Буын үндестігі

 

Мерзімі:11.09.2015ж 
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі 
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың буын және тасымал туралы  түсініктерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс буынға  бөле білуге, дұрыс тасымалдай  білуге жағдай жасау. 
Күтілетін нәтиже: Дыбыстарды ажыратады, мысалдар келтіреді,танымдылық, есте сақтау қабілеттері дамиды.. 
Сабақтың әдісі:  «Миға шабуыл» әдісі, баяндау, диалог, талдау. 
УақытыМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекетіРесурстар, көрнекі құралдар 
3 мин. Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөлу

Сабақтың бағалау критериімен таныстыру.

Оқушылар оқу құралдарын дайындайды.

Өлең шумақтары арқылы ой сергітеді.

Кеспе суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар бағалау критерийімен танысады.

 

Кеспе қағаздар, бағалау парақшасы.

 

 

.

 
7 минІ.Білу:  «Миға шабуыл»: Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сөйлем  дегеніміз не?

ата?

Қосымшалар  дегеніміз не?

Буын үндестігі дегеніміз не?

Топтағы әр оқушы жеке- жеке жауап береді, өтілген материалдарды еске түсіреді.

Ауызша жұмыс.

Қосымша мәліметтерді тыңдайды.

Оқулық, плакат. 
10 минІІ.Түсіну

Оқулықпен жұмыс, ережемен таныстыру.

 

Тілімізде буын үндестігіне бағынбайтын мынандай қосымшалар бар: -мен, -пен,-бен: қаламмен, аспен.-қор, еңбекқор, -кер, талапкер, -гер, мұрагер-нікі Алматінікі.

Оқушылар ережені біледі, мысалдар келтіреді.Оқулық 
15 минІІІ. Қолдану. «Сынақтан өткізу»

1-2 жаттығуды орындау.

Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

 

 

Сергіту жаттығуы.

Жұптық  жұмыс.

Жұбымен тапсырманы орындайды, жұмыстарын қорғайды.

Сөйлем мүшелеріне талдап, түсіндіреді.

Оқушылар өлең шумақтары арқылы сергіту жаттығуын жасайды.

А4 пішіндегі қағазға жазылған мәтіндер

 

 

 

 

 

ноутбук

 
5 минІV.Талдау

5-жаттығуды жазу.Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда

«Айсберг»,   «Бермуд үшбұрышы» туралы не білеміз?

Оқушылар сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады, жаттығуды орындайды.

 

Тапсырманы орындайды

Суреттер,кеспе қағаздар. 
3 минV. Жинақтау.

Үй тапсырмасына дайындық жасау мақсатында 5 тапсырманы ауызша орындап, үйге жазбаша беру, сауатты жазу дағдысын бақылау.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Жаңа сөздерді қайталап, пысықтау.

 

Оқулық

 

Түрлі-түсті суреттер.

 

 

 

 

 

 
2 минVІ.Бағалау.

Формативті бағалау

Жиынтық бағалау

 

Рефлекция.

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді

Үйге тапсырма: Үйге: 5 тапсырма, ауызша.Келесі тақырыпқа ізденіс

 

Бірін- бірі, өзін-өзі бағалау.

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 

Сабақты білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жабыстырады

 

 

 

 

Стикер