Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану деңгейін төмендетудің психологиялық негізі.

Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану деңгейін төмендетудің психологиялық негізі.

 

 

  1. Кіріспе

 Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Мектептегі  оқыту (жаңаны тану,  алынған  дағдылар  мен  үйренулерді  тексеру)  әрдайым  балалардың  мазасыздануының  жоғарылауымен  байланысты  екенін  психологтар  байқады  және  де  кейбір  мазасыздану  деңгейінің  жоғары  шегіне  жетуі  оқытуды  белсендіріп,  оны  тиімді  етеді.  Мұндағы  мазасыздану  зейін , ес,  интеллектуалдық  қабілетті  жасаушы  фактор.  Бірақ  егер  де  мазасыздану  деңгейі  осы  шегінен  асып  кетсе,  адамды  байбалам (паника)  жаулайды.  Сәтсіздікке  ұрынбауға  тырысып,  ол  қызметіне  көңіл  аудармай  кетеді.  Немесе  нақты  жағдайдағы  жетістікке  жетуге  түгелімен  беріліп  кеткендігі  соншалық,  басқа  ситуацияларда  ол  жеңіліс  табады.  Осының  барлығы  сәтсіздікті  күшейтеді,  мазасыздану  жоғарылап,  күнделікті  кедергіге  айналады.

Мазасыз  балалар  үшін  оқу  жылдарының  қаншалықты  ауыр  өтетінін,  ата – аналар  да,  мұғалім  де  жақсы  біледі.  Ал  мектептік  кезең  негізгі  және  балалық  шақтың  негізін  қалаушы: бұл  тұлғалық  қалыптасу  уақыты,  өмірлік  жолды  таңдау,  әлеуметтік  нормалар  мен  ережелерді  иемдену,  бойға  сіңіру.  Егер  де  оқушы  уайымының  себебі  өз — өзіне  сенімсіздік  болса,  онда  жеке  тұлға  да  «күмәншіл»  болып  қалыптасады.  Мамандық  таңдау  бұл  адам  үшін  өзін  сәтсіздікке  ұшырауға  сақтану  бағытына  негізделген,  құрдастары  және  мұғалімдермен  қатынас  жасау – қуаныш  емес,  ауыртпашылық…,  және  де  мазасыздық  бойын  алып  тұрған  оқушының  интеллектуалдық  дамуы,   оның  ойлау  бірегейлігімен,  құмарлығымен,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуымен  сәйкес  келмейді,  өйткені  шығармашыл  адам —  ол  ерікті  және  тәуекелділікке  бел  буатын  адам.  Ол  жаңа  қалыптаспаған  көзқарас  пен  шешімді  ұсынуға  қорықпайды,  өз  жолымен  жүргісі  келеді,  көпшіліктің  мақұлдағанына  қарсы  келеді.  Ал  мазасызданғыш  адамдар —  кешеннен  қабылданған,  ескірген,  бірақ    көптеп  тексерілген  өмір нұсқаларының  құлы.

Әр жас кезеңдері үшін, мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз – ақ, көптеген балаларда жоғары үрейді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объекттер болады. бала өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмандана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, бастауыш сынып жастағы балалардың адекватты құлығының қалыптасуы және мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін, коррекциялық – дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.

 

Зерттеудің  мақсаты – бастауыш  сынып  оқушыларының  мазасыздану  ерекшеліктерінің  деңгейін  анықтау.

Зерттеудің  нысаны —   бастауыш  сынып  оқушыларының  мазасыздануларының  көрінісі.

Зерттеудің міндеттері:

— қарастырылып  отырған  мәселе  бойынша  теориялық бастауларды  талдау  және  жүйелеу.

— бастауыш  сынып  жастағы  балалардың  мазасыздану  деңгейінің  көру  ерекшеліктерін  зерттеу  және  жоғары   мазасызданудың  себебін  орнату;

— бастауыш  сынып  жастағы  оқушылардың  мазасыздануының  төмендеуіне  бағытталған,  арнайы  ұйымдастырылған  коррекциялық —  дамытушылық  жаттығулардың  әсер  етуін  қарастыру.

— бастауыш  сынып  жастағы  балалардың  мазасыздану  деңгейінің  ерекшелігін  зерттейтін  арнайы  бейімделген  әдістемелер   қолданысқа  негізделді;

— бастауыш  сынып  жастағы  балалардың  мазасыздану  деңгейінің  төмендеуіне  бағытталған  коррекциялық —  дамытуышылық  бағдарламаның  әсері  анықталды;

—  бастауыш  сынып  жастағы  балалардың  мазасыздануы  мен  құрбы  топтарындағы  өз  орнына  қанағаттанбаушылық  арасындағы  байланыстың  бар  екені  орнатылды.

  1. Негізгі бөлім

         1.1 Мазасыздану түсінігі.

Мазасыздану — жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты.

Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.

А.М.Прихожан: «Мазасыздану – бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» — дейді (Макшанцева 1998).

Р.С. Немовтың анықтамасы бойынша: «Мазасыздану — әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен үрейді сезіну, жоғарғы алаңдаушылық күйіне әкелетін адамның тұрақты немесе ситуативті көрініс табатын қасиеті».

А.В.Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану – үрейдің реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын индивидтін қатерді уайымдауға бейім болуы жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы». Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған және де жеке тұлға және оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге (Петровекий, 1990).

Мазасыздану — жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты (Аракелов, 1997).

Зерттеулерде жеткіншектердің тартылыс деңгейінде М.З. Неймарк анықтады: олардың сәттілікке тартылуына қанағаттанбаудан келіп шыққан, агрессия, қорқыныш, алаңдаушылық түрінде кері эмоциялық күй. Соған қоса, мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын балаларда байқалады. Олар «ең жақсы» оқушы болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға, және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады (Неймарк, 1963).

Отандық психологтар, баладағы адекватты емес өзін жоғары бағалау, дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің бала жетістіктерін жоғары бағалаудан, яғни мақтау, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.

Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін — өзі бағалаушылық баланы толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптар және қиындықтармен соқтығысқанда оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де, бұл баланың әрдайым қолынан келе бермейді. Сыныптағы құрбыларының арасында қалаулы орынға ие болуға оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін.

Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан бала санасына сәтсіздік сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауды жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан іздеуге тырысады: ата –ана, мұғалім, достары. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып жетіспеушіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтықты байқатады.

