»,  «Махамбет Өтемісұлы»  т.б. өлеңдері. Махамбеттің туған жер туралы өлеңдері. Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары. Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері.

 

Абай поэзиясы (7 сағат)

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы. Ақын Абайдың  табиғат  лирикасы       . Ақынның азаматтық  лирикасы. Көңіл-күй  лирикасы. Саяси  лирика. Философиялық  лирика. Махаббат  лирикасы. Абайдың  поэмалары. Ақынның  аудармалары.

 

Шәкәрім поэзиясы (4 сағат)

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы      . Саяси-әлеуметтік лирика. Азаматтық  лирика. Махаббат лирикасы        . Философиялық  лирика.

 

Мұқағали поэзиясы (5 сағат)

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы. Саяси-әлеуметтік лирика. Азаматтық лирика. Махаббат лирикасы. Философиялық  лирика. Ақынның поэмалары.

 

Жерлес ақын Жұмекен Нәжімеденовтің  поэзиясы (6 сағат)

Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Туған жерге арнаған жырлары. Ақынның арнау өлеңдері. Табиғат лирикасы. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер.

 

Табылды поэзиясы (3 сағат)

Табылды Досымовтың өмірі мен шығармашылық жолы. Өлеңдері мен әндері.

 

Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу (4 сағат)

Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары. Жыл бойына танысқан ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыту сабақтары.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы

 

Сағат саны

 

Уақы

ты

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 
Кіріспе (1 сағат) 
1Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы1 З.Қабдолов.

«Сөз өнері»

 
Махамбет поэзиясы (4 сағат) 
2Даланың дауылпаз ақыны1

 

 «Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай – Махамбет»,  «Махамбет Өтемісұлы»  т.б. 
3«Соғыс» өлеңі1

 

  
4Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары1

 

  
5Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері1

 

  
Абай поэзиясы ( 7 сағат) 
6Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы1

 

 «Абай» журналы 
7Ақын Абайдың  табиғат  лирикасы1 «Абай». Шығармаларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар 
8«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»1  
9«Сегіз аяқ» өлеңі1  
10Махаббат  лирикасы1  
11Абайдың  поэмалары   1  
12Ақынның  аудармалары   1 
Шәкәрім поэзиясы (4 сағат) 
13Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы1

 

 «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық…» атты Ш.Құдайберді-ұлы шығармала-рын оқытуға арналған авторлық бағдарлама 
14Жастық туралы өлеңдері      1  
15«Анадан алғаш туғанда»      1  
16«Насихат» өлеңі      1  
Мұқағали поэзиясы (5 сағат) 
17Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы1

 

 М.Мақатаев. Толық шығармалар жинағы. 1,2,3,4 томдар

 

 

 

 
18«Қазақ жері»өлеңі      1  
19«Соғады жүрек» өлеңі      1  
20Махаббат лирикасы      1  
21Ақынның поэмалары1  
 

                            Жерлес ақын Жұмекен Нәжімеденовтың  поэзиясы (6 сағат)

 
22Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы1 Ж. Нәжімеденов

«Қазына»

Атырау ақын жазушыларының кітапханасы

24- кітап

 
23Туған жерге арнаған жырлары1  
24Ақынның арнау өлеңдері1  
25«Менің топырағым»1  
26«Ана тілі туралы сөз» өлеңі1  
27Ақын өлеңдеріне жазылған әндер1  
Табылды поэзиясы( 3 сағат) 
28Табылды Досымовтың өмірі мен шығармашылық жолы       1 Т. Досымов

«Жанарымның жарқылы»

 
29Табылды- қазақтың бард әншісі1  
30«Биіктік» өлеңі1  
Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу (4 сағат) 
31Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары4

 

 Х.Қожахметова «Мәнерлеп оқу», С.Тілешева «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ Курстың құрамы:

 

 

       6 «а» сынып

 

  1. Аманғалиева Дильназ
  2. Амангелдина Қарақат
  3. Губайдуллина Дильназ
  4. Дәулетқалиева Айдана
  5. Жедел Нұрай
  6. Жәнібек Дархан
  7. Қаламқалиева Перизат
  8. Маратқызы Ақбота
  9. Мұратова Назерке
  10. Нәсіпқалиева Диас

 

 

       6 «б» сынып

 

  1. Аманғалиева Аружан
  2. Калярова Сымбат
  3. Мақсот Мөлдір
  4. Мұханова Назерке
  5. Қабдирова Айша
  6. Болатова Дильяра
  7. Сәниева Назерке
  8. Қайыржанова Аяжан
  9. Қабдиров Саят
  10. Типов Алтынбек

 

 

 

 

 

 

 

                                    Ү Курстың есебі:

(оқу жылдарында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы, ұсыныстары, ескертулері)

 

ҮІ Аталған курс бойынша білім алған оқушы оқу жылының соңында күтілетін нәтиже:

  • Пэзияны оқуға ынтасы артады;
  • Мәнерлеп оқуға дағдыланады;
  • Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады;
  • Кез келген поэзиялық жанрға жан-жақты талдау жасай алады.

 

 

ҮІІ Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, 1991 ж.
  2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970 ж.
  3. Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. Алматы, 1974 ж.
  4. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж.
  5. Р.Сыздықова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1997 ж.
  6. Б.Кәрібаева. «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы».

Алматы, 1988 ж.

  1. Қ.Сыдыиқов. «Көркемдік өрнектер». Алматы, 1992 ж.
  2. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық…» атты Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын өз бетімен ізденіске бағыттап, қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқытуға арналған авторлық бағдарлама. 2011 ж.
  3. «Төлеген» электронды оқулығы.
  4. Х.Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». Алматы, 1982 ж.
  5. С.Тілешева. «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру». Алматы, 1984 ж.
  6. Ә.Нұрмаханова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1971 ж.
  7. Ә.Нұрмаханова. «Мәнерлеп оқу мәселелері». Алматы, 1976 ж.