Музыкадағы табиғат көрінісі.

 

 

Тоқсандық  тақырып : Музыка  және  сурет.

Сабақтың  тақырыбы: Музыкадағы  табиғат көрінісі.

Мақсаты:

а) білімділік: музыка мен табиғат байланысын ұғындыру.

б) дамытушылық : оқушылардың  қабілетін, ой-өрісін бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып шығармашылық қабілеттерін ,ойлау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

в) тәрбиелік: балаларға рухани-танымдық тәрбие беру,табғатты қорғауға  елін, жерін сүюге,мейірімділікке ,Табиғат –Анаға сүйіспеншілікпен  қарауға жетелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,өлең шумақтар,табиғатқа байланысты бейнетаспадан күйлер тыңдау.

Сабақтың  түрі: Саяхат сабағы.

Әдісі: түсіндіру , сұрақ-жауап,пікірлесу,әңгімелесу.

Барысы:

І.Ұйымдастыру: Сабақтың тақырыбын хабарлап,мақсатын түсіндіру.

ІІ.Білу : Ой-қозғау. «Табиғат  дегеніміз не?»(саяхат-шолу)

ІІІ.Түсіну : Жаңа сабақ.

1-аялдама

«Табиғат атаулының бар арманы –ауа»

2-аялдама

«Судың да сұрауы бар»

Музыка  сауаты:

Темп-екпін

Екпіннің түрлері.

ІV.Қолдану. Табиғатты бейнелеу.

3-аялдама

«Табиғат байлығы өсімдіктер»

Дауыс жаттығулары: С, Д, Е – гаммалар және тұрақты дыбыстар.

4-аялдама

«Ән  көңілдің ажары»

Ән : «Сарыжайлау»

Әні: Нұрғиса Тілендиев

Сөзі: Мұқағали Мақатаев

V.Жинақтау

«Табиғат аясында ұйықтап жатқан хайуанаттар» еліне саяхат.

Күтілетін нәтиже:

1.Музыкалық  шығарманы талдау,тыңдау,орындаушылыққа үйренеді.

2.Музыка сауатының (ноталық) қарапайым элементтерін меңгеру арқылы оқушылар сабаққа қызығушылығы артады.

3.Табиғатты, қоршаған  ортаны аялауға , қорғай білуге үйренеді.

IV.Бағалау.Қорытынды

Үйге тапсырма: Жылдың төрт мезгілін байланыстыра отырып «Табиғат біздің байлығымыз» тақырыбына сурет салып, шығарма жазу.