Жинақтық, болжалдық, топтау және бөлшектік сан есімдер

 

 

Сабақтың  тақырыбыЖинақтық, болжалдық, топтау және бөлшектік сан есімдер
МақсатыТақырып бойынша  мәлімет беру. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту..
Оқыту нәтижесіОқушылардың жауапкершілігі артады;

Мәтін жазу арқылы сауаттылыққа үйренеді;

Сын тұрғысынан ойлауға жетелейді;

Сабақ алдында қойылған мақсаттардың орындалуын анықтайды:

Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер

сұрақ – жауап, өз бетімен және топпен жұмыс істеу.
Керекті жабдықтаринтеративтік тақта, оқулық, сызба, үлестірмелі тапсырмалар,

сөзжұмбақ

Сабақ барысы:
Сабақ  кезеңдеріМұғалім  әрекетіОқушы әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық тренинг .

3 «Атамекен», «Туған ел», «Жаса,Қазақстан»,  бойынша топқа бөлу

Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.

4  топқа бөлінеді

«Қызығушылық

ты ояту»

 

 

 

 

 

 

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.

Ендігі мәселе – соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.

Н.Ә.Назарбаев

Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру

 

Мағынаны тану Топтық жұмыс (ережемен жұмыс)

1-топ. Жинақтық сан есім       2-топ. Болжалдық сан есім

3-топ. Топтау сан есім             4-топ. Бөлшектік сан есім

Оқулықпен жұмыс

1-топ.169-жаттығу           2-топ.172-жаттығу

3-топ.176-жаттығу           4-топ. Мақал — мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып құрастырып, сан есімдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.

Болса, ала, алтау, кетеді, ауыздағы,

Болса, түгел, төртеу, келеді, төбедегі. (Мақал)

Жұмбақты шешіп,сан есімдерді мағынасына қарай ажырат.

Екеуі қарауыл қарап тұр,

Төртеуі ұйықтап жатыр.

Біреуі қамыр басып жатыр.

173-жаттығу (реттік, болжалдық,топтау сан есімдер жасап жазу)

1-топ. Мың 2-топ. Елу    3-топ. Алпыс    4-топ. Тоқсан

Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді.

 

 

 

 

Оқулықтағы  жаттығуды орындау

Ой-толғаныс

 

Терме диктант.  Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағыналық  түрлеріне ажыратыңдар.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсі

здік алып, еркіндікке қол жеткіздік, Әнұранымызды асқақтатып шырқап, Туымызды биікке көтердік.

Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемнің 120-дай мемлекеті танып,70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Осы 18 жыл ішінде тәуелсіз мемлекетімізде көптеген өзгерістер енді. Білім саласында жаңа типті мектептер, лицейлер, гимназиялар мен колледждер ашылды.

Қайрат Нұртас орындауындағы «Қазақстан» әнін тыңдату

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ойы тыңдалады

Үйге тапсырма Шығармашылық жұмыс.

«Тәуелсіздік – ел тілегі» деген тақырыпта   шағын ойтолғау жазып келу.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Бағалау   Талқылау парағыӨзін өзі бағалау