«Әкеден – ақыл, анадан — мейір» (ұл балалардың әкелерімен кездесу кеші)

Тақырыбы: «Әкеден – ақыл, анадан — мейір»

(ұл балалардың әкелерімен кездесу кеші)

 

Мақсаты:Отбасы тәрбиесінде әкенің балаға тәрбиелік ықпалын арттыру;

Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала

тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі

заман  талабынан шығатынын дәлелдеу.

 

Қажетті заттар: ұлағатты сөздер, «сағат» суреті, үлестірмелі қағаздар, жапырақтар, «өмір ағашы», плакаттар, музыкалық әуен.

 

Өту барысы

 

  1. Жүргізушінің сөзі.

Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне аса бір сыни көзбен қараған. Бала оң – солын тани бастасымен ата – ананың, достарының, араласатын ортасына қарап жеке тұлға қалыптасады. Ананың аялы алақанымен қатар әкенің де бала тәрбиесіне аса зор ықыласпен, айырықша ынта – жігер мен ат салысу керек. «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» демекші ер бала әкесінің іс – әрекеті, мінез – құлқына қарап етіктей бастайды. Бүгін мектебімізде өткізіліп отырған «Әкеден – ақыл, анадан — мейір» атты дәстүрге айналған жылдағы әкелермен кездесу кешіне қош келдіңіздер.

  1. «Жунглидағы жаңбыр» жаттығу

Нұсқау: -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз). Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз). Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі). Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз). Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар). Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз). Тағы да нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді.

  1. Суретті тест

«Сіздің ойыңыз қайда бағытталған?» суретті тест.

    Суретті тесттер — өзіңді білу мүмкіндігі ғана емес, қандай да бір жаңалық, уақытты қызықты өткізу, жақсы демалудың бір түрі, теріс күйзелістен арылудың жолы болып табылады.

Сіздің алдыңызда тіктөртбұрыш, ортасы дөңгелекше диагоналдармен бөлінген. Тапсырма: сіз құстың суретін салуыңыз керек. Оны қай жерге салатыныңызды өзіңіз таңдайсыз.

Кілті:

1.Егер сіз құсты ортасындағы шеңбердің ішіне салсаңыз : онда сіздің ойларыңыз өзіңізге және өзіңіздің армандарыңыз бен қажеттілігіңізге бағытталған. Сізге керегі өзіңізді қуантатын және пайдасы тиетін істер. Өзгелердің ісімен керегі сізді қызықтырмайды.

  1. Егер сіз құсты сол жақтағы (1-4) секторға салсаңыз, онда сіздің жауапкершілігіңіз және тәрбиелігіңіз жоғары екенін, жақын адамдарыңыз үшін жанып-күйетініңізді, достарыңызды жолда қалдырмайтыныңызды көрсетеді. Сіз ескеретін жағдай: өзіңіздің болашағыңызды ойламайсыз, өткен өміріңізге кісенделіп қалғансыз.
  2. Егер сіз құсты жоғары секторға салсаңыз (1-2), онда сіздің ойларыңыз биікке және ұзаққа, түрлі-түсті армандарға бағытталған. Сізді жердегі істер қызықтырмайды, сізді барлық аспан әлемі қызықтырады.

4.Егер сіз құсты оң жақтағы секторға салсаңыз (2-3), сіз өз болашағыңызды ойлайсыз және қолдан келгеннің бәрін жасайсыз.

  1. Егер сіз құсты төменгі секторға салсаңыз (3-4) , онда сіздің барлық ойларыңыз шынайы, жердегі іс-әрекеттерге бағытталған. Сізді қолмен ұстап, дәмін татып, түс –түрін ашып көрмеген заттар қызықтырмайды. Сіз жерде нық тұрсыз.

6.Егер, сіз құсты шеңбер жасай отырып денесін осы барлық сектордың ішіне салсаңыз, онда сіз ертеңгі күніңізді ойлайсыз, өткеніңізді де ұмытпайсыз.

 

 

 

 

 

 

  1. Тренинг «Интервью»

Мақсаты: тренингке қатысушыларды бір-бірлерімен жақынырақ таныстыру, ұжымдастыру.

Сын түзелмей, мін түзелмейді, сондықтан әрдайым баласының игі істерімен жеткен табыстарын қолпаштап, шалыс басқан жері болса түзетіп, дұрыс бағыт – бағдар берсе, бала әкесін қажет кезде арқа сүйер тіреуіші, панасы екенін ұғынады.

Тренинг мазмұны:

Берілген қағазға төмендегі сұрақтарға өз жауаптарын жазады. Барлығы жазып болған соң, әрбір қатысушы айтып шығады.

  1. Балаңыздың сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
    2. Балаңыздың ізгі қасиеттері?
    3. Балаңыздың жаман қасиеттері?
    4. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба?
    5. Балаңыздың үйдегі тұрақты міндеттері не?
  2. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
  3. Балаңыз қырсығып тыңдамаса, немесе үндемей өз дегенін істесе, қандай шара қолданасыз, немесе қалай жазалайсыз?
  4. 8. Баланы мадақтаумен бұзып алуға бола ма?
  5. Сынып жетекші сіздің балаңыздың ұнамсыз мінез — құлқын анықтап айтып берді. Сіз қандай әрекет етесіз?
  6. Баламен сіздің қарым- қатынасыңыз қандай?
  7. Тренинг «Өмір сағаты»

Мақсаты: Ата-ана өміріндегі отбасы маңыздылығын анықтау.

Сағатқа өзіңіздің өміріңіздің басты оқиғаларын жазыңыз. Ол оқу, жұмыс, үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, және т.б. болуы мүмкін. Ірі оқиғаға түрлі түстер қолдана аласыз. Оқиға болған  жылды жазуды ұмытпаңыз.

  1. Миға шабул әдісі.

Әке қадірін түсінетін, ақылы терең ана болса, балаларын үнемі әкелерін сыйлауға, құрметтеуге, қарсы сөз айтпауға үйретеді. Егер ата – ана арасында берек – бірлік болса, сол шаңырақтың түтіні де түзу шығып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан жанұя болатыны сөзсіз. Осындай отбасында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, парасаты мен пайымы жарасқан ұл–қыздар дүниеге келеді.

«Отбасындағы әкенің рөлі» тақырыбына әкелер екі топ болып, жұмыстанады. Содан соң әр топ жұмыстарын қорғайды (айтып береді).

  1. Жаттығу «Өмір ағашы»

Әке мейірімін сезініп өскен жеткіншек ұрпақтың болашағыда жарқын болмақ. Сондықтан аяулы да абзал әкелер балаларыңызға әрдайым көңіл бөлуге, мейірім шапағаттарыңызбен қамқорлықтарыңызды көрсетуге тырысыңыздар. Тек сонда ғана елімізде шаңырағы биік, босағасы берік отбасылар саны толысар еді. себебі ана мен бала әрдайым абзал әкелері мен асыл жарларынан айырықша қамқорлықты, ерекше ілтипат сезімін күтеді.

Сіздердің алдарыңыздағы жапырақ — балаларыңыз, енді осы жапыраққа өзіңіздің балаңызға немесе отбасыңызға жылы тілектеріңізді жазасыз. Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

  1. Қорытынды

Дана халқымыз «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасының тәрбиесіне ерекше тоқталған. Сондықтан әкені отбасының асыраушысы, тірегі десек, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейтінін әсте естен шығармаған жөн. Сондықтан, мейілінше уақыт тауып, сәби кезінде түрлі ойындарды бірге ойнап, есейгенде баланың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып,  сырласар досы бола білсе нұр үстіне нұр болар еді.