М.С. Неймарк «оны адекватты емес деп айтады» — өзіндік әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс, кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін.

Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігі бола қызығуларының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй баланың үрейленуді уайымдамауды туғызбай қоймайды. Алғашында үрей баланың алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң баланың әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты емес болуынан ол тұрақты кескінге ие болады. мұның бәрі балаға кері әсерін тигізіп, бала кез-келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы үрей мазасыздануға айналады.

Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңуөте маңызды екенін Т.В. Драгунов, Л.С. Славина, Е.С. Макслак, М.С. Неймарк атап өткен.

Бұл авторлардың жұмыстарында, адекватты емес аффектті жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет бұл бала мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу, немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу, немесе өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы – бұл баланың қызығушылықтары мен ұмтылыстарын баланың шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады.

Сонымен балалардағы күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екені Славинаның аффективті құлықтағы балаларды зерттеген зерттеулерінде көрсетіледі.

Бұған қоса, отандық психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, балалар құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстингтердің салдары болып табылмайды.

Бұл зертеулерді мазасыздануды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруға болады: бала өмріндегі белгілі бір жағымсыз жағдайлардан тындайтын шынайы үрейдің нәтижесі ретінде оның қызметі мен қатынасы барысында туындайтын білімі ретінде. Басқаша айтқанда бұл биологиялық емес әлеуметтік құбылыс.

Мазасыздану, мәселесі басқа да аспекті қамтиды – психо – физиологиялық алаңдаушылық пен үрейді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін, жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зертеу жолымен бағытталуда.

Көптеген авторлар, үрейленуді қатты психологиялық қысымдағы күй – «стресстің» құрамды бөлігі деп есептейді. Стресс күйін зерттеген, отандық психологтар, оның анықтмасына түрлі дәлелдеулер енгізді.

Сонымен, А.А. Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті, адамға қиын және жағымсыз эксперимент жағдайында туындайтын күй ретінде анықтайды.

В.С. Мерлин стресті «өте қиын ситуацияда» туындатын жүйкелік қысым емес психологиялық деп табады. «Стресс» түсінігінің түрлі талқылауында барлық авторлар мынамен келіседі, стресс бұл өте қиын ситуацияларда тындайтын қатты қысымдағы жүйке-жүйесі. Стрессті мазасызданумен сәйкестендіруге болмайды, өйткені стресс әр уақытта да шынайы қиындықтардан негізделген, ал мазасыздану олар болмаған кезде де көрінуі мүмкін. Күші жағынан да стресс пен мазасыздану күйлері түрліше. Егер стресс –жүйке жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән емес.

Осыдан стресс кезіндегі үрейді қатер немесе сәтсіздікті күтуден, оны алдын ала сезінуден туындайды деп есептеуге болады. Күй ретіндегі мазасыздану — сәтсізідікті күтушілік. Бірақ үрей субъект сәтсіздікті кімнен күтуіне байланысты соған тәуелді әртүрлі болуы мүмкін: өзінен (өзінің шамасы жетпеуінен) объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан.

Мазасыздану түсінігін психологияға психоаналитиктер және психиаторлар енгізді. Психоанализдің көптеген өкілдері мазасыздануды жеке тұлғаның тума қасиеті және ол адамға о бастан-ақ тән күй ретінде қарастырды. Психоанализдің негізін қалаған З.Фрейд  дамның бірнеше тума әуестік инстингтер болады деді. Олар оның көңіл күйін анықтайды, адам құлығының қозғаушы күші болып табылады. З.Фрейд биологиялық құмарлық пен әлеуметтік тыйымдардың ұштасуын невроз бен мазасыздандыруды тудырады деп есептеді. Алғашқыдағы инстингтер адамның есеюіне байланысты көріністің жаңа формаларында болады (Фрейд 1989). Жаңа формада олар өркениеттің тыйымдарына кездесіп, адам өз құмарлығын жасырып көрсетпей, қысып ұстауға мәжбүр ие болады. Индивид өмірінің психикалық драммасы туылғаннан басталады және бүкіл өмірінде жалғасады.

Жекелік психологияда А.Адлер невроздардың туындауына жаңа көзқарас ұсынады. Адлердің пікірі бойынша невроздың негізінде қорқыныш, қиындықтардан қорқыныш сияқты механизмдер жатыр. Сонымен қатар белгілі бір позицияға ұмтылған топта индивид кез-келген жекелік ерекшеліктер мен әлеуметтік жағдайларға жете алмағаны бұдан анық көрініп тұр. Дәл осы немесе басқа жағдайда осынша немесе басқа мөлшерде үрей сезімін сезінеді.

Толық еместік сезімі физикалық әлсіздікті субъективті сезінуден немесе кез-келген организмнің жетіспеушіліктерін немесе, қатынастағы қажеттілікті қанағаттандыруға кедергі болатын жеке тұлғаның сапасы мен психикалық қасиетінен. Қатынастағы қажеттілік бұл – сол уақытта топпен бірге болу, топта болу қажеттілігі де. Бір нәрсені істей алмаушылық, толық еместік сезімі адамды белгілі бір күйзеліске ұшыратады. Сөйтіп, ол қалауларынан бас тартып, капитуляция немесе компенсация жолымен құтылуға тырысады. Мұнда индивид толмаған жеріне бар энергиясын бағыттайды. Өзінің қиындықтарын түсінбегендер және энергиялары өздеріне бағытталғандар сәтсіздіке ұшырайды. Биіктікке ұмтылып, индивид «өмір тәсілін», өмір жолын және құлықты өңдейді. 4-5 жаста-ақ балада сәтсіздік, бейімделмегендік, қанағаттанбаушылық, толық еместік сезімі туып, ал олар болашақта сәтсіздікті кешуіне әкелуі мүмкін.

Адлер балада дұрыс емес ұстаным мен өмір стилінің пайда болуына әкеліп соқтыратын үш шартты айтады:

  1. Ағзаның органикалық, физикалық толық еместігі. Мұндай жетіспеушіліктегі балалардың көңілін аулап, басқа адамдармен қызықтырмаса олар толығымен өздерінен босамауы мүмкін. Өзін басқа балалармен салыстыру, бұндай балаларды толық еместік, пәс түсу, күйзелу сезіміне әкеледі. Бұл сезім таныстарының кекетуінен күшеюі мүмкін. Әсірсе, бала өзін кәдімгі балаға қарағанда, нашар сезінетін қиын ситуацияларда бұл сезім ұлғаяды. Бірақ толық еместік өз-өзімен патогендік болып табылмайды. Ауру баланың өзі де ситуацияны өзгеруге қабілеттілікті сезінеді. Нәтижесі, барлық уақытта белгілі мақсаты бар, түрлі күші бар және түрліше көрінетін, индивидтің шығармашылық күшіне байланысты.

