« Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

Тақырыбы: « Өлкенің гүл жайнаған балғындары»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі — түсті шарлар,

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата — аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1 — Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.

Ән « Әрқашан күн сөнбесін»
Сайқымазақтардың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.

Тақпақтар:
Ақ
сәуле:                                                                                                                                                     Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Дильназ:                                                                                                                                                    Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Каусар:                                                                                                                                                                Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бейбарыс:                                                                                                                                               Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.

Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! — дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.

Ойын: «Тиын тастамақ»
Мұнда берілген сауалдарға жауап бере отырып, балаларыңызды таныстырып бересіздер.
Дұрыс, ата — аналар бір сәт болса да бала болып, өткенге көз жүгіртіп балалықты меңгердік десек те болады.
Би «Джунгли»

Жүргізуші:

Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән « Көңілді күн» (Нұрай,Ақсәуле,Дильназ,Үміт)

Сайқымазақ:Жарайсыңдар, қыздар ! Қандай керемет әншілер мыналар.

Тақпақтар:

Сержан:
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.

Жанерке:
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Назерке:
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Арман:
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

 

Би :»Жігіттер»

 

 

Жүргізуші:Қане балалар жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық.

Ән:«Ағайынбыз бәріміз»

Жүргізуші:
Балалар мен сендердің жақсы сурет салатындарыңды білемін. Сондықтан бір сәт бәрің суретші болыңдар. Жерге түрлі — түсті борлармен әдемі де әсем сурет салыңдар
Жүргізуші: Осымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік іс — шарамыз аяқталды.