Сауысқан мен көкек. Ертегі

 

Сабақтың тақырыбыСауысқан мен көкек.  Ертегі.
Мақсаты:Ертегінің мазмұнын түсіне отырып, идеясын ашу. Кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы оқиғаны өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер: Өз бетімен қорытынды шығара білуге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер:  Сұрақ, жауап, мысалдар келтіріп оқыту.
Керекті жабдықтар: Сауысқан мен көкектің суреті, мақал мәтелдер топтамасы.
Сабақтың типі.Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы.

Сабақ кезеңдері.Уақыт.Мұғалім әрекеті.Оқушы әрекеті.
Ұйымдастыру:1 мин.Психологиялық дайындық жасау.

Сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылар тынышталып, сабаққа зейіндерін аударады.

Оқушылар кітап дәптерлерін дайындап қояды.

Мақсат қою кезеңі2 минЕртегінің мазмұнын түсіне отырып, идеясын ашу. Кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы оқиғаны өмірмен байланыстыра білуге үйрету. Оқушылар тыңдайды.
Жаңа сабақты түсіндіру.

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минЖұмбақтардың шешуін тап:

 

Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң

Қыпылықтап жүргені.               (сауысқан)

 

Секектеп бір тұрмайды,

Сөреден құрт ұрлайды.           (сауысқан)

 

Жем көрсе

шықылықтап қалтаңдайды,

Сескенсе,

жыпылықтап қалтаңдайды.   (сауысқан)

Бір-ақ сөз біледі,

Өз аты онысы.

Соны айтып жүреді,

Және жоқ қонысы.                  (көкек)

 

Қулығын асыратын,

Жұмыртқасын өзі баспай,

Басқа ұяға жасыратын,

Өзін-өзі әйгілейтін,

Қандай құс,

Оңайға бас ұратын?              (көкек)

 

 

Оқушылар  жұмбақтарды шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Керек дерек.

 

 Он екі айдың біреуі

Сірә соның атында.

Өзге ұяға із тастап,

«Мен» деп жар сап жүреді.     (көкек)

 

Талдың басында,

Жемі бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.            (құс ұясы)

 

Жұмбақтардың шешуін тауып, суреттері арқылы құстарға сипаттама беру.

 

ü  Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.

ü  Көкек жыл құсы, көктемде жылы жақтан біздің республикамызға ұшып келеді

ü  Көкектер ормандағы зиянкестермен қоректеніп пайда келтіреді.

ü  Сауысқан да құрт- құмырсқа жеп күнелтеді.

ü  Сауысқан қыстап қалатын құс.

ü  Сауысқан өте сақ құс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сауысқан мен көкек туралы білгендерін тез айтып шығады

Сергіту сәті2 мин 

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық.

(қолды жаю,қағу,ұшу)

 

Оқушылар қайталап  айтып, қимыл жасап отырады.
Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі:

 Мағынаны тану.

3мин 

ü  Ертегідегі сауысқан мен көкек ұқсай  ма екен?

ü  Ұя салу шын мінінде қиын жұмыс па?

ü  Ертегідегі негізгі ой не болып тұр?

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Бекіту кезеңі

Ойтолғау.

13 мин
Басты кейіпкерлерМекендейдіПайдасыҚандай сабақ алдың?
Сауысқан   
Көкек   
 Оқушылар кестені толтырады.
Қорытынды

Оқулықпен жұмыс.

6 мин  Ертегі кейіпкерлері бойынша талдау жасау. Табиғат байлықтарын қорғау – азаматтық борыш. Сондықтан қоршаған ортаның бір тасы, ұшқан құсы, жүгірген аңы – біздің байлығымыз. Сауысқан мен көкектің де қоршаған ортаға келтірер пайдасы бар. Ағаштарды түрлі зиянкестерден қорғайды.

 

 

Ертегі бойынша талдау жасау. Оқушылар табиғат жөнінде, қоршаған орта жөнінде білгендерін айтады.
Үйге тапсырма1 минБет-145,  ертегіні  оқу, мазмұндау.Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Тапсырмаларға  толық жауап беруіне қарай бағаланады.Оқушылар бірін – бірі жұптық тәсілмен бағалайды.