Ағзаның жетіспеушілігімен байланысты баланың үрейін және қиыншылықтарын суреттеген, оны жеңу жолдарын табуға тырысқан алғашқы – Адлер болды.

  1. Тым ерке болу да осындай нәтижелерге әкелуі мүмкін. Орнына еш нәрсе бермей барлығын ала беру әдетінің пайда болуы. Қиындықтарды жеңумен байланысты емес, оңай алынған жақсылық өмір стилі бола бастайды. Бұл жағдайда да барлық қызығушылықтар мен қамқорлықтар өзіне бағытталып, адамдармен қатынас жасау көмек беру, оларға қамқор болу тәжірибесі болмайды. Қиындықтарға деген жалғыз реакция тәсілі – басқа адамдарға талап ету. Мұндай балалар үшін қоғам жау сияқты көрінеді.
  2. Елеусіз қалған бала. Елеусіз қалған бала махаббаттың және достық қарым – қатынастың не екенін білмейді. Ол доспенен қатысып жатқанын көрмейді. Қиындықтармен кездескенде қиындықтарды бағалайды, ол басқалардың көмегімен оларды жеңуге болатынына сенбегендіктен, өз күшіне де сенбейді. Ол махаббатқа және жоғары бағалаушылыққа адамдарға пайдалы әрекет жасау арқылы қол жеткзуге болатынына сенбейді. Сондықтан да ол күдікті және ешкімге сенбейді. Оның басқаларға деген махаббаттан тәжірибесі жоқ, өйткені оны жақсы көрмейді және оның құны өшпенділік. Осыдан – тұйықтық, қарым – қатынасқа түспеушілік, қызметтестікке бейімдемеушілік,

басқаларды жақсы көре алушылықты дамыту мен жаттықтыруды қажет етеді. Бұдан Адлер отбасы мүшелерінің ролін, және де бірінші анасын және әкесін көреді. Сонымен, Адлерде жеке тұлға конфликті негізінде, мазасыздану мен невроздың негізінде артықшылыққа ұмтылудан шығатын «қалу» (мықтылыққа еріктік) және «құнсыз» арасындағы қайшылық. Осы қайшылықтың қалай шешіліп жатқанына байланысты жеке тұлғаның ары қарай дамуы жүріп жатады. Қуаттылыққа ұмтылу бастапқы күш сияқты дегенді айтқанда, А.Адлер артықшылыққа, басымдылыққа ұмтылу топ адамдарынсыз іске асуы мүмкін емес деген қарым – қатынас мәселесіне жалғасады.

Бәсеке, арпалыс, қорқыныш осы арпалыстан туындайтын, және осыдан шығатын барлық жеке конфликттері, Адлер сияқты өткір психологтың жанынан өтпейтін еді. Ол құлық түрткісінің негізі сияқты үстемдікке ұмтылудың неге пайда болғанын түсінбеді. Сондықтан ол 20-шы жылдардағы осы батыс қауымның нақты – тарихы құбылысын қателікпен қабылдап және оны тума биологилық инстинкт деп есептеді, ал осыдан өз мүмкіндіктері үстемдікке ұмтылумен іске аспаумен байланысты мазасыздану, қорқыныш, алаңдаушылық және басқа құбылыстар пайда болады. Адлер тұжырымдамасының кемшілігі адекватты алаңдаушылық және адекватты еместің арасындағы айырмашылық емес, сондықтан мазасызданудың құрылымдық күй ретінде нақты бейнесі басқа ұқсас күйлерден ерекшеленеді.

Мазасыздану мәселесі нейрофридистердің арнайы зерттеулерінің пәні болды және ең алдымен К.Хорнидің. Хорнидің теориясында жеке тұлғаның үрей және мазасызданудың қайнар көзі биологиялық құштарлық пен әлеуметтік тыйымдардың арасындағы конфликт емес, ол – дұрыс емес адамдық қарым – қатынастар.

«Невротическая личность нашего времени» кітабында Хорни 11 жүйелік қажеттіліктерді атап етеді (К.Хорни, 1997).

  1. Сүйкімді болуға, басқаларға ұнауға байланысты жүйкелік қажеттілігі.
  2. Жалғыздықта қалуға қорқыныш, барлық күтулері мен армандарын орындайтын «серіктестікке» деген жүйкелік қажеттілік.
  3. Өз өмірін шектеуге, көзге түспей, елеусіз қалуға деген жүйкелік қажеттілік.
  4. Болжам жасап басқаларды ойлары арқылы басқаруға деген жүйкелік қажеттілік.
  5. Басқаларды қанау арқылы олардан жақсыны алуға деген жүйкелік қажеттілік.
  6. Абырой немесе әлеуметтік қадірлеушілікке, тануға деген қажеттілік.
  7. Жеке тұлғалық яғни өзінің өсіріп көрсетілген бейнесіне қажеттілік.
  8. Басқаларды озуға деген қажеттілік, жекелік жетістіктерге жүйкелік ұмтылушылық.
  9. Өзіндік қанағаттану мен тәуелсіздікке деген жүйкелік қажеттілік, ешкімге мұқтаж болмауға қажеттілік.
  10. Махаббатқа деген жүйкелік қажеттілік.
  11. Артық, кемел, қол жеткізуге деген жүйкелік қажеттілік.

Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру көмегімен адам үрейден құтылуға тырысады, бірақ жүйкелік қажеттіліктер тойымсыз, оларды қанағаттандыру мүмкін емес, ал бұдан шығатыны үрейден құтылудың жолы жоқ деп есептеді К.Хорни. Көп деңгейде К.Хорни С.Салливенмен жақын ол «жеке тұлға арасындағы теорияыны» құраушы ретінде танымал. Жеке адам басқа адамдардан жеке адамдар арасындағы ситуациялардан бөлектенуі мүмкін емес. Сәби өзінің туылған алғашқы күнінен бастап–ақ адамдармен өзара қарым – қатынасқа түседі және бірінші кезекте анасымен. Индивидтің ары қарай дамуы мен әрекеті жеке тұлға арасындағы қарым қатынастың өнімі болып саналатын бастапқы алаңдаушылық, үрей бар деп есептейді Салливен.

