Абайдың табиғат лирикасы. (Топтық жұмыстар.) «Жаз». «Қыс». «Күз». «Жазғытұрым».

Абайдың табиғат лирикасы. (Топтық жұмыстар.) «Жаз». «Қыс». «Күз». «Жазғытұрым».

Абай орыс әдебиетінің дәстүріндегідей , табиғатты тіршілікпен ,жанды дүниемен біріктіре суреттей отырып, әлеуметтік мәселені де көтерді.Міне, осы мәселенің барлығыноқушыларға жан-жақты терең, әрі ғылыми түрде жеткізу үшін  барлық әдіс-тәсілдерде саралады.  Оқушы топпен де, жеке, барлық ұжыммен ауқымды жұмыстар жасайды.

«Ойлау  және ойланту» технологиясы негізіндегі  тапсырмалары:

1-топ «ЖАЗ»өлеңі2-топ «ҚЫС»өлеңі3-топ «КҮЗ»өлеңі
Жаздың суреті, өлең жолдарымен беру.

Өлеңдегі табиғат көріністері қалай бейнеленген?

Ақынның көңіл-күйі сезіле ме?

Өз көңіл күйің қалай? Суретте.

Қысты кімнің бейнесінде  суреттеген?

Қандай іс-әрекет бар?

Қыскелбетін суреттеу үшін қандай теңеулер қолданған?

Күз суреті қалай суреттелген?

Ерекше ашып тұрған жолдары қайсы?

Қайдай көңіл-күй сезінесің?

 

  1. 1. «Постер» әдісі арқылы үш топ қорғайды.

Мақсат:бала ойланады, ойлайды, қорытынды шығарады.

2.Оқушы- орындаушы, тыңдаушы, жеткізуші.

6-сыныпта оқу-білімге шақырған біршама өлеңдері бар. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Құлақтан кіріп бойды алар» т.б.Мұғалім, мысалы, «Өлең- сөздіңпатшасы, сөз сарасы»өлеңін оқытуда, немесе талдағанда мынандай мәселеге назар аударуы керек. Көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғыдағы  өлең. Өлең  — ермек емес, өнердің басы. Зерттеуде   негізгі мазмұнға мән беріп, өзгертпей, талдау қажет.

А) Өлеңнің әр шумағындағы ақын ойы, айтар пікірі.

Б) Мазмұнын саралап жеткізудің тиімді жолын табу.

В) Мұғалім мен оқушының бірлесе отырып талдауы.

А)Ақын ойы, айтар пікірі

«Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы»өлеңі

Шумақ ретіШумақтағы берілген ойТілмен көркемдеу
1-шумақӨлеңге берген баға , оның қасиетін жырлауы, өлеңге қояр талабы«Өлең –сөздің патшсы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер дансы», «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келуі»
2-шумақТіл  тазалығын ұсынуы,Ақын мен тыңдаушыға сын.«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,ол- ақынның білімсіздігі, бейшаралығы»
3-шумақ және 4- шумақҚұранды, Мұхаммд пайғамбардың сөзін құптап оқыған ғұламаларды үлгі ету.Бұлардың бәрінің де өлеңді қадірлегенін жырлауы.«Қисынымен қызықты болмаса сөз, неге айтсын пайғамбар мен Алласы»
5-шумақӨлең қандайболу керек,

Оған қояр талабы

«Іші алтын, сырты күміс сөз патшасы»болуы керек
6-7 шумақБұрынғы ақындар ескі билерді сынауы- елді қадірлемеушілікке сын.Ескі биді мақалдап сөйлеуі, ақындар ақылсыз, надан келуі, көр- жердіжырлауы. Қайыр сұрау, мал үшін мақтау айту, тілбезеу. Өлеңнің қадірсіз, былжыраққ айналуы.
10-11 шумақӨЗінің ақындық мақсатын, мүддесін айтуы,тыңдаушыға қояр талабы.Ескі бише мақалдау, мал үшін зарламау. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен детүзел»
12-13 шумақАқыл сөзге ынтасыз елді сынады«Кісімсінген, жеп кетер білімсіз көп,»мақтан қуған , мал құмар нені ұға алсын; терең ой, терең ғылым іздемейтіндер. «Өтірікті, өсекті жүндей сабаушылар»

 

Б)Өлеңді оқушыға жеткізу жолы

 

Өлеңнің негізгі ой түйініӘдістер, оқу әдістері
Сөз асылы, патшасы- поэзия.

Түр мен мазмұн бірлігін ұсыну

 

1.Мәтінді мәнерлеп оқу.

 

2. Өзіндік жұмыс. Өлеңге берген баға мен оған қояр талпты сұрыптап алу, түсіндіру.

Тіл тазалығын көтеруі.

Айтушы ,тыңдаушыға сын.

Шағын пікірталас. «Тілтазлығын ұстаған ақынның кейбір өлеңдерінде неге арб, парсы, орыс сөздері кездеседі?»(«Интернатта оқып жүр» т.б.)
Құран сөзін, пайғамбар сөзін үлгі ету. Олардың  да сөзін ашып айтуы.

 

1Ғылыми материалдар бойынша жұмыс. Түсіндірмелі оқу.

