5-ке көбейту және бөлу кестесі. Математика.

Сабақтың тақырыбы:  5-ке көбейту және бөлу кестесі. Математика.

 

   Сабақтың мақсаты: 5 санымен көбейту бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту кестесін құру кезіндегі көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету; кері есептер құрастыру және шешу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    2. Психологиялық дайындық.

   — Табиғатта күн сәулесі бар. Ол жер бетіне жарық шашып, тіршілік береді. Күнді өзіміз жасап көрейік. Көздеріңді жұмып, жүректерінде кішкентай жұлдызша бар деп сезініңдер. Оған оймен жақындық сезімін әкелетін күн сәулесін бағыттайық. Жұлдызша үлкейіп барады. Сәулені бейбітшілікке бағыттайық. Жұлдызша тағы үлкейді. Сәулені қайырымдылыққа бағыттаймыз, ол одан әрі үлкейе түсті. Мен сәулені денсаулық, қуаныш, жылу, жарық, нәзіктік, мейірімділік жұлдызшаларына бағыттаймын. Енді жұлдызша күн сияқты үлкен болды. Ол бәріне-бәріне жылу береді (қолды екі жаққа жайып, бейнелеп көрсету).

  1. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№6 тапсырма негізінде ауызша есептеуді ұйымдастыруға болады. Бүл 100 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу дағдыларын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар №5 тапсырманы да ауызша орындайды. Алдын ала уақыт бірліктері арақатынастарын (тәулік — сағат, ай — тәулік, сағат — минут, жыл — ай) қайталап алған жөн.

Таза жазу минутын №8 логикалық тапсырма негізінде ұйымдастыруға болады.

Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық мақсатында ауызша есептеуге ойындарды және 2-4 сандарын көбейту және бөлу кестесімен жұмысқа арналған тапсырмаларды кіргізуге болады.

«Математикалық доп» ойыны. Ойынның мақсаты: көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары туралы білімдерін дамыту.

Мұғалім балаларға допты лақтырады да, көбейту және бөлуге мысалдар келтіреді. Оқушы допты қағып алып, жауабын айтады, содан кейін допты келесі балаға лақтырады және өз мысалын айтады және т.б.

«Математикалық  эстафета».   Ойынның  мақсаты:  көбейту және бөлудің кестелік жағдайлары туралы білімдерін жетілдіру.

Үш бет қағазға көбейту мен бөлудің өтілген жағдайларына әр қатардағы оқушылар саны бойынша мысалдар жазылады. Балалар парақты бір-біріне бере отырып, әрқайсысы бір мысалдың жауабын жазады. Барлық мысалды жылдам, әрі қатесіз шешкен қатар жеңіске жетеді.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

5 санын көбейту және бөлу кестесін балалар №1 тапсырма бойынша құрастырады. Кестені құрастыру кезінде балалар кестені жазуды неге 5×5 мысалынан бастауға болатынын түсіндіре алғаны дұрыс.

  1. Бекіту.
    Екі сандық қатар қандай тәртіпнен жазылған. Дөңгелектің ішіне тиісті амалды жаз.

 

5101520253035404550
12345678910

 

Бекіту үшін № 7 (1-ші және 2-бағандар) тапсырма орындалады.

Тапсырманы шешер алдында көбейту мен бөлу кезіндегі компоненттердің атауларын қайталап алған жөн. Тапсырманың шешуін балалар өз беттерінше жазады.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№3 тапсырманы мұғалімнің көмегімен ұжым болып орындайды. Кері есептер құрастырып, ауызша шығару керек.

  1. Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №4 және №7 (1-баған) тапсырмалар беріледі.

  1. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабақты қорытуды алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізеді. Балаларға өткен тақырыпты жақсы меңгеру үшін үйге қандай тапсырма берілген дұрыс екендігі туралы сұрақ қойылады (5 санын көбейту және бөлу кестесін жаттау қажет). Үй тапсырмасы: 5 санын көбейту және бөлу кестесін жаттау және №7 (2-баған).