Жүректің құрылысы

Сабақтың тақырыбы Жүректің құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен және олардың қызметтерімен танысу.

Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.

Cабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өтілу әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап, СТО әдісі:жеке, топтық жұмыстар

Көрнекілігі: кесте,сурет, жүректің үлгісі, компьютер

Сабақтың барысы:

I.«Ой қозғау» Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді:

II.Үй тапсырмасы кесте-сызба арқылы сұралады:

  1. Қан құрамын айту.

Қан құрамы
Үй тапсырмасының жауабы.

Қанның құрамы

Қан плазмасы Қан жасушалары

мин. тұз Су Орг. заттар

Эритроцит

Лейкоцит

Na+,CI,Ca2+, Нәруыз Май Глюкоза Тромбоцит

Mg2+,Fe2+,S2- Альбуминдер

Глобулин

Фибриноген

2) «Сәйкестігін табу тест»

Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.

1-топқа:

  1. ішкі ортаға не жатады: : а) 4,5-5 л
  2. қанның мөлшері қанша :                      ә) қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
  3. қан пластинкасы қалай аталады: б )3
  4. гемоглобин деген не: в )Мечников
  5. эритроциттің диаметрі: г) бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту
  6. плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: ғ) тромбоцит
  7. оксигемоглабин деген не: д) фибриногеннің фибринге айналуы
  8. фагоцитоз қандай процесс: е) 7,5 мкм:
  9. лейкоцит қызметін ашқан ғалым: ж) қанның қызыл пигменті
  10. протромбин деген не: з) оттекті гемоглобин

2-топтың сұрақтары:

  1. АИВ: а) 4-5 мин
  2. қанның түссіз жасушалары: ә) жасанды
  3. қанды қабылдайтын адам: б)адам иммунитет тапшылығы вирусы
  4. егу арқылы қабылданатын иммунитет: в) фагоцитоз
  5. қан ұйымайтын ауру:  г) реципиент
  6. қан ұю ұзақтығы: ғ) гемофилия
  7. қанның қызыл пигменті: д) лейкоцит
  8. қан ұюына қатысатын жасуша: е) табиғи
  9. бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: ж) гемоглобин
  10. тұқымқуалайтын иммунитет: з) тромбоцит

3- топтың сұрақтары:

  1. адам лимфа түйіндерінің саны: а) 3

2.қан беруші адам                                                  ә) қан ұю

  1. қан глюкозасы қызметі: б) жасушаның энергия көзі
  2. ядросыз қан жасушасы: в)эритроцит
  3. плазма нәруызы қанша топ: г) 460
  4. тромбоцит қызметі: ғ )донор
  5. рентген сәулесінен лимфоциттер: д) 4
  6. адамның қан тобының саны : е)жойылады
  7. тромбоциттің тіршілік ұзақтығы : ж)қызғылт-сұр
  8. лимфа түйіндерінің түсі: з)7-10 күн

3.Топтастыру:

Иммунитет түрлері

Табиғи                               Жасанды

Туа пайда Жүре пайда

Белсенді       Енжар

III.Жаңа сабақ мазмұны:

1.Жүрек-қантамырлар жүйесінің қызметі:әр жасушаға қоректік заттар,оттек,су тасымалдау, зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару болып табылады.    Қанайналым- қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы.   Пішіні конус тәрізді.  Кеуденің сол жақ жартысында , іші қуысты бұлшықетті мүше,  көлденең жолақты бұлшықет, бесінші қабырға деңгейінде орналасқан.  Ересек адамда 250-300 г.  Жүрек  3 қабаттан тұрады.

2.Жүректің құрылысы:

-Жүрек тұтас қалқа арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.

-Төрт қуысты: екі жүрекше мен екі қарынша

-Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен байланысады.

-Қақпақша жақтауы мен қарынша қабырғасына бекіген сіңір жіпшелері

-Жүректі зерттейтін ғылым- кардиология

-Жүрек ауруларын емдейтін дәрігер-кардиолог

Жақтаулы қақпақшалар

Үш жақтаулы

Қос жақтаулы

Айшық тәрізді

Жүрек қабаты

Эпикард (ішкі)

Эндокард(сыртқы)

Миокард (ортаңғы)

3.Жүректің көлденең кесіндісі:

1.оң жақ қарынша миокарды

2.жүректің емізік тәрізді бұлшықеті

3.сіңір жіпшелері

4.үш жақтаулы қақпақша

5.өкпе артериясы

6.қарынша аралық қалқа

7.төменгіқуыс вена

8.оң жақ жүрекше

9.оң жақ қарынша

10.жоғары қуыс вена

11.жүрекше аралық қалқа

12.өкпе вена өзегі

13.сол жақ жүрекше

14.сол жақ қарынша

15.қос жақталы қақпақша

  1. Сабақты бекіту кезеңі.

   «Ой толғау» кезеңі     «Кім жылдам» ойыны:

1.Қанайналым дегеніміз не?

2.Жүрек қайда орналасқан?

3.Қантамырлар нешеге бөлінеді?

4.Жүректің салмағы қанша?

5.Жүрек неше қабаттан тұрады?

6.Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?

7.Жүректің қақпақшалары дегеніміз не?

  1. Перикард деген не?

9.Қылтамыр дегеніміз не?

  1. Жүректің бұлшықеті қалай аталады?
  2. Сіңір жіпшелері дегенімз не?
  3. Қос жақтаулы қақпақша қайда орналасады?
  4. Артериола, венула дегеніміз не?

14.Жүректі зерттейтін ғылым не деп аталады?

15.Жүректі емдейтін маман дәрігер?

Жеке жұмыс: Биологиялық диктант:

1.….. ….. деп, жүрекше мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді айтады.(үш жақтаулы, екі жақтаулы қақпақша)

2.Ең үлкен артерия … деп аталады. Ол жүректің … …. ……. басталады(қолқа, сол жақ қарыншадан )

3.Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар …. орналасады.(жүрек қабында)

4.Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты … деп аталады. (миокард)

5.Капиллярдың вена ұшы бірігіп … түзеді. (венула)

Жүректің құрылысын айту.  (Суретті пайдалану)

  1. Сабақты қорытындылау : «Ой түйіндеу» сәті

Тест сұрақтары:

1.Қанның құрамына қандай жасушалар кіреді?

а)эритроциттер, лейкоциттер; ә)нейрондар;

б) дендрит; в)остеоциттер;

2.Қандай қан вена қаны деп аталады?

а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан; ә) мочевинаға қаныққан қан;

б) оттекке қаныққан қан; в) көміртекке қаныққан қан;

3.Қандай қан артерия қаны деп аталады?

а) глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан; ә)мочевинаға қаныққан қан;

б)оттекке қаныққан қан; в)көміртекке қаныққан қан;

4.Адамның жүрегі неше бөлімді?

а)3 ә)4 б)2 в)6

5.Жүрек қабырғасының қабаттары:

а)эпикард, миокард, эндокард; ә)эпикард, эндокард;

б)миокард, эндакард; в)эпикард,миокард;

YI.Сергіту«Жүректен жүрекке»

Адам организмінде жүректің құрылысын, қызметінің маңызын білдік.Адам өмірінде осы жүрегіміздің ерекшелігі өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты.Әр адам жүрегі мейірімділік пен махаббатқа толы болсын.

«Жүректен жүрекке» әдісімен ортаға шеңбер құрып бір-бірімізге жүректен шыққан ізгі тілектерімізді жолдайық.

YII.  Үйге тапсырма  тақырыпты оқу,  « Жүректің құрылысы» реферат жазу.

VIII . Бағалау