Гүлдер Тұманбай Молдағалиев

Пән мұғаліміӘлимағанбет Бағдат Сембайқызы
Күні: 6.02.2014Сабақ 2
Сабақтың атауыГүлдер Тұманбай Молдағалиев
СілтемеПризентациялар,слайдтар.

4-сынып «Ана тілі » оқулығы Атамұра баспасы

Жалпы мақсатыБілу:Оқушыны Тұманбай Молдағалиевтың «Гүлдер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу; өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға, өз ойын қорытындылай алуға,  әсемдікке, адамгершілікке баулу.

Есте сақтау:

мәтінмен жұмыс жасай отырып, жаңа ақпараттарды есте сақтау;

Оқу қаблеті:маңызды ақпаратты диалогтен табу, диалогтың ең басты мазмұнын түсіну;

Пікірталас:

Оқу нәтижелері-Сыни ойлауға ,басқаның пікіріне сыни қарауға үйретеді.

-Сұрақ-жауап арқылы диалогтік сөйлеуді қалыптастыру.

-Өз пікірін  ашық білдіреді.

-Оқушы бойында көшбасшылық қаблеті қалыптасады.

— Дарынды, талантты оқушылардың қаблеттері анықталады.

-АКТ-ны тиімді  қолдануға үйретеді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

 

Сабақта оқушылар тапсырманы дұрыс орындауға және өзін-өзі тексеруге қажетті,, заман талабына оқытудың жаңа әдістерін,  жаңа білімді игеруде қолдану
Қолданылған ресурс және қөрнекіліктерОқулық,интерактивті тақта,слайдтар,тақырыптық суреттер,формативтік бағалау құралдары,таратпа материалдар
Сабақ барысы1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Топқа бөлу

3.Миға шабуыл

4.Ақпараттық коммуникативтік техналогия

5.Өзін-өзі реттеу тәсілі

5.Бірлескен оқу

6.сыни тұрғыдан ойлау

8.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

9.Бағалау

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

 

 

 

 

1Ұйымдастыру бөлімі

— Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптарды сұрау

Жарыс ұйымдасьтырылады

3.Жаңа материалды хабарлау.

Сабақтың тақырыбы:

«Гүлдер»Т. Молдағалиев

 2Топқа бөлу.
                           3 Миға шабуыл:

Қандай гүлдерді білесіңдер?Үй гүлдері мен дала гүлері қандай болады ? Ерекшеліктерін ажырату, адам өмірімен маңызын ата?

Тиімділігі:Сабақ тақырыбын сыни тұрғысынан ойлап,ойын еркін жеткізе алады

                     4Сыни тұрғыдан ойлау

Тұманбай Молдағалиев – қазақтың белгілі ақыны. Ол табиғат сұлулығын суреттеудің аса шебері. Т. Молдағалиев Жайлы білетіндерін ортаға салу

Тиімділігі:оқушылар пікір алмасу арқылы оз ойларын сыни тұрғыдан жеткізе алу

                    5Диалогтік оқыту

Топ бойынша сұрақтар дайындалады, жауаптары тыңдалады.

Тиімділігі: түсінік қалыптастыру, бір-бірінің пікірлері тыңдалады.

                    6Өзін-өзі реттеу  тәсілі

  І тапсырма: «Ой қозғау» ойыны.

Жасырынған топтың атын табуы тиіс.

1 топтың аты: түбірі «тапты» деген сөзде, жұрнағы «қасқыр» деген сөзде, жалғауы «балалар» деген сөзде кездеседі. (Тапқырлар).

2 топтың аты: түбірі «ойын» деген сөзде, жұрнағы «сыншыл» деген сөзде, жалғауы «қаздар»  деген сөзде кездеседі. (Ойшылдар)

  3 топтың аты: түбірі «қолөнер» деген сөзде, жұрнағы «аспаз» деген сөзде, жалғауы «қыздар» деген сөзде кездеседі. (Өнерпаздар)

Топ атын анықтап алғаннан кейін әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

ІІ тапсырма: 1  топ – «Тапқырлар» тобы гүл күлтелеріне гүлге қатысты сипаттау сөздерін тауып жазады. 2  топ – «Ойшылдар» тобы өлең ішінен қайталанып тұрған сөзді тауып, ақын не үшін бұл тәсілді қолданғанын анықтауы керек. 3  топ – «Ойшылдар» тобы гүлдің суретін салып, бір шумақ өлең шығарады.

ІІІ тапсырма: «Шатасқан шумақтар» ойыны. Өлеңжолдарының орны ауысып кеткен екі өлең беріледі. Оқушыға сол өлең жолдарын мағынасына, ұйқасына қарап, қайта жазып шығу тапсырылады. Мұндай тапсырмалар оқушыны байқағыштыққа, сөздің мән-мағынасын, ұйқасу жолдарын түсінуге үйретеді.

Гүлдер, гүлдер не түрлі

Бастады той думанын жазық дала,

Құлпырды да жетілді

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

Барлық дала өртеніп

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Бара жатқан секілді.

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.

І.      Бастады той думанын жазық дала,

        Күркіреп жатыр тулап сай мен сала

       Малшылыр өрісінен қозы терсе,

       Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.    («Көктем жыры» Мәриям Хакімжанова)

ІІ.     Гүлдер, гүлдер не түрлі

        Құлпырды да жетілді

       Барлық дала өртеніп

       Бара жатқан секілді.                   ( «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев)

Тапсырма: ұйқассөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ өлең құрастыру.

Гүлдер, гүлдер, көп      гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк       гүлдер,

Күлімдейді  қарап       балаға,

Жүгіріп шыққан          далаға.

Жұлып алды                 біреуін,

                     7 Бірлескен оқу

Бүгінгі сабақтар түйгендерін ортаға салу

Тиімділігі: дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың   бірлесіп тапсырмалар орындауы, топпен жұмыс

Қортындылау

 

 

Бағалау

             8Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Тиімділігі: топтық жұмысқа бағыт бағдар беру және топ жетекшілері  өз топтарына жетекшелік  ету.

9 Жұптық бағалау

Тексерілді:__________________