Үстеуден өткен тақырыптарды қайталау

Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткен тақырыптарды қайталау Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға үстеу, үстеудің қүрамдық түрлері, үстеудің
мағыналық түрлері, үстеудің сөйлемдегі синтаксистік қызметі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі сабақта оқушыларға «Үстеудің сөйлемдегі синтаксистік қызметі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 295-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден негізгі үстеу мен туынды үстеулерді ажыратып, олардың қалай жазылғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындатамын:

  1. Үстеудің мағыналық сипаты қандай? Яғни үстеу нені білдіреді?
  2. Үстеудің ерекшеліктері қандай?
  3. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?
  4. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?
  5. Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарды атап, мысал келтіріңдер.
  6. Үстеу тудыруда кейбір септік жалғауларының қандай мәні бар?
  7. Күрделі үстеулердің жасалуы мен емлесін айтып, мысал келтіріңдер.
  8. Үстеудің мағыналық түрлері мен әрқайсысының ерекшеліктері қандай? .

 

 

Осы тапсырмаларды орындатып, сұрақтарға жауап алып болған соң келесі

тапсырманы орындатамын: 296-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып шығып, негізгі үстеулерді бір бөлек, туынды үстеулерді бір бөлек тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталап, өз бетінше 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын түзі келу. .