«Кім жүйрік?» сайысы

Тақырыбы: «Кім жүйрік?» сайысы

Мақсаты:

Білімділік: студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау.

Дамытушылық: колледж студенттерінің сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуді, достық қарым-қатынасты нығайту.

 

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын элементтері

Көрнекілік: үлестермелер, суреттер, кесте сызылған плакат.

Пәнаралық байланыс: география, математика, қазақ тілі мен әдебиеті,

 

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі: студенттерді  теңдей екі топқа бөлемін.

 

-ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін түсіндіремін, ойынға түгел студенттердің қатысуын қамтамаз етемін.

 

Ойнамайтын бала жоқ.

Ойынға қызықпайтын адам жоқ.

Көңіл көтермейтін адам, сауық құрмайтын халық жоқ.

Үлкен де, кіші де ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістіктен қанағат табады. Ал ендіше, бізде бәріміз ойын ойнап көңілімізді көтерейік.

 

Сайыс 8 кезеңнен тұрады:

  1. Нақыл сөздердің авторларын табу
  2. 4 әріптен құрастырылған сөздерді анықтау
  3. Мақал –мәтелдердің сыңарын табу
  4. Математикалық ойын
  5. Логикалық лабиринт
  6. Сөзді тап
  7. Сөздерді дұрыс ретпен орналыстыр
  8. Крестиктер –ноликтер

ІІ Барысы:

  • Нақыл сөздердің авторларын табу. Топтарға карточкалар беріледі.
  • Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.- Жұбан Молдағалиев.

 

  • «Жаудан қорқпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейып жүр.Біріншіден, балаларын бөлемеген, бесігі жоқ әйелден қорқам. Екіншіден , немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқам, үшіншіден, әдемі дәстүр сыйламаған балалар көбейып келеді. Оның қолына қылыш берсе кімді де болса шауып тастауға әзір. Үреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке жоқ.»- Кенес Одағының батыры Бауыржан Момыш-ұлы.

Әр дұрыс жауап — 1ұпай.

  • Топтың мүшесіне 2 әріптен беріледі. Әріптердің бірі алдына, бірі арқасына ілінген. 4 әріптен құрастырылған сөздерді анықтау.


І топтын сұрақтары: Р-Е, К-Н, Е-Ә, І-Д.

  1. Ілгері сөзінің антонимі- кері.
  2. …..сыпыру- еден.
  3. Пән … шынықтыру- дене.
  4. «Ти десем тимейді, тиме десем тиеді »- ерін.
  5. … жабысты- кене.
  6. Жас жұбайлар… – неке.
  7. Жігер сөзінің синонимі – ерік.
  8. Жас сөзінің антонимі- кәрі.
  9. Жатыс септігінің сұрағы кімде?…-неде?
  10. … –дәрмек – дәрі.

ІІ топтын сұрақтары: С-Қ, А-Ы, Р-О, Ш-А.

  1. Айтыскерлер Біржан …-Сара
  2. Көмірдің түсі – қара
  3. Қазан …- ошақ
  4. Жаңа туған бала – қызыл шақа (шақалақ)
  5. Мал …- қора
  6. Өткізілетін іс….-шара
  7. Сусын – сыра
  8. Көмек – асар
  9. Семіз сөзінің антонимі- арық
  10. Егін ору үшін керек – орақ


Әр дұрыс табылған сөз- 1 ұпай

  • Мақал –мәтелдердің сыңарын табу:

 

1.«Берекені көктен тілеме…..»                  Егін екпесең, жерге өкпелеме.

 

  1. «Еңбек адамды бүтіндейді,…. Тәртіпсіз ер болмайды.

 

 

  1. «Жақсы болар жігіттің жұмыссыз Бірлігі мол көптен тіле.

жүрген күні жоқ, »

 

  1. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Жаман болар жігіттің еш жұмысқа

қыры жоқ.

 

  1. «Еңбек етпесең, елге өкпелеме,» Жалқаулық адамды түртіп жейді.

 

 

  1. «Білімді өлсе қағазда аты қалар,» Абысын тату болса-ас көп.

