Сын жүмысы. Көктемгі жылғалар.

Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.

Көктемгі жылғалар. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сау
аттылыққа баулу мақсатында сын жұмысын жүргізу.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

 Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жұмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жұмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жұмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 115 сөзден тұрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін.

Көктемгі жылғалар

Тағы да көктем шықты. Төңірек көктемнің жылы шуағына малынды.

Күн жылысымен-ақ Тәттібек атасына ұқсап, тамның күншуақ бетін сыпырып тазалады. Содан соң алаша, көрпешелер төсеп, бір-бірлеп інілерін алып шықты.

Күн қызған сайын қар астынан жылтырап аққан жылғалар молайып, Тәттібектің ылдиға қарай жасаған арнасына сыймай, жайылып кетті. «Бұл да бір жағынан қабаттасып…» — деп күңкілдеп Тәттібек атасының кетпенін қолына ұстады.

Анда-мұнда жүгіріп, жайылған суларды қайтадан арнаға салды. Өзі кәдімгідей шаршап, терлеп кетті. Терін сүртіп тұрып, көрші үй жаққа қарап еді, Зибаш кемпір ұршығын жерге тірей ұстап, бұдан көзін алмай қарап отыр екен.

Кемпірдің өзіне ұзақ қарап отырғаны балаға қатты ұнады. Сөйтсе де өз-өзінен қысылғандай болып, бұрылып інілеріне, ағып жатқан көктемгі жылғаларға қарады. (Т.Нүрмагамбетов 115 сөз).

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Сын жұмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Алғашқы қарлығаш» тақырыбында шығарма жазып келу.


Күн жылысымен-ақ Тәттібек атасына үқсап, тамның күншуақ бетін сыпырып тазалады. Содан соң алаша, көрпешелер төсеп, бір-бірлеп інілерін алып шықты.

Күн қызған сайын қар астынан жылтырап аккан жылғалар молайып, Тәттібектің ылдиға қарай жасаған арнасына сыймай, жайылып кетті. «Бү_л да бір жағынан қабаттасып…» — деп күңкілдеп Тәттібек атасының кетпенін қолына үстай беріп.

Анда-мүнда жүгіріп, жайылған суларды қайтадан арнага салды. Өзі кәдімгідей шаршап, терлеп кетті. Терін сүртіп түрып, көрші үй жаққа қарап еді, Зибаш кемпір ұршығын жерге тірей үстап, бүдан көзін алмай карап отыр екен.

Кемпірдің өзіне үзақ қарап отырғаны балаға катты үнады. Сөйтсе де өз-өзінен қысылғандай болып, бұрылып інілеріне, ағып жатқан көктемгі жылғаларға қарады. (Т.Нүрмагамбетов 115 сөз).

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқыльг жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Сын жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Алғашқа қарлығаш» тақырыбында шығарма жазып келу.

Тексердім: