Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Сабақтың максаты:

а) білімділік: оқушыларға етістік, оның түрлері, оның сөйлемдегі синтаксистік
қызметі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаггылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Етістік сөйлемде мынадай синтаксистік қызметтерді атқарады:

  1. Етістіктер жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сүлтан Бейбарыс биыл мектепке барды. Мен жүмысымды жалгастырудамын.

Есімше және түйық етістік атау септікте түрып, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Ізденген жетер мүратқа. Оқу—білім бұлағы.

  1. Есімше және түйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде түрып,
    сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Білгенге маржан, білмеске арзан. Біз
    енді жарысуға кірістік.
  2. Есімшелер және ілік септігіндегі түйық етістік сөйлемде анықтауыштың қызметін
    атқарады. Мысалы: Оқудың шегі жоқ. Ақыл—тозбайтын тон, білім-таусымайтын кен.
  3. Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін
    атқарады. Мысалы: Ол күлімсіреп қарады. Оны жеңу үшін күш керек.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 263-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Түйық етістіктерді тауып, олардың қандай сетіктерде түрғанын ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: Қалаған мәтіннен етістіктерді тауып, олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметін белгілеп, жазып шығыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


  1. Үйге тапсырма: қалаған шығармадан үзінді алып, сол үзідіден етістіктерді тауып, олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметінг жазып шығыңдар.