2. Сұрақ- жауап.

Өлеңге қояр эстетикалық талап «іші алтын,сырты күміс»Өзіндік жұмыс.Іштейоқу.сұраққа мәтіннен жауап әзірлеу. Сұрақтар:

1. Неге өлеңнің іші алтын, сырты күміс?

2.Ақынның өлең сөзге қояр осы талабына қалай қарайсың?

Ақындық мақсат, мұраты, бағдарламасын ортаға салу.1. Дискуссия элементі бар шағын пікірлесу.

2.Абай неге «ескі билер»мен «ескі ақынша бос мақалдап. Бос зарлаптұрмаймын дейді?»

Бұрынғы ақындар ескі билер сөзін сынау1. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деген пікірін қалай түсінесің?

2. «Сөз түзелді»дегенде, ақын неайтпақ болған?

Ел жайын, терең ой мен ғылымды ойламай, өтірік пен өсек мақтан қуғандар, мал құмарларды сынауы1.Мәнерлеп оқу.

2. Сұрақ-жауап.

3. Сөз өнерін, ел жайын, оның ұнамсыз сиқын неге сөз еткен.

Қорытынды,білімді бекіту, тұжырымдау.1. Ғылыми еңбекпен топтық жұмыс.(М.Әуезов, «Абай Құнанбаев»монографиясы, 124-125-беттер)

 

 

Абайдың осы тақырыптағы өлеңін оқытудың тиімді жолын іздестіргенде, ең алдымен, әр өлеңін негізінде жатқан ой, ақындық шеберлік, түйінді дәнді саралап алу керек.

 

Мақсатқа жету технологиясы: саралау, анализ, синтез, жүйелеу,өзіндік  баға беру.

 

«Концептуалдық кесте.» әдісі бойынша оқыту әдістемесі: «Ғылым таппай мақтанба.»өлеңі.

 

1 .Өлеңдегі түйінді ой,басты  элемент

  1. Әдіс-тәсілдер,оқу амалдары (Сұрақ- жауап,Оқушы мен мұғалім түсінігі, шағын пікірлесу)
  2. Оқу жабдығы (Дидактикалық материалдар)

 

 

Шығарма атауыАсыл ісДұшпанТәрбиелік мәні
«Ғылым таппай мақтанба»Талап,

Еңбек,

Терең ой,

Қанағат,

Рақым

Өсек

Өтірік,

Мақтаншақ,

Еріншек,

Бекер мал шашпақ

Жамандық көрсең, жирен.

Жақсылық көрсең, үлгі ал.

Ғылымға көңіл бөлсең, білгендердің сөзіне ерсең, дүние де өзі, мал да өзі т.б.

 

«Семантикалық карта»әдісі.

 

 

Мағына

өсекөтірікмақ

таншақ

еріншекмал шашута

лап

еңбектерең ойқанағатРа

қым

Қызығушылығыжоғары, ізденгіш 

+

Адамгершілікқасиетке бай 

+

Сөзөрбіту, бірді-біргешағыстыру 

+

Шамадантыскеуде, көкірек 

+

Пара беру, сатылу, санасыздық 

+

Арыданболжау, сана-сезімі мол 

+

Барға шүкіршілік+
Ағылған бос сөз+
Жалқау, арамтамақ, жеңілжол 

+

Тынымтаппайды, уақытынбағалайды 

+

 

Сабақ  барысында оқушылардың барлығы белсенділік танытып, бірінің ойын бірі тыңдайды, бір-бірінің тапқырлығына қызығады.Мұндайәдісте ешкім қалыс қалмайды.н ойларын ауызша айтуға көшеді. Бұл жерде тіл байлығы артады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылыжұмыс.

1-топқа Өлең ұнады ма? Егер ұнаса несімен ұнады?

2-топқа  Қандай ақыл-кеңес бар?  Өзіңе мәтіннен  ақыл- кеңестерді жинастырып көр.

3-топқа «Сөзіңе қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» мағынасын түсіндіріп көр.

Өлеңнің өзіндік ерекшелігі –ақынның басқа өлеңдеріне қарағанда  ұзақ әрі ақыл-нақылға толы афористік мәнділігінде , олардың тәрбиелік мәнінің қуатында.

Сабақ барысында өлеңді мәнерлеп оқытып, өлең ішіндегі түсініксіз  сөздерге талдау жасату, яғни сөздік жұмысының мәні зор.

Жаңа сөздер:

Нафрәтлі – жеркенішті

Ғибрәтлі – үлгілі т.б. Тапсырмалар: 1. Оқу. Талдау. Табу.

Абайдың бес дұшпаны-?

Абайдың бес асыл ісі-?

Өлеңді талдау:

Өлеңнің мазмұныӨсиет, ақыл-нақыл сөздер
Ғылым іздеуге шақыруҒылым таппай мақтанба,

Құмарланып шаттанба.

5 нәрсенің жақсы ,жаманы1. өсек, өтірік, мақтану, мал шашу, еріншектік, 2. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Ғылымға берілу жолыБолмасаң да ұқсап бақ
Жастарға айтар өсиетСөзіне қарап , кісіні  ал

Кісіге қарап, сөз алма.