Мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі
Сабақтың тақырыбы: Мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға үстеу, үстеудің қүрамдық түрлері, үстеудің
мағыналық түрлері, мақсат үстеуі және себеп-салдар үстеуі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру. суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгендеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
- Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Мақсат үстеуі және себеп-салдар үстеуі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, т.б
Себеп-салдар үстеуі.
Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, т.б. сөздерге жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, т.б.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 288-жаттығу жұмысының орындалу
- Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең,
кешке, бірге, әрең, талай, төмен, т.б. - Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарлары қалай
дыбысталса, солай жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, т.б. сөздер осылайша
айтылуынша жазылады. Бүлар бұл+күн, бұл+жыл, қыстың+күні сияқты күрделі үстеулердің
сыңарлары әрбір тұлғасын сақтап жазылады. - Сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалған күрде-лі үстеулер дефис
(-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез, қолма-қол, т.б.
- Сөздердің тіркесуінен қүралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
Мысалы: таң сәріде, күні бойы, т.б.
Тақтамен жұмыс.
Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, емлесін түсіндір.
Көру диктанты І.Түлкідей түн қатып, Бөрідейін жол тартып. (Махамбет).
- Ендігәрі мұндай ісіңді көрмейтін болайын.
- Ол қаннен-қаперсіз жүріп келеді.
- Дұшпан ұшақтары қала үстінде күні-түні ұшып, бомбаларды боратып жатыр.
в) Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.
1-топ. Перфокартамен жүмыс | жүргізеді (ауызша) | ||||||
Мысалдар | мезгіл | мекен | мөлшер | сын-қимыл | күшейткіш | мақсат | себеп-салдар |
Ала жаздай | + | ||||||
Сол үшін | + | ||||||
Аса | + | ||||||
Ақырын | + | ||||||
Мұншама | + | ||||||
Қасақана | + | ||||||
Тысқары | + |
2 топ.
Үстеудің мағынасына қарай түрлері | Үстеулерді жаз |
Мезгіл | |
Мекен | |
Мөлшер | |
Сын-қимыл | |
Күшейткіш | |
Мақсат | |
Себеп-салдар |
Үлестірмелі кеспе қағаздармен жұмыс.
Шарты. Үстеу орнына сүұаулары берілген. Ойлап тауып ориына қой. №1.
- Еріншекке ( кашанғыдан? қашанғы?) оңай.
- (Қай уақытта?) түрған жігіттің ырысы артық?
№2.
Қазша қанатын жаяды, Үйрекше мойнын созады, Құсша қонады.
№3. Ендігәрі, ерте, жазгытүры үстеулерін қатыстырып сөйлем ой Сұрақ қою арқылы мақсат және себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.
Келесі тапсырма: 289-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеуді табыңдар. Олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп түрғанын айтыңдар.
Келесі тапсырма: 290-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеулерді тауып, сүрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: 291-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
шартын түсіндіремін: Сұрақ қою арқылы мақсат және себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.
Келесі тапсырма: 289-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеуді табыңдар. Олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп түрғанын айтыңдар.
Келесі тапсырма: 290-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеулерді тауып, сүрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.
Сабактың қорытындысы:
- Сүрак қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: 291-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Төмендегі үстеулер қандай сөзбен тіркесетін және үстеудің кай түріне жататынын
ажыратыңдар. .