Салливен организмдерді кернеудің энергиялық жүйесі ретінде қарастырды. Ол белгілі бір шектердің арасында айнып тұрады – босаңсу, тыныштық күйі және кернеудің ең үлкен дәрежесі. Кернеудің бастаулары үрей және организм қауіптілігі болып табылады. Үрей адам қауіпсіздігіне шынайы немесе жалған қатерден туындайды.

Салливен, Хорни сияқты мазасыздануды тек қана жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерінің бірі ретінде қарастырмай, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде де қарастрады. Жақсы емес әлеуметтік ортаға жақындау нәтижесінде, ерте жастық шақта пайда болған мазасыздану, күнделікті және әрдайым адамның бүкіл өмірінде болады. Алаңдаушылық сезімінен құтылу индивид үшін «орталық қажеттілікке» айналады және оның әрекетін анықтайтын күш болып табылады.

Адам қорқыныш пен үрейден құтылу тәсілі болып табылатын түрлі әрекеттерді өңдеп шығарады. Мазасыздану түсінігіне Э.Фромм басқаша келеді (Фромм 1990). Хорни мен Салливенге қарағанда, Фромм психикалық дискомфорт мәселесіне қоғам дамуының тарихи тұрғысынан қарастырады.

Э.Фромм ортағасыр қоғамдық кезеңінде оның өндіріс тәсілдері мен топтық құрлымында адам еркін болған жоқ, бірақ ол жалғыз және бөлектенген жоқ, өзін осындай қауіп – қатерде сезінген жоқ және капитализмдегідей үрейді сезінген жоқ, сондықтан ол заттардан, табиғаттан, адамдардан, «жатырқаған» жоқ. Адам әлеммен бастапқы бастаумен байланысты болды. Фромм оларды алғашқы қауым болатын табиғи әлеуметтік байланыстар деп атады. Капиталзмнің өсуімен бастапқы бастауларынан айырылып ерікті индивид пайда болады, табиғаттан, адамдардан, айырылған, нәтижесінде ол терең сенімсіздік, дәрменсіздік, күманданғыш, жалғыздық және үрей сезімдерін сезінеді. Үрейден құтылу үшін жағымсыз еркіндікпен туылған, адам осы еркіндіктің өзінен құтылуға тырысады. Жалғыз жолы ол еркіндіктен қашу деп табады. Яғни өзінен — өзі қашу, ұмытуға тырысады және жаман өзіндегі үрей күйін басып жаныштайды. Фромм, Хорни және Салливен үрейден құтылудың түрлі механизмдерін көрсетуге талпынады.

Үрейдің көмегімен бала қорқыныштан құтылуы мүмкін, қарастырылған теорияларды анализдеп, және жүйелеп, авторлар өздерінің жұмыстарныда белгіленген, үрейдің бірнеше бастауларын, бөліп көрсетуге болады:

  1. Потенциальді физикалық зиянды үрей бұл алаңдаушлық түрі ауыртпашылық, қауіп – қатер, физикалық сәтсіздік стимулдарымен байланысудың нәтижесінде пайда болады.
  2. Махаббатты жоғалтып алудан үрей (ана махаббаты, құрбыларының сенімі).
  3. Үрей әдетте төрт жастан кем емес кезде байқалатын кінә сезімінен туындауы мүмкін. Біраз үлкен жастағы балалардың кінә сезімдері өзін кемсіту, өзіне деген ыза, өзін лайықсыз ретінде ойлап уайымдау, сезімдерімен сипатталады.
  4. Қоршаған ортаны меңгеріп алуға қабілетсіздіктен тындайтын үрей. Ол қоршаған орта бөліп шығаратын мәселелерді адам шеше алмайтынын сезінсе көрінеді. Үрей толық еместік сезімімен байланысты бірақ онымен пара – пар емес.
  5. Үрей фрустрация күйінде де пайда болуы мүмкін. Фрустрация қатты қажеттілік немесе қалаулы мақсатқа жетуде кедергі пайда болғанда, уайым ретінде анықталады. Үрей күйін әкелетін (ата-ана махаббатынан айырылу және т.с.с) және фрустрацияны туғызатын ситуациялар арасында толық тәуелсіздік жоқ және авторлар да осы түсініктердің арасын нақты айырып көрсетпейді.
  6. Үрей әр адамға сол немесе басқа дәрежеде тән. Болмашы үрей мақсатқа жетуге жұмылдыра әрекеттендіреді. Үрейдің мықты сезімі эмоциональді бұзылған болуы мүмкін және (отчаяние)…әкеледі. үрей адамға міндетті түрде шешілуі керек, мәселелерді ұсынады. Осы мақсатта түрлі қорғаныс механизмдері (тәсілдері) қолданады.
  7. Үрейдің пайда болуында үлкен мән отбасылық тәрбиеге беріледі, ананың роліне, бала мен ананың өзара қарым – қатынасына. Жастық шақ кезеңі жеке тұлғаның келесі дамуын болжайтын кез болып табылады.

Роджерс мазасызданудың басқа бастауын мынада деп көреді, сана деңгейінің астында жатқан құбылыстар бар және де егер олар жеке тұлға үшін қауіпті сипатта болса, онда оларды саналы тұрғыдан ұғынғанға дейінгі бейсана калпында қабылдап қоюы мүмкін. Бұл адам алаңдаушылықтық себептерін бағалай алмау күйіне, толқу үрей ретінде саналы қабылданатын, жүрек соғуы өсуінің реакциясының тудыруы мүмкін. Үрей оған себепсіз болып көрінеді.

Негізгі үрей және жеке тұлғаның негізгі конфликтін Роджерс жеке тұлғаның екі – саналы және санасыз жүйесінің қатынасынан шығарып қарастырады. Егер осы екі жүйенің арасында толық келісім болса, онда адамның көңіл күйі жақсы болып, ол сабырлы өзіне қанағатшыл болады. Және керісінше екі жүйе арасындағы келісім бұзылса түрлі уайымдау алаңдау, үрей пайда болады. Бұл эмоционалдық күйлерді ескертудің басты шарты тез арада, адам өзінің бағалаушылығын қарастыра алуы және жаңа өмір шарттары талап ететін болса, өзін өзгерту болып табылады. Сонымен Роджерс теориясының шиеленіс драммасы, ол өткен тәжірибесі нәтижесінде құрылған өзі туралы түсінігі мен қазіргі алынып жатқан тәжірибесі арасындағы индивид өмірінің процесінде пайда болады. Осы қарама – қайшылық мазасызданудың негізгі қайнар көзі.

