«Қызғалдақтар»

Білім беру  саласы: «Шығармашылық»
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет бөлімі: «Сурет салу»
Тақырыбы: «Қызғалдақтар»
Мақсаты:Балаларды әдемілікті ,әсемдікті сезіне білуге баулу. Ой-өрісін ,қиялын дамыту.Қағаз бетіне жапсыру ,бояу,бастыру жұмыстарын өз  бетімен  орындай білуге  дағдыландыру, шығармашылық қабілетін   арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: Слайд,баяу әуендә күй табақ,ақ қағаз,сүлгі, қағаз картон, қиылған үлгілер, желім, қылқалам, моншақтар түрлі-түсті,ермексаз,қарындаш.                                                  Қолданылатын көрнекі құралдар:Көктемгі гүлдердің суреттері.  Қызғалдақтың үлгілері.                                                                                  Алдын-ала жүргізілген жұмыс:Қызғалдақ туралы тақпақтар жаттату,ермексазды  дөңгелектеп дайындау.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Билингвалды компонент:Қызғалдақ-тюльпан,көктем-весна.
Сөздік жұмыс:Қызғалдақтар.

Оқу                                      іс-әрекет        кезеңі 

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

 

Балалардың                            іс-әрекеттері

 

Мотивациялық-қозғаушы

                                                                                              Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Кәнекей ,балалар,  қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

 

Жарайсыңдар, балалар!

-Сәлеметсіздерме!

 

Аман отан-панамыз,

Аман ата-анамыз,

Қайырлы таң,балалар !

Қайырлы таң ,апайлар!

 

Ұйымдастырушы-ізденуші

 

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Дұрыс айтасыңдар ,балалар.Көктемде күн жылынып ,құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарып,гүлдер шығады екен. Олай болса балалар , теледидарға назар аударыңдар.

Балалар сендер бейне баяннан не көрдіңдер?

 

Билингвалды компонент:Қызғалдақ-тюльпан,көктем-весна.

 

Жарайсыңдар,балалар!

Ғажайып сәт:

Қызғалдақ әуенмен  топқа кіреді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мені таныдыңдарма?

 

 

— Көктем

-Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарып, жапырақ шығады, гүлдер шығады, жәндіктер, аңдар, оянады.

 

-Қызғалдақ гүлін.

Қайталайды: Қызғалдақ-тюльпан,көктем-весна

 

-Сәлеметсіз бе!

-Иә,көктемнің алғашқы гүлі қызғалдақ

 

 

Ұйымдастырушы-ізденуші

 

Мен сендердің мен туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім.

Иә,қызғалдақ .Біз  сіз   туралы бейне баянды  да , тамашаладық.

Қандай керемет гүл!

-Иә рахмет…

Қызғалдақ  біздің балалар сізді бейнелеп , жапсырып,мүсіндеп жұмыс жасағылары келіп отыр.

-Ой,балалар мен қуана қуана келісемін.Бірақ жұмыстарыңды ұқыпты жасаңдар,жарайма?

Олай болса көктем ,біздің балалардың қасына жайғасып,біздің балалардың жұмыстарын бақылаңыз.

Балалар ,бізге бүгін қонаққа келген көктем мезгілінің алғашқы гүлдерінің бірі қызғалдақ гүлін  әр түрлі жолмен бейнелейміз.Сендер жұмыстарыңа кіріпес бұрын  топқа бөлінген түстер арқылы ,өз топтарыңа жайғасып алыңдар.

Олай болса, балалар біз енді жұмысымызды бастаймыз.

Бірінші Қызыл түсті -Мүсіндеу;

Екінші Сары түсті-Жапсыру;

Үшінші Жасыл түсті-Бейнелеу орталығы болып бөлінеді.

 Әр топтың жұмыс ережелері түсіндіріледі:

 

Мүсіндеу орталығы: ермексазбен қарама-қарсы бетіне қызғалдақты мүсіндейді.

 

Бейнелеу орталығы:Дайын қиылған қызғалдақты қағаз бетіне бастырып, қарындашпен бояу жұмысын жасайды.

 

Жапсыру орталығы:Қағаз бетіне салынған қызғалдақтың  бейнесін моншақтар арқылы әсемдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша өз топтарына жайғасады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмыстарын қызыға жасай

 

 

 

Ұйымдастырушы-ізденуші

 

Балалар жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін және тазалықты ,ұқыптылықты сақтаңдар.

Кәнекей, балалар ,қолдарың шаршаған болар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасап жіберейік.

 

Сергіту сәті:

Қызыл гүлдер қызғалдақ,

Желмен бірге қозғалар.

Нұрын төккен күн көзі,

Өсе берші ырғала.

 

Жарайсыңдар, балалар серігіп қалсаңдар, жұмысымызды қайта жалғастырамыз.

 

 

Балалар жұмыстарыңды аяқтасаңдар көктемге көрсетіп ,Қызғалдақты шығарып салайық.

Рахмет ,балалар сендерге ,қандай өнерлісіңдер!Мен қайтайын.Менің баратын басқада балабақшаларым бар.

Сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең жолдарын қимылдар арқылы жасайды.

 

 

 

 

Орындарына отырып , жұмыстарын жалғастырады.

 

Балалар жұмыстарын қызғалдаққа көрсетеді.

 

 

 

Балалар қызғалдапен қоштасады.

 

Рефлексиялық түзетушілік

 

Балалардың жұмысын бағалау.Жақсы жасаған баланы мадақтау.

-Бүгін біз нені бейнеледік?

 

Балалар сендерге қай жұмыс ұнады?

 

 

-Қызғалдақтар

Балалар көрмеге қойылған жұмыстарды аралап көріп ,өздеріне ұнаған жұмыстарды айтады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Қызғалдақтың бейнесін ,түрлі бағытта бейнелеуді;

Игереді:Түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын  жетілдіруді;

Меңгереді:Шыдамдылықпен еңбек етуді.