 

  1. «Еңбек түбі-береке» Желке ас болмайды.

 

  1. «Көре тұра айтпасаң, көргенсіз дер,» Ұста өлсе, істеген заты қалар.

 

  1. «Ағайын тату болса- ат көп,» Көптің түбі- мереке.

 

5.«Жиен ел блмайды,»                                 Біле тұра айтпасаң жетесіз дер.

 

Мақал –мәтелдердің сыңарын жылдам және дұрыс  тапқан топқа- 1ұпай.

 

  • Математикалық ойын — ержігітке байланысты мақалды табу: «Болатын жігіт епшіл, болмайтын жігіт кекшіл.»

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9
2 Б К     О   І А
3     Ы     Н    
4 Е Т   Ш Е     І
5     Л     Й К  
6   Ж   П Ж     Г
7 А           І  
8     І Т   Г    
9 О Т     М     Л
  1. 22+62+45+27+34+43+73
  2. 36+82+96+87+39
  3. 64+56+54+94+45
  4. 22+29+99+69+27+75+34+43+73
  5. 66+94+78+82+58
  6. 32+24+85+54+87+99.

Бірінші шығарған топқа -1 ұпай.

 

  • Логикалық лабиринт

І топ

  • Бөлменің төрт бұрырышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықын алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?( 4 мысық.)
  • Қазақта қолданылатын ұзындық өлшеуіштерін ата? (Шынтақ, елі, сынақ сүйем, құлаш, табан, қадам.)
  • Астана сөзінің әріптер санының кубын тап;
  • Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой. (17)

ІІ топ

  • Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?( 6бала.)
  • Бір цифрын төрт рет пайданалып, ең үлкен санды жаз.
  • Тәүлік аптаның қандай үлесі?( 1/7 үлесі.)
  • Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келеді. Ол сағатына 60 км шапшаңдықпен жүреді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел тұрады. Оның шапшаңдығы сағатына 50км. Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетті?

Жауаптарын тапқан топқа 1 ұпайдан беріледі.

  • Сөзді тап — қатысушыларға карточкаларға жазылған сөз таратылады. Әр топтан екі қатысушы шығады. Бірінші қатысушы сол берілген сөзді қайталамай түсіндіріп тырысу керек, ал екіншісі сөзді табу керек.

(Сарымсақ, бейбітшілік, сабын, шансорғыш, құмырсқа, бесік, сенбілік, асық, көгершін, білім,соғыс)

(Сарқырама, көкпар, моңша, өсек, жаңғақ, тәүелсіздік, жұмыртқа, жарнама, әскер, киіз үй, сахна)

Әр дұрыс табылған сөзге  — 1ұпай.

  • Сөздерді дұрыс ретпен орналыстыр

  І топ

 

 

 

ІІ топ

Сөйлем  дұрыс құрған топқа — 1ұпай.

 


  • Крестиктер –ноликтер. Ереже.

1.1-Команда (ноликтер) кестеден сан тандайды.

  1. Тәрбиеші сол нөмердегі сұрақты оқиды.
  2. жауап дұрыс болған жағдайда, 1-команда сол квадратқа( нолик) қояды.
  3. жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

 


Сұрақтар: 1 )Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

2) 225 нешенің квадраты?( 15)

3) Адамның өмір бойы өсетін мүшесі (мұрын)

4) Т.Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты? …..1991 ж.

5 )Түркістан қаласы қай аймақта орналысқан? (оңтүстік)

6) Фразеологизмдердің баламасын табу: Көзіне көк шыбын үймелету (сыбығасын беру)

7) Адамның бойындағы ең күшті бұлшық еті( тіл)

 

8)  «ЭКСПО-2017» көрмесінің ұраны…….( Болашақтың қуаты)

9) 1992 жылда 4 –маусым-  ҚР қай күні? (Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.)

Бұл ойында ұтқан топқа -1 ұпай.

 

    1      2   3
   4      5   6
   7     8   9

 

ІІІ Қорытынды жасау: сайыстың нәтижесін хабарлап, көп ұпай жинаған топты марапаттау.