Негізгі жұмыстардың анализі көрсеткендей шет елдердегі авторлар мазасыздану табиғаты түсінігін екі жақтан қарастырады. Мазасыздану түсінігі адамға о бастан-ақ берілген қасиет ретінде және мазасыздану түсінігін адамға дұшпан сыртқы әлемге реакциясы ретінде яғни мазасыздану өмірдің әлеуметтік шарттарынан шыққан.

Бірақ, осыған қарамастан мазасыздану түсінігін биологиялық және әлеуметтік деп бөлу принципті болар еді. Бірақ біз авторларды осы принцип бойынша бөле алмаймыз. Бұл екі көзқарас әрдайым көптеген авторларда қиылысып, араласады. Сонымен, Хорни немесе Салливен үрейді негізгі үрейдің бастапқы қасиеті деп есептейді. Бірақ оның әлеуметтік шығуын оның ерте балалық шақтағы қалыптасу жағдайына байланысты екенін белгілеп кетеді.

Фромм, басқа әлеуметтік ұстанымдардан тұратын сияқты, керсінше мазасыздануды табиғи әлеуметтік байланыстардың «алғашқы бастаулардың» бұзылуының нәтижесінде пайда болады деп есептеді. Ал табиғи әлеуметтік бастаулар дегеніміз не?  — ол табиғи яғни әлеуметтік емес. Онда үрей әлеуметтіктің биологиялыққа басып енуінен пайда болады. Осыны Фрейд те қарастырады, бірақ табиғи құштарлықтардың бұзылысы орнына, оның пікірінше, «табиғи байланыстардың» бұзылысы болып жатады.

 

1.2 Мектептегі мазасыздану проблемасын қарастыру.

Мектеп ең бірінші болып бала алдында әлеуметтік – қоғамдық өмірдің әлемін ашады. Жанұясымен қатар өзіне бала тәрбиесіндегі басты ролдерді алады. Осылайша мектеп баланың жеке тұлға болуына белгілі бір фактор болады. Оның көптеген негізгі қасиеті және жекелік сапасы өмірінің осы кезеңінде қалыптасып, олар қалай салынғанынан байланысты оның алдағы дамуы көбіне тәуелдік әлеуметтік қатынастардың ауысуы бала үшін маңызды қиындық екені белглі.

Мазасыз күй, эмоциялық кернеу, басты түрде балаға жақын адамдардың болмауымен, өмір қозғалысы мен үйреншікті шарттардың, қоршаған орта жағдайының өзгерісімен байланысты (Макшанцева 1998).

Үрейдің мұндай психикалық күйін нақты емес анықталмаған қатер сезімі ретінде анықтау қабылданған.

Келе жатқан қауіпті күту белгісіздің сезімімен үйлеседі: бала, ереже бойынша, неден қауіптеніп тұрғанын айта алмайтын күйде болады. осыған ұқсас қорқыныш эмоциясынан ерекшелігі, үрейдің белгілі бір бастауы болмайды. Ол араласқан және жалпы бұзылған іс-әрекетте, оның өнімін және бағытын бұзатын әрекет болып көрінуі мүмкін.

Мектеп баланы мазасызданудан айырып қорқыныш тұтқынынан шығара алады. Мұғалім, мектептегі оқиғаларды бағыттаушы мазасыз бала үшін «психотерапевт» бола алады және болу керек. Өйткені, оның қолында көптеген құрал: марапаттау ғана емес, «емдейтін де» баға, қоғамдық ұжым өмірі, сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстар

Үрей – уайым қайғының өте ауыртпашыл түрі. Белгісіз бір жақтан келе жатқан қатер, алақан терлеу, жүректің соқпай қалуы, «бір нәрсені лезде істеу керек» деп қалмайтын сезіну сиқты бәрімізге таныс сезімдер бір орында отырғызбайды. Ал, бірақ нақты нені және неден қауіптену, қашу керектігін – біз білмейміз.

Үрей – белгісіз нәрседен қорқыныш. Неміс философы Пауль Тилих жазды. Үрей – балмыстың жоқтығына қорқыту реакциясы. Бір нәрсеге үрей, аты, бейнесі  жоқ, бірақ адамның өзін, «менін» жоғалтуға қауіптендіретін.

Үрейді нақты емес анықталмаған, бағытталмаған қауіп, түсініксіз қатер сезімі ретінде анықтайды. Бұл белгісіз сезімімен сай келеді. одан қайдан қатер келетінін білмейді. Қорқыныш эмоциясынан айырмашылығы белгілі бір бастауы болмайды.

Қорқыныш пен үрейдің біріктіруші басы алаңдаушлық сезімі болады. Адам қатты алаңдаған (беспакойство) кезде сасқалақтап, қажетті жауап таппай, толқыннан дірілдей сөйлеп, және көбіне мүлдем сөйлемейді, қорыққан кейіпте болады. Ішінде бәрі «түседі» салқындайды, дене ауырлайды, аузы құрғап алақан ылғалданады, жүзі бозарып, адам түгелімен «терге батады». Бір уақытта ол көп қозғалыс жасайды, аяқты қайта – қайта айқастырып, тынымсыз киімін түзулеп немесе мүлдем қозғалыссыз қалыпқа енеді. Қатты алаңдаушылықтың осы көріністері ағза қызметінің психофизиологиясын қысымын айтады.

Мазасыздану басым болып алаңдаушылық күй мен қоса қозғалыс қозуы көрінеді. Яғни адам өзін кез-келген және керек емес жұмыспен де шұғылдануға тырысады. Қиын басқарылатын сөздер ағымы (логария) түрінде көрінетін, күтуге шыдамы жоқ сипат тән және де көп сөзділік түсінудегі артық байымдлық жалғыздық қорқынышын жоятын нәзіктік сезімі, жұмысбастылықты көрсететін үздіксіз қоңырау шалулар жаңа терістеліп тәуелділікке бел буу жойылады, барлық жаңалық белгісіз болып қабылданған соң, құлық кертартпа (консервативный) сипатқа ие болады. Бұл қатынас одан да көп үрейленуді туғызады.

