Тік төртбұрыштың және үшбұрыштың периметрінің формулалары

 

Сабақтың тақырыбы:  Тік төртбұрыштың және үшбұрыштың периметрінің  формулалары

Сабақтың мақсаты:

Білімдік  тік төртбұрыштың және үшбұрыштың периметрін есептеуде  формуланы қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік   оқушыларды ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға тәрбиелеу

Дамытушылық  оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіріп, пәнге қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі:  білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: проблемалап баяндау, деңгейлеп оқыту арқылы өздігінен білім алу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, деңгейлік тапсырмалар,бағалау парақшалары

Сабақты жүрісі:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қайталау оқу анасы  (тірек сызба арқылы өткен тақырыпқа шолу)

Слайд 1

1 . Математикалық өрнек  — санды өрнек

әріпті өрнек

  1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
  2. Қосудың терімділік қасиеті
  3. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
  4. Көбейтудің терімділік қасиеті
  5. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті
  6. Көбейтудің азайтуға қатысты үлестірімділік қасиеті

ІІ. Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап

Сурет бойынша есеп құрастыру

Есеп . Велосипедші ұзындығы 50 м, ені 30 м стадионды айналып өткенде барлығы  неше метр жол жүрер еді? (Слайд 2)

Ж. 30+50+30+50 =160(м)

Қалай таптыңыздар?

Ж. Стадион тік төртбұрыш пішінді, барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз. Тік төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын периметр деп атаймыз

20                                          в

 

15                                            а

 

Ал мына тік төртбұрыштың периметрі  нешеге тең болады?

Ж. 15+20+15+20 = 70

Периметрді қандай әріппен белгілейтін едік?

Ж. Р

Егер тік төртбұрыштың ені а, ұзындығы в болса қалай есептер едік?

Ж.  Р =а+в+а+в = 2а+2в = 2(а+в)

Ал осындағы а, в дегеніміз не, а мен в- ның орнына кез келген санды қоюға бола ма?

Сонда тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейді екенбіз?

Ені мен ұзындығының қосындысын екі еселейміз

Р= 2(а+в)- бұл әріпті теңдік формула деп аталады

Формула дегеніміз не?     Қорытынды жасау

Формула – математикада ережелердің әріптері бар теңдіктермен жазылуы.

Ал, енді үшбұрыштың периметрін табу формуласын қалай жазар едік?

Р=а+в+с

Әріпті өрнек пен формуланың арасында қандай ұқсастық бар?

Қандай айырмашылық бар?

ІІІ. Жаңа сабақ (слайд 3)

Табиғат – математика тілімен сөйлейді.

Ал математиканың өз тілі бар ол-формулалар

Сонымен бүгінгі сабағымызды тік төртбұрыштың және үшбұрыштың  периметрінің формулаларын қолданып есептер шығаруға арнаймыз.

ІV. Алғыр болсаң тауып көр  (ауызша есептеулер, слайд 4)

  1. Тік төртбұрыштың ені 5 см, ұзындығы 6 см. Периметрін тап
  2. Үшбұрыштың қабырғалары 12,14,8 см. Периметрін тап
  3. Периметрі 24 см болатын шаршының қабырғасы неге тең
  4. Р =56, а=12, в=?
  5. Білімдіге – биіктен орын (деңгейлік тапсырма, жеке жұмыс, слайд 5)

І деңгей

  1. Тік төртбұрыштың қабырғалары 6 см,10 см. Периметрін тап
  2. Үшбұрыштың бір қабырғасы 8 см, екіншісі одан 2 см артық, ал үшінші қабырғасы екіншіден 3 см кем. Үшбұрыштың периметрін тап.

ІІ деңгей

  1. Периметрі 180 см –ге тең тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 5 есе артық. Тік төртбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табыңдар.
  2. Квадраттың қабырғасы 12 см. Осы квадратты қабырғасы 3 см –ге тең неше квадратқа бөлуге болады?

ІІІ деңгей

  1. Ұзындығы 75м, ені 30 м тік төртбұрыш пішінді жер телімін қоршау үшін қадалар қағылды. Қадалар тік төртбұрыштың бұрыштарына және қабырғалары бойынша әрбір 3 м қашықтықта қағылды. Жер телімі 5 қатар сыммен қоршалған.
  2. Тік төртбұрыш пішінді жер телімін қоршау үшін неше қада қағылды?
  3. Жер телімі барлығы неше метр сыммен қоршалды?

VІ.  Шығармашылық ізденіс (слайд 6)

  1. Берілген фигуралардың көмегімен . . .?
 
 

 

 

3                         5                                  3                        5

 

 

 

4                                                                 4

  1.       8

 

 

6                                            Р=24

 

 

  1. №1,№2,№3 және №4 квадраттар, ал №5 тік төртбұрыш (слайд 7)

№1 квадраттың периметрі  32 см

№2 квадраттың периметрі  24 см

№3 квадраттың периметрі  16 см

№4 квадраттың периметрі  40 см

№5 тік төртбұрыштың периметрін табыңдар

 

№1

  №2
 №3
 

 

№4

 

 

 

 

 

№5

            

VІІ.  Сапалы шешім таба біл  (слайд 8)

«Семантикалық карта  -1»

 

р/савсРФигураның аты, түрі
1105 ? 
2???18 
312?832 
4?  40 
58? 36 

 

VІІІ. Ізденген жетер мұратқа (слайд 9)

Бекіту       формула бойынша ережені қайталау

 

Фигуралар

 

Формулалар
Р =а+в+с Р = 4аР = 2(а+в)
Тік төртбұрыш   
Үш бұрыш   
Шаршы   

 

Тест тапсырмалары (слайд 10)

 

                             жауап

берілгені

 

 

А

 

В

 

С

 

Д

а=12,  в =20,  Р =?326412812
а=18,  в =16,  Р=54,  с-?3882034
а=25,  в =а+12,  Р =?7412837126
Р= 250,  а= х,   в=4х50,20050,5025,100100,150

 

ІХ. Үйге тапсырма  п.1.5-І          №137,  №145

Х.  Бағалау