Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Қазақстандағы 1986 жылғы  желтоқсан оқиғасы.

Сабақтың мақсаты:Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету арқылы оқушылардың жауакершілік,белсенділік,ізденгіштік,зерттеушілік қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

-топтасып жұмыс істейді

-қозғалыстың себеп-салдарын ашады

-ой қорытады,жинақтайды

-идея тудырады

-салыстыра саралайды

-өзін-өзі бағалайды

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың формасы:топпен жұмыс,жеке жұмыс.

Сабақта қолданылатын ресурстар:үлестірмелі қима-қағаздар,плакат,маркер,бағалау парағы,слаидтар,бейнефильм,интерактивті тақта.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сыныпты топқа бөлу.(суреттер арқылы)

1.Сәлемдесіп,кезекші арқылы сынып оқушыларын түгелдеу.

  1. «Мозаика» әдісі бойынша суреттер арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.

3.Бағалау парағы және бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстыру.

«Бағалау критерийлері»:

  1. «9-10» — «5»
  2. «7-8» — «4»
  3. «5-6» — «3»
  4. «0-4» — «2»

І.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.

2.Қиындықтан шығу үшін не істелді?

3.КОКП ОК-нің сәуір пленумы және қайта құру.

 

 

ІІ.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру:

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға суреттер таратылып беріледі.Оқушылар суреттерге қарай отырып ойларын постерге түсіріп,әр топ жеке-жеке қорғайды.

 

ІІ.Жаңа сабақ:Мағынаны ашу.

Интерактивті тақтадан  «Желтоқсан ызғары» бейнекөрінісі  көрсетіледі.Оқушылар не көргендерін,көрініс не туралы екенін және алдыңғы тапсырмадағы суреттердің бейнекөрініспен қандай байланысы бар екенінін ортаға салады

 

ІІІ.Топпен жұмыс: «Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі.

Топтағы әр оқушыға оқулықтан мәтіндер таратылып беріледі.Мәтінді оқып шығып,топ болып талқылайды,топтың бір мүшесі интерактивті тақтаға  жазады.

 

 

 

 

 

ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.Сабақты бекітіу:

Мұғалімнің іс –әрекеті:

1.Академиалық дау дамай.

Топтарға сұрақтар :

1.Жастарымыздың «Желтоқсан оқиғасына» оқиғасына қатысуы дұрыс.

2.Бұл қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болар еді.

3.Қоғамдық пікір

Сұрақтар  таратылып беріледі.Топ мүшелері пікірталас тудыра отырып,өз ойларын ортаға салады.

 

Ү.Ой толғау: Кейіпкерге хат.(автор орындығы)

Топтағы оқушылар  «Желтоқсан жұлдыздарына» және осы оқиғаға қатысты тұлғаларға арнап хат жазады.Әр топтан 1-2 оқушы шығып өздері жазған хаттарын оқиды.

 

ҮІ.Бағалау:

 

ҮІІ.Сабақты қорытындылау:

1.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

2.Осы көтеріліске сендер қатысар ма едіңдер?

3.Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

4.Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына сенің қосар үлесің қандай?

 

ҮІІІ.Үйге тапсырма:

«Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы» эссе жазып келу.

 

 

 

 

 

Нурпайзова Айнур Кенесбаевна                   Сыдық Абланов атындағы  орта мектебінің тарих пәнінің  мұғалімі   Байзақ  ауылы, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы.