Көркем дербес ойын (күннің екінші жартысында)

Тақырыбы: Көркем дербес ойын (күннің екінші жартысында)
Мақсаты:

Білімдік: Балаларды мәнерлеп, жаңа сөздермен байланыстырып сөйлеуге үйрете отырып,білім-білік дағдыларын қалыптастыру,танымдық қабілеттерін шыңдау.

Дамытушы: балалардың көркем дербес ойынға деген қызығушылықтарын, коммунатативтік дағдыларын арттыру,есте сақтау қабілеттерін ,тіл байлықтарын ,зейінін дамыту.

Тәрбиелік:қоршаған ортада өзін-өзі дұрыс ұстауға,ұжыммен дұрыс қарым-қатынаста болуға,үлкендердің еңбегін бағалауға,құрметтеуге  тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар: «Ертегілер елінде» пазло ойыны, «Көңілді корабль»  мозайка ойыны, «Тігінші» рольдік ойын құралдары.

 

Жүру барысы: Балалар бәріміз ортаға шеңберге жиналып,бір-бірімізге алақан арқылы жылулық,достық сезімдерімізді білдірейік!

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!

Бір-бірімізге деген сезімдерімізді

Алақан жылуы арқылы білдірейік!

 

Топты үшке бөліп ,көркем дербес ойын түрлерін ұсыну.

 

«Ертегілер елінде»  пазло ойыны.

Мақсаты:Балалардың  танымдық ойлау қабілеттерін арттыру,өздеріне сенімді болуға,ұжымдық жұмысты дұрыс атқара отырып,жаңа сөздер мен толықтыруға,бір-бірінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

 

Жаңа сөздер: Ғажайып,балалайка,сиқырлы.

 

Шарты: суретте ертегі кейіпкерлерінің бейнесі берілген,суреттер әр түрлі пішіннен қиылған,қиылған суреттерден ертегі бейнесін құрастыру.Қандай ертегі екені туралы әңгімелеп беру.

 

«Көңілді каробль»  мозайка ойыны.

Мақсаты: балалардың ойлау,есте сақтау,зейін қабілеттерін дамыту,ойынға деген қызығушылықтарын арттыру,жаңа сөздер мен толықтыру,бейнені құрастыра білуге үйрету.

 

Жаңа сөздер:матрос,корабль,яхта,теңіз жағалауы.

 

Шарты:әр бала өзіне ойын тақтайшасын таңдап алады,үлгідегі суретке қарап бейне құрастырады,құрастырған бейнені туралы әңгімелеп береді.

 

Сюжеттік – рөлдік ойын «Тігінші»
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту,балалардың коммунактивті дағдыларын арттыру, жаға сөздерді қоса отырып,бір — бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

Жаңа сөздер:Портной-мастер,дизайн,көркемдеуші,әсемдеуші.
Көрнекіліктер: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керек заттар(ине, метр, қайшы, жіп), іс машинасы, киім үлгілері, маталар.

 

Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айда өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Жадыра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Камила  болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір — бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.