Еліктеу сөздерден өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздерден өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің қүрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, негізгі және туынды еліктеу сөздер жайлы толық
мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабактьщ типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардьщ берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың «Еліктеу сөздерден» алған білімдерін тексеру мақсатында қайталау сабағын жүргіземін.

Ең алдымен оларға пысықтауға арналған сүрақтарға жауап беруін тапсырамын:

  1. Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері неде?
  2. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?
  3. Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты?
  4. Еліктеу сөздердің етістікпен тіркесіп колданылуында қандай ерекшелік бар?
  5. Еліктеу сөздерден басқа сөз таптары қалай жасалады?

Міне, осылайша сабақта өткен тақырыптарды қайталап болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 310-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 311-жаттыгу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып, негізгі еліктеу сөздерді бір бағанға, туынды еліктеу сөздерді екінші бағанға жазыңдар.

Келесі тапсырма: 312-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көп нүктенің орнына төмеидегі еліктеуіш сөздердің тиістісін қоып, көшіріп жазыңдар. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 313-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Бейнелеуіш сөздерге назар аударып, жұмбақтың шешуін табыңдар.

Тексердім:

  1. Сабақтың өтілетін мерзімі: