Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі (2-сағат)

 

Сабақтың тақырыбыӘ. Тәжібаев «Толағай» ертегісі (2-сағат)
Жалпы мақсаты* Оқушылардың «Толағай» ертегісі  туралы  білімдерін саралау,  ертегінің идеясын білу ;

* Ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айту,ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыс істей білуге,өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету.

* Әдеби ертегіні оқыту барысында өз еліне, жеріне қамқор болатын патриот  азамат тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

 

  1. Оқушылар «Толағай» ертегісі туралы білімдерін саралайды, Толағайдың еліне деген көмегін, батырлығын біледі.
  2. Тіліне, көркемділігіне талдай білуге дағдыланады, өз ойын дәлелді пікірмен жеткізе біледі.
  3. Топпен, жеке жұмыс жасай алады, әр топ бір-бірін бағалай  біледі.
Негізгі идеяЕл дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет!

Жерге тер төгіп, халыққа  қан төгіп қызмет ет!

 

Б. Момышұлы

 

Бағалаудың түрлері «Білімді өзара бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», геометриялық пішімдер,  күлегештер, бағдаршаммен.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Топтастыру», «Сұрақты қағып ал», «Талдау-табыс кілті», «Сандар сөйлейді», «Сөзжұмбақ», деңгейлік тапсырмалар.

 

 

Жоспар мазмұныУақыт өлшеміМұғалім іс-әрекетіОқушы іс-әрекеті
Кіріспе 

 

2 минут

  1. Ұйымдастыру.

 

  1. Сергіту сәті

 

  1. Оқушылар назарын сабаққа аударады
Мұғаліммен сәлемдеседі.

Сергіту сәтін жасайды.

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

 

 

Үй тапсырмасын сұрау.

 

 

 

 

 

10 минут

 

І топқа  «Топтастыру»

ІІ топқа  «Сандар                          сөйлейді»

ІІІ топқа Сөзжұмбақ

Сөз жұмбақтың сұрақтары:
1. ауыз әдебиетінің түрі
2. Ә. Тәжібаев дүниеге келген қала
3. Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы
4. Адамата жасаған ең алғашқы адамның аты
5. Жаңбыр үзілмейтін өңір
6. Құранды жаттап, үнемі есінде сақтайтын адамдар
7. Толағайдың анасының аты

 

 

1. Ә. Тәжібаевтың кім екенін айтады.

2. Оқушылар  жасырынған сандар арқылы тақырыпқа байланысты мәліметтерді береді.

3. Сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақтың жауабын табады.

 

  

 

5 минут

«Сұрақты қағып алу» әдісі

бойынша «Толағай» ертегісін сұрау

 

 

Допты бір-біріне лақтырып төмендегі сұрақтарды қояды.

-Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған?

-Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай суреттелген?

-Толағайдың алғашқы ерлігі туралы не айтасың?

-Жолбарыспен шайқасын толық мазмұндап бер.

-Ол неге жолбарысты «мысық» дейді?

-Толағай алыстағы Тарбағатай тауына не себепті аттанды?

-Анасынан не сұрап білді?

Тұсаукесер 

 

15 минут

І топ    «Талдау-табыс кілті» бойынша шығарманы талдау

 

 

 

 

ІІ топ     Венн диограмма

 

 

 

 

ІІІ топ       Көрініс

шығарманы композициялық құрылысына қарай талдйды.

 

 

 

Керқұла атты Кендебай мен Толағайды салыстырады

 

 

«Толағай мен анасы»

 

 

Бағалау 

5 минут

 

 

 

Бір-бірін бағдаршаммен бағалайды
Қорытынды 

 

5 минут

Деңгейлік  тапсырмалар

А. Тау көтерер Толағай сияқты қандай азаматтарды білесіңдер?

 

В. Сөздіктермен жұмыс

 

С.Толағайға мінездеме бер

 

 

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді
Рефлексия2 минут«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын түсіндіреді.Бүгінгі сабақтың екі ұнаған сәттерін және өз ұсыныстарын білдіреді.
Үйге тапсырма беру

 

 

1 минут

Толағайдың ерлігі туралы шағын шығарма жазу.Тапсырманы күнделікке жазып алады