Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

 

 

Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Мақсаты:

                     а) Оқушыларды  бизнесті ұйымдастыру түрлерімен таныстыру,кәсіпкерліктің артықшылығы, кемшілігін нақтылау. Логикалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы оқушылардың ой -қабілетін дамыту,кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру.

Түрі: аралас

Әдісі: СТО,АКТ,диалогтік оқыту,топтармен жұмыс.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.       

Негізі терминдерді еске түсіру.    

Бизнес — пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет пен кәсіпкерлік.

Кәсіпкер-пайда алу мақсатында жауапкершілікпен жұмыс істейтін адам.

Фирма-тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруші ұйым.

Жеке меншік- бұл нақты адам немесе адамдар тобының иелік ету құқы бар меншігі.

 Негізгі бөлім.

— Бизнес ұйымдастырудың қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушылар пікірін тыңдау

Бизнесті ұйымдастыру түрлері.

 

 

 

Жеке кәсіпкерлік

Серіктестік            Акционерлік қоғам

Өндіріс факторы
Кәсіпкер
Кәсіпорын,

фирма

 

 

 

Ең қарапайым қымбат емес барлық адамның қолы жететін түрі. Сіз кәсіпкерсіз, қандай кәсіп түрімен айналысасыз?

Жеке кәсіпкерліктің қандай пайдалылығы (артықшылығы) зияндылығы (кемшілігі) бар?

Оқушылар өз ойларын постерге  маркермен бейнелеу.

Әр топ өз бизнесін таныстырады.Жеке дәріхана,, емхана, азық-түлік дүкені,  киім дүкені, кітаптар дүкені, асхана, т.б.

1-топ.

Эрудит ойыны:

К—кәсіпорын, кәсіп.

Ә—әлемдік рынок.

С—сауда, сыртқы сауды.

І—ішкі сауда.

П—пайда.

К—квота, кеден.

Е—еңбекті болу, еңбек.

Р—ресурстар, рынок

2-топ

Бизнесті ұйымдастыру формаларын сәйкесінше дұрыс тап.

1.Шектелмеген жауапкершілік                                    6.Акцияның болуы

2.Ең қарапайым бизнесті ұйымдастыру формасы    7.Директорлар кеңесінің болуы

3.Иесі әрқашан басшы болады.                                  8.Ұйымдастыру күрделі

4.Жанжалдар болу мүмкіндігі бар                             9.қосымша қаржы тарту мүмкіндігі бар

5.Барлық пайда иесіне кетеді.                                    10. қаржы тарту шектеулілігі

3-топ

Кестені толтыр

  Кәсіпкерліктің артықшылықтарыКәсіпкерліктің кемшіліктері
Адам өзі басқарады

Өз ойын жүзеге асырады

Шығармашылық мүмкіндік

Шектеусіз табыс

Тәуелсіздік

Талаптану

Жағдайды бақылау

Бұйрықтар беру

Жұмыс күнінің тәртібі белгіленбеген

Үлкен жауапкершілік

Тәуекелге бару

Табыс тұрақсыздығы

Қаржымен жұмыс

Үнемі оқу,ізденіс

Жұмысты ешкімге тапсыра алмау

Қағазбен жұмыс

 

 

 

 

 

 

4-топ

Кәсіпкерге тән қасиеттер:

 

Жоғары еңбек қабілеттілігі

•      Өз күшіне сенімділік

•      Өз болашағын өз қолымен тұрғызу

•      Табыс табуға бағытталу

•      Табандылық

•      Сәтсіздікті жеңе білу

•      Кері байланысты пайдалана білу

 

•      Кері байланысты пайдалана білу

•      Ұйтқы бола білу

•      Тыңдай білу

•      Сенімділік

•      Адалдық

•      Тәуекелшілдік

 

 

Шығрмашылық тапсырма

Барлық топтарға беріледі.

 

Ешқандай дымқылданбайтын,жыртылмайтын,дақ болмайтын мата ойлап таптыңыз делік.Төмендегі кестедегі кәсіпорындардың  қайсысына  бұл жағдай оң әсер етті(пайда әкелді),қайсысына кері ықпалы болады.

 

3.Кір жуатын машина шығаратын зауыт
4.Парашют өндіретін шеберхана+
5.Жұмсақ жихаз тарттыратын фирма+
6.Химиялық тазалау
7.Кір жуатын жер
8.Киім тігетін ателье+
9.Судан қорғағыш киім шығаратын фабрика+

 

Қорытынды.