Алаңдау күйіндегі қорқынышқа жай қозғалыс бір, жерде қатып тұру және аяғымен бір жерді қайта  қайта басу тән. Сөйлеу мәнері анық емес, ойлауы жігерсіз жүректе «ауыр», көңілі жабыраңқы. Депрессиядан айырмашлығы қайғы, апатия, өзін — өзі жою ойы болмайды. Басқа қорқыныш жауламаған тіршілік әрекеті белсенді өтеді. Осылайша қорқыныш күйі сайланбалы және динамикалық сипатқа ие.

Осыған орай мазасыздану холерикті ал қорқыныш – флегматик темпераментті байқатады. Ұзақ жасалған үрейлену аффекті және қорқыныш шынында да темпераменттің болып тұрған типтерін күшейтуге қабілетті.

Қорқу мен алаңдаушылық күйде адам күту қысымында болады, жиі қорқып, аз күледі, үнемі уайымдауда. Ол толығымен бұлшықеттерін босаңсыта алмайды, артығымен шаршайды, бас ауру тән. Шаршағанға қарамастан бірден ұйықтап кетпейді, әртүрлі ойлар болжаулар маза бермейді. Ұйқы жайсыз жиі түнде сөйлеу қатты демалу болады. Күнделікті өзінің «менімен» соғысатын, шатасқан түстер көреді. Ұйқы сезімі болмайды, ертерек оянуға тырысады.

Қатынас таңдамалы эмоционалды тура емес болып, ескі алаңмен шектеледі. Бейтаныс адамдармен қатынас қиындап, сөйлемді бастау ауырлап, сұраққа жауап беруде келеңсіздік туындайды. Бұл әсіресе телефонмен сөйлескенде байқалады, ойды жинап, негізгіні айту барысында.

Үрейлену абыржу, көбіне өзіндік намыс сезімі дамыған, жауапкершілік, өзін тануда басқалардың пікіріне жоғары қарайтын адамдарға тән. осыған орай мазасыздық өзінің өмірі үшін де жақындарның өмірі үшін де жауаптылық сезімінде көрініс береді.  Осыдан келіп, қорқыныш – одан өмрі мен саулығы үшін қатердің аффектті көрінісі болса. Алда болатын қауіп қатерді күшті эмоциональді сезімі.

Жекелік кескін ретіндегі мазасыздану күйі барлығында бірдей болмайды. «Мазасыз адам» — күнделікті шешімдер мен өзіне сенімді емес, әр уақытта сәтсіздікті күтетін, эмоционалды аумалы сенбейтін адам. Жекелік кескін мазасыздануы невроздың дамуына себеп болуы мүмкін. Бірақ ол құрлуы үшін одан үрейлену күйін жеңетін адекватты емес көп сәтсіз тәсілдерді өткізуі керек. Профилактика осындай балалар үшін сенімсіздікті, толқуларды эмоционалды тұрақсыздықты жеңуге болатын тиімді тәсілдерді табу қажет.

1.3 Мазасызданудың себептері

Үрейдің туындау себебі ішкі конфликт, баланың бір қалауы екіншісіне, бір қажеттігі екіншісіне қарама – қарсы болғандағы пайда болатын қайшылықтар. Баланың ішкі қайшылық күйі: түрі бастаудан келетін балаға деген қайшылық (мысалы ата – ана біресе рұқсат беріп біресе қатаң түрде тиым салады); баланың мүмкіндігі мен ұмтылысына сай келмейтін адекватты емес талаптар; баланы пәс, тәуелді жағдайда болатын жағымсыз талаптардан келіп шығады. Үш жағдайда да «сүйенішті жоғалту» сезімі өмірдің бекем бағытын жоғалту, айналадағы ортаға сенімсіздік туады.

Ішкі конфликт негізінен балада сыртқы конфликт жатады – ата – анамен, отбасы және мектеппен, құрдастарымен үлкендермен. Барлық уақытта қоршаған орта жағдайы басының ішкі қайшылықтарына айналмайды. Егер де әжесі мен анасы бір – бірін ұнатпай оны әртүрлі етіп тәрбиелесе, әрбір бала мазасыз келмейді. ол, тек, бала конфликтегі екі жақты да жүрегіне жақын қабылдаса ғана – үрейленудің жасалуына бүкіл жағдай жасалады.

Бала жанында тәрбиелену жүйесі емес, өзіндік қалауы – анасын ренжітпеу, әжесіне ұнау қайшылыққа түседі. Осылайша отбасының ажырасуы да балаға әсерін тигізеді. Неге осы сияқты сыртқы конфликттер бір балаларға тереңінен батып, ал кейбір балаларға онша әсер етпейді. Себеп көп, бірақ бастысы – бала үшін қандай қатынастың мәнді болуы. Егер оқушыға мұғалім пікірі қымбат болмаса, ол конфликттен құтылуға тырысады, бірақ жаны күйзелмейді.

Қатынас шеңбері кең болған сайын, үрейленудің қалыптасуына негіз болатын ситуациялар да көп болады. Бірақ баланың әлеммен қатынасы тар болса да, бала толығымен өсіп дами алмайды. Егер де, мысалыға алатын болсақ, бала үшін мәнді тұлға тек анасы ғана болса, онда олардың арасындағы қатынастың мәнді емес жақтары да жан күйзелісіне айналады. Сүйеніштің көптеген бастауы болса конфликт үрейленуге алып келмейді.

Ешкім де конфликттен қаша алмайды; сонда бала өмір бойы осылай өтеді ме? Олай емес. Кенеттен ит үргенінен, айқайлаған мұғалімнен, жанұядағы ұрыстан, неврозбен ауырып қалатын балаларда онша емес немесе тіптен болмайды. Мұндай бірегей стрестерге бала біз ойлағаннан әлдеқайда мықты. Табиғат адамды жағымсыз ситуациялардан құтқаратын, мықты ұмыту механизмімен қаруландырды.

Үрей бала жанына егер оның маңызды қажеттілігі қалыптасуы кедергі болатын конфликт кезінде ғана енеді.

