Отбасы бюджетінің негіздері.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Отбасы бюджетінің негіздері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй экономикасы жайлы салдыстырмалы  түсінік беру.Отбасы бюджетін дұрыс ұйымдастыруды,кіріс және шығыс көзін есептеуді үйрету,жоспарлауға,іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:топтармен жұмыс,белсенді оқыту тәсілдері

Сабақтың көрнекілігі:бүктемелер,интерактивті тақта,кестелер,тест топшамалар ,жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс:математика,қазақ тілі.

1)Жалпы сұрақтар

1)Бюджет дегеніміз не? Отбасы бюджетінің түрлерін ата

Отбасы шығыны дегеніміз не? Отбасы кірісі дегеніміз не?

2)Презентациялар

1-топОтбасы бюджеті

2-топ Табыстарды басқару

3-топ Шығындарды басқару

4-топ Қаржылық жоспар

3)Отбасы бюджеті үлгілерін талдау

4 адамнан тұратын отбасы .Ері мен зайыбы 2 баласы бар.Балалардың бірі мектепке,бірі балабақшаға барады.Отбасы 2 бөлмелі жеке меншік пәтерде тұрады.Мектеп пен балабақша үй аумағында.Ал жұмысқа қоғамдық көлікпен барылады.Отбасы бюджеті төмендегідей жоспарланған.

Кірістер Шығыстар
Ер адам жалақысы  70000

Әйел адам жалақысы  60000

Азық-түлік  -50000

Коммуналдық қызмет- 10000

Балабақша төлемі-7000

Жолақы-6000

Тұрмыстық заттар-3000

Несие -20000

Жұмыс орнында түстену-10000

Күтпеген шығындар-10000

Қорытынды:  

2 адамнан тұратын жас отбасының бюджеті.Жұбайлар жұмыс жасайды.Жұмыстарына жаяу барады.Өздерінің жеке пәтерлері болмағандықтан ,пәтер жалдайды.Төмендегідей түрде отбасы бюджеті жоспарланған.

 

Кірістер Шығыстар
Ер адам жалақысы  50000

Әйел адам жалақысы  40000

Азық-түлік  -25000

Пәтерді жалдау- 35000

Тұрмыстық заттар-2000

Демалыс-3000

Киім-25000

 

 

Қорытынды:  

 

3 адамнан тұратын отбасы .Отбасында ерлі-зайыптылар мен 1 бала бар. Отбасы  жеке меншік шағын пәтерде тұрады.Жаңа үлкен пәтер алу үшін ай сайын 70000 тенге ақшаны кіріс қорына салып қояды.Отбасы бюджеті төмендегідей жоспарланған.

 

Кірістер Шығыстар
Ер адам жалақысы  -120000

Әйел адам жалақысы  -80000

Қосымша табыс-20000

Азық-түлік  -40000

Коммуналдық қызмет- 10000

Көлік-5000

Тұрмыстық заттар-5000

Киім-25000

Демалыс-5000

Несие -20000

Балабақша-8000

 

Қорытынды:  

 

5 адамнан тұратын отбасы .Ерлі-зайыптылардың 3 баласы бар.Балалардың екеуі мектепке,бірі балабақшаға барады.Отбасы 3 бөлмелі жеке меншік пәтерде тұрады.Мектеп пен балабақша үй аумағында.Жеке көліктері бар.Отбасы бюджеті төмендегідей жоспарланған.

 

 

 

 

 

Кірістер Шығыстар
Ер адам жалақысы  100000

Әйел адам жалақысы  50000

 

Азық-түлік  -60000

Коммуналдық қызмет- 15000

Балабақша төлемі-7000

Көлік-10000

Тұрмыстық заттар-5000

Несие -30000

Демалыс-5000

Киім-30000

 

 

Қорытынды:  

 

5)Табыстар мен шығындарға жікте:

Инвестиция

Депозит

Сыйақы

Несиелер

Байланыс

Ойын-сауық

Сыйлықтар алу

Көлік

6)Терминдермен жұмыс

Активтер —  иеліктегі  барлық мүліктер

Міндеттеме — өтелуі тиіс қарыз немесе берешек

Баланс-  отбасы бюджетіндегі шығын мен кірістің тепе-теңдігі

Ақша– кез-келген тауардың құнын өлшейтін балама құрал

Инфляция – ақшаның  құнсызданып, тауар бағасының өсуі

Депозит – коммерциялық банктерге пайыздық үстем алу мақсатында салынған ақша

Несие – қайтарып беру және өсім төлеу негізінде ақша немесе тауарды беру

Бағалы қағаз – сатып алған иесіне кәсіпорындар табысының белгілі бөлігін алуға құық беретін құжат

7)Тест жұмысы.

8)Отбасылық бюджетті жүргізу құпиялары(кеңес алмасу)

9)Үйге тапсырма Ой-толғау

  • Ақша ашпайтын құлып жоқ
  • Ақша кетуге тырысады,есеп ұстауға тырысады
  • Ақша тиыннан ,жылқы құлыннан өседі
  • Ақша базарда бағал

10).Қорытындылау.