Дыбыс және әріп

 

 

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

   Сабақтың мақсаты: дыбыстардың дауысты және дауыс-

сыз болып белінетінін, дауысты дыбыстардың өзі жуан және

жіңішке болып бөлінетінін еске түсіру.

   Сабақтың кернекілігі: сурет салынған плакат, дыбыстар жіктемесінің кестесі.

   Сабақтың барысы:

   Үй тапсырмасын тексеру

1, 2-сыныпта «Дыбыс пен әріп» тақырыбы бойынша өткізілген оқу материалдарын еске түсіру.

а) Сұрақтарға жауап беру:

1.Дыбыс дегеніміз не?

2.Әріп дегеніміз не?

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  1. Әліпбиде әріптер қалай беріледі?

ә) Сурет бойынша жұмыс

Ауызы жабық баланың ретіАузын О сияқты ашып тұрған баланың суреті
Аузын керіп ашып тұрған баланың суретіЕзуін керіп ашып тұрған баланың суреті

Сұрақтар:

  1. Бірінші суреттегі бала қандай дыбысты айтып тұр? (Аузы жабық. Ешқандай дыбыс шығара алмайды).
  2. Екінші (үшінші, төртінші) суреттегі балақандай дыбысты айтып тұр?
  3. Дыбысты айтуға адамның қандай мүшелері қатысады?

Оқушылар дыбысты айтуға өкпе, өңеш, мұрын, ауыз,
ерін, тіл, тіс, таңдай қатысатынын, дыбыстарды құлақпен,
еститінімізді айтады.

Әр мүшенің дыбыс шығарудағы қызметі түсіндіріледі.

  1. Кесте арқылы дыбыстар туралы алған білімдері бекітіледі.
Дауысты дыбыстар: а, ә, е, о, ө, ү, ұ, ы,і,и,(у),э,ё,ю,я.

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы.

Жіңішке дауысты дыбыстар ә, ө, і,

ү,е.

Э, ё (йо) әріптері орыс және өзге

шет тілдерінен енген сөздерде

кездеседі. Мысалы: эстетика,

электр, Серёжа,Алёша. т.б.

Ю әрпі мынадай сөздерде жазы-

лады. Мысалы: ою, тою, қою, жаю

т.б.

Ю әрпі орыс және шет тілдерінен

енген мынадай сөздерде

қолданылады: люкс, полюс т.б.

Я әрпі мынадай сөздерде кездеседі.

Мысалы: мия, сия, қияқ, қияр, т.б.

Я әрпі орыс және шет тілдерінен

енген мынадай сөздерде

қолданылады: Яша, янтаръ, т.б.

 

Сөздің бір дыбысы өзгерсе,

оның мағынасы өзгереді.

Мысалы:

Жол — сол, тол, мол, қол,

бол.

Сөзде қанша дауысты

дыбыс болса,сонша буын

болады.

Ә-ріп-тер (3 буын),

эт-кен-шек (3 буын),

орын-дық (3 буын),

бауыр-сақ (3 буын).

Жазу жолына сыймаған

сөз буынға бөлініп,тасы-

малданады (келесі жолға

жазылады).

Мысалы:

Оқушылар мектеп аула-

сына неше турлі ағаш

отырғызды. Қыздар

отырғызылған

көшеттерді суарды.

 

 

   Жаңа сабақ

— Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айтыңдар?

Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1-жаттығуда берілген сөздердің әрбірінде неше дыбыс, неше әріп бар екенін тауып, сосын оның алғашқы үш сөзіне дыбыстық талдау жасауға тапсырма беріледі.

   Мысалы:

Асқабақ — 7 дыбыс, 7 әріп, 3 буын.

   А — жуан дауысты дыбыс.

   С — қатаң дауыссыз дыбыс.

   Б — ұяң дауыссыз дыбыс.

Жемістерді бір бөлек, көгөністерді бір бөлек көшіріп жазады.

2-жаттығу. Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар сөз, сосын бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздер, одан кейін құрамында жуан да, жіңішке де дауысты дыбыстары бар сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрауға тапсырма беру керек.

— Осы сөздердің ішінде тасымалдауға келмейтін сөз бар ма?

Бар. Ол — қант сөзі. Себебі бұл сөз бір ғана буыннан тұрады.