Бұл маңызды қажеттіліктерге жатады: физикалық өмір сүруге қажеттілік (қорек, су, физикалық қауіп-қатерден босану); адамға, топқа деген жылуарлық, жақындық қажеттігі; тәуелсіздікке, өз «меніне» құқығның тануына қажеттілік; қабілеттерін алуға, өзінің жасырын күштерін, өмірлік мән және құндылыққа деген қажеттілік.

Мазасызданудың жиі себептері блалаға деген жоғары талап, тәрбиелеудің догматикалық жүйесі, баланың белсенділігін қызығушылықтарын, икемділігі мен қабілеттілігі ескермеу. Кең тараған тәрбиелеу жүйесі – «сен өте жақсы болу міндеттісің». Ұят сезімі балаға келгенде өзіне тым қатал болу, ал тану процесін емес, міне осындай үлгерімді балаларда үрей көріністері байқалады,болады. Кейбір ата-аналар балаларына өнерде, спортта олардың мүмкіндіктері жетпейтін үлкен жоғары жетістікке жетуге бағдар береді (ал бұл шартқа сәйкестелу мүмкін емес). Осы сияқты балаға бейтанысты (бірақ ата – анасы жоғары бағалайтын) жабыстырады. Мысалы туризм. Бұл жаттығулардың бәрі де жақсы, таңдауды бірақ, бала өзі жасауы қажет. Оқушыға қызық емес жұмысты қинап бергенен ол сәтсіздікке ұшырайды.

Баланың адалдық, тіл алу, тиянақтылық сапаларын шынықтыруға тырысуда мұғалім баланың күйін одан әрі қиындатады. Жауапкершілікті көп артады сөзсіз жұмысқа адал қарауы қажет,бірақ оқушы жұмысы (оқу) – ерекше онда нәтижеден гөрі процесс маңызды. Егер жұмысшы мысалға өндірістегі қандай болмасын бөлшек үшін яғни нәтижесі үшін еңбектенсе, ал бала есепті шығару үшін оқымайды: ол есеп баяғыда шығарылып жауабы оқулық соңында енгізілген. Оқудың мәні- даму процесінде нәтижеге бағытталуда алатын бағада. Бала онымен қатынас жасаушылар үлгеріміне байланысты екенін сезінеді. Сөйтіп баға оқушы үшін ата – ана мен сенімінен шығу құралы болады.

Мазасыздану деңгейі ұл бала мен қыз балада әртүрлі. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда қыздарға қарағанда мазасыздануы көп болып келеді. 9-11 жаста ұл және қыз балада мазасыздану бірдей болып 12 жастан ары қарай ұл балаларда қиын бұзылыстар кездескенімен жалпы үрей деңгейі қыздарда өсіп ұл балада азаяды.

Балалар мен қыздар мынамен ерекшеленеді, олар үрейді қандай ситуациямен байланыстырады, оны қалай түсіндіреді, неден сескенеді. Адам жасын физикалық деңгейі ғана емес, оның қоршаған әлемге байланысты мінездемесі, уайымдау ерекшелігі де бейімделеді. Мектептік кез – адамның маңызыды өмірлік сатысы ол кезде оның психологиялық бейнесі, уайым –қайғы сипаты өзгереді.

Бұл жастағы қорқыныштың деңгейі дегеніміз «ондай болмау» яғни нақтыласақ «ондай болмау» ол үлгермеу,оны емес және олай емес істеу, жазаға тартылу. Бұл қорқыныштың барлығы әлеуметтікке белсенділіктің жоғарылауын, жауапкершілік міндеттілік нығаюын білдіреді. Балалар   жүздерінен қорқыныш байқалып селк етеді, өзін-өзі басқаруды, ойлауға, сөйлеуге, қабілеттілікті жоғалтады.

1.4 Мектептегі мазасызданудың негізгі факторлары

Бала мектептік өмірдің жаңа сатысына қадам аттап жаңа қорқыныштармен соқтығысады.

  1. «Мектептік фобия» термині балада мектепке бару алдында туындайтын қорқынышты білдіреді. Бірақ бұған жалғыз мектеп емес, сонымен қатар үйден кету.
  2. Көп ауырып ата – ана қамқорлығында көп болған баланың айырылысуы қиын.

Кейде ата – аналардың өздері мектептен қорыққандықтан балаларына санасыз осы қорқынышты сендіреді, оқу басындағы проблемаларды айтып балалырының орнына есепті шығарып береді. Оларды тым артық бақылауда ұстайды.

Ереже бойынша өзіне сенімді сүйікті құрдастарымен болғысы келетін және оқудағы проблемаларды өз бетінше шешуге тырысатын белсенді балаларда мектепке бару алдындағы қорқынышты сезбейді. Басқа жағдай, егер бала анасына тым жақын болып құрдастарымен қатынаста керекті тәрбиені мектепке дейін жинап үлгермесе бұл балалар «ата – анасының үмітін ақтай алмаймын ба?» деп қорқып мектепке бейімделмейді, қиын болып мұғалім алдында қорқады.

Мектепке барғанда ол қателік ақымақтық жасау, ұятқа қалу, күлкіге қалу сияқты қорқыныш сұрақтары туады. Сұраққа үрейшіл балалар жауап беруге қорқады, әсіресе тақта алдында. Тақта олар үшін – өзіндік  жазалайтын орын. Бұл эмоционалды сезімтал, әлсіреген, жиі ауыратын, «кім күшті» екені анықталып қойған сыныптарға жаңадан ауысқан балаларда көп болады.

Үрейленудің үдемелі қарқындылығы бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін екі есеге өседі. Бастауыш сыныпта үреуленуді баға, тексеру, тақтаға шығып айту, сынақ, көпшілік алдында сөйлеу туғызады.

Көбіне бала қысымын жеңілдететін жанұясы болып табылады. Отбасында бала жеке тұлға ретінде нақтыланады, өз уайымдарымен бөлісетін шеңбер табады, бір нәрсені бөлуді жөн көрмесе, бөліспей қоя салады. Осы эмоционалдық фундаментті бере алмаған отбасы қиыншылықтар алдында және әлемнің қайшылықтары алдында баланы қорғансыз қалдырады. Сондықтан ол жан сүйенішін  басқа ересектер арасынан іздей бастайды.