3-4-жаттығу да осындай ретпен орындалады. Ал 5-жаттығуда сөздің бір дыбысы өзгерсе, оның мағынасы өзгеретіні еске түсіріледі.

   Ақ — түстің белгісі.

   Шақ — кез, уақыт.

   Ұшақ — көлік түрі.

   Құшақ алға созылған екі қолдың арасы.

   Сабақты қорытындылау

  1. «Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерді қатыстырып бірнеше сөз құрайды.

   Б       а       қ        ж       ш       т        д

   А      о        ы       у        і         л        е         к           қ

Мысалы: бақыт, дауыл, т.б.

— Құрастырған сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?

— Бір сөзге дыбыстық талдау жаса.

  1. Осы тақырып бойынша дидактикалық материалдарда немесе «Қызықты грамматикада» берілген тапсырмаларды орындаура тапсырма беріледі.

Осылайша оқушылардың дыбыс пен әріп туралы алған

білімдері пысықталады.

Үйге тапсырма мұғалімнің өз қалауынша беріледі.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

   Сабақтың мақсаты: мәтін туралы алған білімін әрі қарай   ілдіру;   мәтіннің   сөйлемнен   айырмашылығын анықтай білу; мәтін құрастыру, оған тақырып таңдай білу дағдыларын арттыру.

   Сабақтың әдісі: «Пирамидалық оқиға», «Кубизм», «Бір айналым сөйлесу», стратегиялары.

   Сабақтың барысы: Қызығушылыты ояту

«Пирамидалық оқиға» стратегиясы қолданылады

1.—————

2.—————-

3.——————-

4.———————

5.————————

6.————————-

7.—————————-

Мұндай сызба барлық оқушыға таратылады. Берілген
тапсырма осы жолдарға жазылады.

1.Оқиға кейіпкерінің атауын беретін (адам, аң,  өсімдік, жансыз зат, т.б.) 1 сөз.

2.Кейіпкердің сырт бейнесін, мінезін, түрін анықтайтын

  1. Оқиғаның болған орнын анықтайтын 3 сөз

4.Оқиғаның өтуін түсіндіретін 4 сөзден тұратын сөйлем
5. Оқиғаның шығу себебі (5 сөз)
6. Әрі қарай не болды? (6 сөз)

  1. Оқиға қалай аяқталды? (7 сөз)

   Мағынаны тану кезеңі

Оқулықта берілген жаттығулар орындалғаннан кейін «Кубизм» стратегиясын қолдануға болады Ол үшін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Неше топ болса текшенін сонша жағына тапсырмалар жазылады. Текшені топтың ортасына тастағанда, әр топ отырған жаққа қай жағындағы тапсырма  түссе, топ сол тапсырма бойынша дайындалады.

1-тапсырма. Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын айт.

2-тапсырма. Мәтіннің тақырыбын қалай таңдау керек?

3-тапсырма. Мәтіннің басталуы деген не?

4-тапсырма. Мәтіннің аяңталуы деген не?

5-тапсырма. Мәтінді қалай құру керек?

Бұл тапсырмаларды мұғалім қалауынша өзгерте алады.

   Ойтолғаныс

Топтың санына қарай тақырыптар жазылады. Әр топ тақырып таңдап алады. Топтың таңдаған тақырыбына қарай әр оқушы бір сөйлемнен жалғастырып жазып, 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан мәтін құрастырады. Бұл стратегия «Бір айналым сөйлесу» деп аталады.

   Сабақтың тақырыбы: Мәтін

   Сабақтың мақсаты: мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.

   Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою», «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.

   Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу үшін шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып жайылып қойылады. Мазмұны жағынан әртүрлі мәтін беруге болады.

Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтінінің мазмұнын айтқызуға болады.

   Мағынаны тану кезеңі

Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

1-жаттығу арқылы әңгімелеу мәтінін қалай құрастыруға болатынын еске түсіру керек. Оқушылар «Жайлаудағы бір күнім» тақырыбында әңгімелеу мәтінін құрастырады.

«Сұлтан Бейбарыс» мәтіні бойынша жасалатын жұмысты «Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүргізуге болады. Мәтін 3, 4 бөлімге бөлінеді. Әр бөлімді оқып болғаннан кейін, бір топ сол бөлімнің авторы болады да (қай топ автор болатыны оқып болғаннан кейін айтылады), қалған топтағы оқушылар сол бөлім бойынша авторға өздерінің сұрақтарын қояды. «Автор» болған топ мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді, қиын сөздерге түсінік береді. Оқиғаның әрі қарай қалай жалғасатынын болжайды. Сол бөлімге тақырып қояды. Ал екінші бөлімге басқа топ автор болады. Жұмыс осылай жалғасады. Авторлардың әр бөлімге қойған тақырыбы тақтаға жазылып отырады. Бөлімге қойылған тақырыптар негізінде мәтіннің жоспары құрылады. Мұғалім өзі таңдап әкелген мәтіндермен әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жұмыс істеуіне болады.

Оқушылар мәтіннің жоспары туралы толық түсінік алғаннан кейін, 3-жаттығуда берілген жоспар бойынша мәтін құрылады.

   Ойтолғаныс

«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір-бір тақырыпты таңдап алады.

Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады. Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1-оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2-оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3-оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4-оқушы оқиғаға өз көзқарасын білдіреді.

 

 

Тақырыбы:   Қайталау. Ауызша қосу және азайту

 

Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру; есептің дұрыстығын тексеру үшін қосу және азайту кезінде сандар арасындағы байланыс туралы білімдерін саналы түрде пайдалануға үйрету.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Балалар көздерін жұмып, мұғалім сөзіне мұқият құлақ салады, оның әрбір сөйлемінің соңындағы сөзді хормен дауыстап айтады.

— Сабақта біздің көздеріміз ықыласпен қарайды және бәрін …көреді.

Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және бәрін … (естиді).

Басымыз өте жақсы … ойлайды.

  1. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу, жылдамдықтарын арттыру үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады:

— санды  2 санға жіктеп жаз, ол сандардың біреуі берілген.

340 = 100 +          570 = 310 +  100 = 90 + 

231 = 101 +        190 = 150+       440 = 320+ 

— мына сандардың тек бірліктерін ғана қосыңдар:

11      46     42     12      98     63     97

— Мына сандардың тек ондықтарын ғана қосыңдар:

49     25     14      63     61      35     17      29

—     Ең кіші санды ата; ең үлкен санды ата; ол сан ең кіші саннан неше артық? Әр санды ондықтар мен бірліктерге жікте.

Көркем жазу минутына мына сандарды өсу ретімен жазу ұсынылады:

920     901    415    798    642      538      126      514

Ауызша есептеу дағдыларын арттыру үшін №1 тапсырма берілген.

«Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептетуге болады.

Ойынның   мақсаты:   оқушылардың   есептеу   дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтаға мысалдар тізбегі жазылған, балалар соңғы нәтижесін тауып, алынған жауапты карточкалар арқылы көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, оқушылар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше адам дауыстап айтады, содан соң тексеріледі.

32 + 8-5 + 7-12 + 6-18 + 50

75-14 + 9-20 + 5 + 26-9 + 20

80-20 + 5-25 + 3-17 + 41-5

  1. Өткен материалды қайталау.

№2 және №3-тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың есептеу тәсілдерін түсіндіргені жөн. Бұл тапсырмаларды түсіндіре отырып тақтада орындауға болады немесе өздік жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеру керек.

№2 тапсырманы орындамас бұрын амалдарды тексеру ережесін, яғни қосуды азайтумен, азайтуды қосумен тексеруге болатынын еске түсіру. Ол үшін мынадай жалпылама сұрақтар қойылады: «Қосу амалын қандай амалмен тексереміз? Азайту амалын ше? Азайту амалын азайту амалымен тексеруге бола ма?» Содан кейін 3-жаттығу орындалады.

№4 (а) жаттығудың шешуі орындалады. Есепте не белгілі және нені білу керек екені анықталған соң, мұғалім сұраққа бірден жауап беруге бола ма, егер жоқ болса неге, алдымен нені білу керек екенін сұрайды. Қандай амалмен орындалатындығы анықталады. Оқушылар есептің қысқаша жазылуын құрастырып, тақтада шығарады. Содан соң оқушылар №4 (б) жаттығуды орындайды: алдымен тапсырманы толықтырып, оны өз беттерінше шешеді.