«Жанұя мектептің бірлігі» қағидасына қаншалықты абай болу қажеттігі осыдан түсінікті болып отыр. Жақсы мұғалімнің өзі де баланың жекелік ерекшелігін ескермей, қателесуі мүмкін. Осы кезде жанұя мен мектеп бір-бірінің әрекетін қайталамай, жай ғана толықтырып отыруы қажет. Көбіне біріккен мектеп пен жанұя былай көрінеді: ата –аналар жақсы бала деп – жақсы оқитын, үйдегілермен тату тұратын, үйге мақтау қағаздарын тағы басқа әкелетін үлгерімді бала деп таниды. Ал мұнда отбасы мен мектеп бірігіп балаға қарсы шығады.

Жиі жақсы мұғалімді үрей бойын алған балалар болмайды, ол мектепке дейін қалыптасса да қорқыныш сезімі күшін жояды. Олар өзінің мақсаты деп балаға өзіне деген сенімділігін қайтару деп біледі.

Бірақ көп балалар басқа мектепке шартты жағдайда оқиды. Мектептік шақты олардың ескі отбасының қалыптасқан мәселелеріне қосымша тағы да жаңа одан да қиын проблемалар қосылады.

Оқушы үшін түрлі жылдарда әртүрлі адамдардың қарым – қатынасы маңызды. Бастауыш метеп жасындағылар әсіресе бірінші сыныпта бірінші кезекте мұғалімге өте жақсы ұнауға тырысады. Егер де мұғалім нашар баға қоятын болса онда кіші мектеп оқушысының пікірі — ол мені жақсы көрмейді.

Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануының жоғарылуының тағы бір маңызды себебі – олардың физиологиялық және интеллектуалдық дамуының жеткілікті деңгейде болмауы. Мектепке қадам басу кезі жастың дағдарысымен сәйкес келеді, одан әр бала түрлі кез бен әртүрлі үйренулерді алып шығады. Біреу белсенді де тез түсінетін, басқасы жай қозғалатын, үшіншісі ақымақ және ашуланшақ. Уақыт өте келе, балалар өздеріне деген сенімділікті жоғалтып алмаса, олардың қабілеттері біршама бірдей деңгейге жетеді.

Кім үлгермесе тығырыққа тіреледі. Ал кім «өте жақсыға оқыса, онда кездесетін бірінші сәтсіздіктен құлайтын» жұлдыз ауруына шалдығуы мүмкін.

Кейде балаға жоғары талап қоятын бастау ғана маңызды болып, ал маңызы мен бағыты маңызды болмайды. Мысалға ол үшін қандай баға алғаны бәрібір, тек анасын ренжітпеуге бола тырысып, бар күшін салып оқиды.

Басқа жағдайларда осы жоғырғы талаптар балаға сіңіп, оның жеке өзінің талаптарына айналады. Бірақ оның  санасында «істей алмасамшы» және де «міндеттімін» деген «қайшылықты комплекс» пайда болады.

Осыдан «оқу бәрінен жоғары» принципі бойынша тәрбиеленген бала «4» алғанда қорқыныш жаулайды. «Мен — өте жақсы оқимын» бейнесі оның өзіндік сипаты болған соң, ата – анасының 3,4 қорқынышты баға емес деген сөзі оған көмектеспейді.

Баланы оның жетістіктері бойынша  бағалау (мектепте, секцияларда) – оны ішкі конфликтке ұшырату деген сөз. Өйткені, қашан да болмасын баланың жанында одан да көп жетістікке жеткен адам табылады.

Мазасызданудан босану мүмкін, егер ересектер түсінсе: кез-келген бала ол жақсы оқитын, белсенді немесе жай қимылдаса да – жақсы көрінушілік пен құрметке лайық; адамның құндылығы, бағасы, марапаттаулары оның басқа да сәттілік белгісіндегі шарттары емес, оның өзінде яғни адамгершілік қасиеттерінде.

Әлде де балаларының ашық түрде қадірін түсіріп, ұратын отбасылар кездеседі. Мұндай жағдайдар көбінесе маскүнемдер үйінде болады. Мұндай ситуациялар қорқынышты бірақ мазасыз балалар мұндай отбасыдан шықпайды. Осы жанұядағы бала ашуланшақ немесе эмоционалды түрде ересектердің жанынан алшақтап достық пен эмоционалды жақындықты сырттан іздейді. Егер тапса оның жақсы дамуына барлық жағдай бар.

III. Қорытынды

Балалық мазасызданудың тамыры – баланың қызығушылықтарын қанағаттандырудан емес ол тұрақсыз, сенімсіз ал кейде жай адамша махаббат баланың ішкі қайшлығын тудырады. Ал басқаша қалай? – ол біресе жақын біресе алыс біресе бар шапағатқа бөленеді. Біресе неге екенін өзі де білмейді – жазаланады. Үрейленудің мәні – бала жанының ішкі қарама – қайшылығы. Бала кәдімгдей өзіндегі қарсы күштерді сезінеді. Оның біреуі ата – анасына тартады. Басқасын итермелейді, алыстатады. Ол махаббатты, мейірімді сезінеді (ең болмағанда оның белгісін көреді), бірақ сол мезетте қатар осы махаббатты жоғалтып алу қорқынышын да сезеді. Ол оның берік екеніне сенбейді.Мұндай қорқыныш кез-келген жазадан да қорқынышты. Мазасызданудан босану мүмкін, егер ересектер түсінсе: кез-келген бала ол жақсы оқитын, белсенді немесе жай қимылдаса да – жақсы көрінушілік пен құрметке лайық; адамның құндылығы, бағасы, марапаттаулары оның басқа да сәттілік белгісіндегі шарттары емес, оның өзінде яғни адамгершілік қасиеттерінде.

Әлде де балаларының ашық түрде қадірін түсіріп, ұратын отбасылар кездеседі. Мұндай жағдайдар көбінесе маскүнемдер үйінде болады. Мұндай ситуациялар қорқынышты бірақ мазасыз балалар мұндай отбасыдан шықпайды. Осы жанұядағы бала ашуланшақ немесе эмоционалды түрде ересектердің жанынан алшақтап достық пен эмоционалды жақындықты сырттан іздейді. Егер тапса оның жақсы дамуына барлық жағдай бар

 

Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш және мазасызданумен қалай күресуге болады? Немесе, олардың мектептегі үлгеріміне әсерін барынша төмендетуге болады? Ең бірінші оның негізінде, астарында қандай психологиялық құбылыстар бар екенін анықтап, соған байланысты көмек берудің ең тиімді тәсілін таңдау керек.

ақтай отырып бағалау.