№5 жаттығудың бір бөлігі (1 баған) түсіндіріле отырып тақтада ор ындалады. Өздік жұмыс ретінде қалған өрнектерді беруге болады.

№7 жаттығу көбейтудің нақты мағынасын үйретуге дайындық болып табылады. Сондықтан балаларға тағы осындай бірнеше тапсырма беруге болады.

№8 логикалық тапсырманы өз беттерінше орындатуға болады, содан кейін тексеру жүргізіп, моншақтың суретін салуды ұсыну керек. Жауап: 5 қызыл, 15 ақ моншақ.

 

  1. Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №6 жаттығуды беріп, соңынан тексеруге болады.

  1. Сабақты қорытындылау

Сабақтың қорытындысын шығару үшін бірнеше оқушы «бақылаушы» рөлін атқарады. Оларға сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасау тапсырылады.

Үй жұмысы ретінде №4 (ә) тапсырма беріледі.

   Өздік жұмыс ұйымдастыру үшін қосымша материал.

Кестені толтыр:

 

326326300 + 20 + 6
785    
82    
548    
303    
698    
358    

2.Жаз:

Ең кіші үш таңбалы сан — _ _ _ _ _ _ _

Ең үлкен екі таңбалы сан – _ _ _ _ _ _

Ең үлкен үш таңбалы санның алдында тұрған сан — _ _ _ _ _ _

600 санынан кейінгі сан – _ _ _ _ _ _ _

498 бен 501 сандарының арасында тұрған сандар -_ _ _ _ _ _ _

  1. Сандарды салыстыр және таңбаларды қой.
    809*908  499*501     709*710

123*132  99*100       815*851

1000 * 999       724 * 742   301 * 310

Қосымша материал

 

Сандардың аталуы

Адамзат баласы заттарды санап үйренгенге дейін сан мыңдаған жылдар өтті. Оларға сандарды қалай атау керектігін ойластыруға тура келді. «Білімсіз күнің жоқ» ден бекер айтылмаған.

Сандар атауының қалай пайда болғаны жайлы ғалымдар түрлі тайпалар мен халықтардың тілдерін зерделеу барысында білді. Мәселен, Сахалин мен Амур бөктерлерінде тұратын нивх халқында сандар қандай заттарды санайтынына байланысты болады екен. Оларша «екі жұмыртқа», «екі тас», «екі жамылғы», «екі көз» және т.б. тіркестерде сандар атауы әртүрлі. Кейбір негр тайпалары мен Тынық мұхит жағалауында тұратын тайпалар бір санға бірнеше сөз қолданады.

Белгілі бір санды кез келген затқа қолданғанға дейін сан ғасырлар өтті. Осылайша сандарға ортақ атау пайда болған.

Ғалымдардың пайымдауынша, алдымен 1 мен 2 сандары атауға ие болған. Радио мен теледидардан «…Үлкен театр солисі орындайды» деген секілді сездер айтылып жататын. «Солист» сөзі «жалғыз өзі өнер керсететін әнші, музыкант немесе биші» деген ұғымды білдіреді. Ол латынның «солюс» — «бір» деген сөзінен шыққан. Орыстың «солнце» сөзі де «солист» сөзіне ұқсас. Оның мәні мынада: римдіктер 1 санын қалай атауды ойластырғанда, Күн аспанда үнемі жалғыз болатындығына қарап осылай шешкен. Ал 2 санының атауы көп тілдерде қанат, құлақ, көз секілді жұптасып келетін заттармен байланысты. Бірақ 1 және 2 сандарына басқа атау берілген кездер де болған. Кейде оларды «мен» және «сен» сездерімен байланыстырған, кей тілдерде «бір» деген «ер адам», «екі» деген «әйел адам» болып айтылған.

Кейбір тайпаларда біраз уақытқа дейін «бір» және «екі» сандарынан өзгесі болмаған. Олар екіден кейінгінің бәрін «көп» деп атаған. Бірақ кейін басқа сандарды атау қажеттігі туындаған. Кейіннен басқа тайпалар «үш» санын «көп» сөзінің орнына қолдана бастаған. «Ер кезегі үшке дейін», «уәде бергенді үш жыл күтеді» деген сияқты сөздер жиі айтылады. Ертегілердің көбінде «үш» саны кездеседі.

Ал «төрт» саны ертегіде сирек кездеседі.