XVIIIғ.ортасы ХІХ ғ.қазақ қоғамының саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

 

Сабақтың тақырыбы:  XVIIIғ.ортасы ХІХ ғ.қазақ қоғамының саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

 

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

 

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Қазақстанның  XVIIIғ.ортасындағы қазақ  хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы туралы жаңа ақпараттарды меңгерту,зерттеулер жүргізу арқылы нақты түсініктерді дамыту,тақырыпқа сәйкес материалдар жинақтау.

Қазақ тарихындағы саяси-әлеуметтік жағдайы туралы түсініктерін  қалыптастыру,жаңа ақпараттарды пайдалана отырып,тақырыпқа байланысты анықтамаларды талдау,ақпараттық мәдениетін дамыту.

Қазақ хандығындағы жаңа саяси реформалардың саяси маңызын түсіндіріп, баға беру, өз ойларын айта білуге үйрету,салыстыру арқылы қоғамдағы нақты құбылыстарға қорытынды жасай білу, танымдық қызметін дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа материалды хабарлау
Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар:  ұжымдық және топтық оқыту
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі –иллюстративті

 

Пәнаралық байланыс: Жалпы тарих , Мәдениеттану , География
Оқыту құралдары: сөздік,тірек –схема , кестелер,слайдтар

 

 

 

 Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже
      студент
І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу ,сабаққа психологиялық дайындық жасау Сәлемдеседі.

Оқулықты, дәптерді әзірлейді.

 

Сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады.
ІІ. Жаңа материалды хабарлау Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіреді,жоспары көрсетіледі.

 

1. XVIIIғ.ортасы ХІХ ғ.басындағы қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы.                                                             2.1822-1824ж.ж. қазақ даласындағы реформалар.

 

Студенттер оқулықтарды пайдалана отырып,жаңа ақпараттарды қабылдайды.

 

Қызығушылығы артады, негізгі ақпараттарды алады. Әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін табады.

 

  1. XVIIIғ.ортасы ХІХ ғ.басындағы  қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы                                                           

 

XVIІ ғасырдың ортасында XVIII ғасырдың басында Қазақстан саяси жағынан бытыраңқы елге айналды. Оның ең басты себебі қазақ жүздері арасында тұрақты экономикалық және саяси байланыстар нашар болды. Басқа елдермен сауда-экономикалық байланыс тардың нашар болуы, натуралды шаруашылықтың үстемдігі, ішкі рыноктың дұрыс жолға қойылмауы, оңтүстіктегі қалалардың құлдырауы осының бәрі қазақ жерлерін бір орталыққа бағынатын мемлекетке біріктіруге және елдің бытыраңқылығын жоюға мүмкіндік бермеді.

 

                                        

           Қазақ хандығының саяси жағдайы  
Қазақ жүздері арасындағы бытыраңқылық
Ішкі байланыстардың болмауы

 

                    Қазақ хандары

 

    Есім хан Жәңгір хан Тәуке хан
      Әбілқайыр хан Абылай хан

Әбілқайыр хан бастаған топ Ресей мемлекетімен жаңа мазмұндағы қатынас жасауға көшу бағытын ұстайды. Құрылтайдан оралған бетте Әбілқайыр хан Ресей патшасымен әскери одақ құру жөніндегі Кіші жүз билеушілерінің келісімін алып,  Петербургке Құтлымбет Қоштайұлы бастаған, құрамында жеті адам бар елшілік жібереді.

 

 

 

 

XVIIІғ.-ХІХ ғ.қазақ хандығының әлеуметтік-саяси жағдайы туралы тірек-сызбаларды толтырады, әр кезеңнің ерекшелігі мен маңызды оқиғаларына тоқталып,басты оқиғалар туралы ақпараттар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген тапсырмалар арқылы ақпараттық мәдениетін дамытып,ой-өрісін қалыптастырады. Қосымша тарихи ақпараттарды пайдаланып,оқулықтағы жаңа терминдермен жұмыстанады.

 

 

 

Қазақ хандары мен олардың саяси қызметі туралы мәліметтер жинайды,салыстыра отырып әр кезеңге баға береді .Ғылыми түсініктерге талдау жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыни тұрғыдан талданған ақпараттардың негізінде саналы шешім қабылдап , ойларын тұжырымдайды.

Әр кезеңдегі жүргізілген ғылыми ойлар  туралы алған білімдерін көрсете отырып, олардың негізін біледі.

   

 1822-1824ж.ж. қазақ даласындағы реформалар

 

 1822ж. «Сібір қырғыздарының жарғысы»
1824ж. «Орынбор қазақтарының жарғысы»

 

1822ж. «Сібір қырғыздарының жарғысы»

Қазақстандағы XVIII ғасырдың аяғы мен XIXғасырдың басында болып өткен әлеуметтік-саяси  жарғының басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік — шығыс өңірін әкімшілік, сот саяси жағынан басқаруды өзгерту рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету еді.  Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінеді. Ауыл 50 — 70 шаңырақтан, болыс 10 -12  ауылдан, округ 15 — 20 болыстан құралды.

Батыс Сібір генерал – губернаторлығына Тобольск, Томск және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы кірді. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына оңтүстік Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге бөлінді.

«Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда қаралды. Істі алдын – ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша шешілетін округтік приказдың шешімдері қайта қарауға құқы болды.

 

1824ж. «Орынбор қазақтарының жарғысы»

1824 жылы Орынбор губернаторы П. К. Эссеннің қатысуымен дайындалған «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы» бойынша Кіші жүз жеріне үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының бұл жылы бекітілмей қалуына да осы жай себеп болды. Орынбор губернаторы 1824 жылы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сондағы бір қызметке тағайындады да кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы Кіші Орда немесе Бөкей хандығында хандық билік 1845 жылға дейін сақталды.

Студенттер әр топқа берілген өзіндік тапсырмаларды орындайды.

.

 

Көп нүктенің орнына көрсетілген уақытта болған тарихи оқиғаны жаз.

 

1781 жыл ………………………

1815 жыл ………………………

1817 жыл ………………………

1819 жыл ………………………

1822 жыл ………………………

1824 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы үш буынды әкімшілік жүйені төмендегі кестеге толтыр.

 

Төмендегі әкімшілік бөлініс Орта әкімшілік бөлініс Жоғары әкімшілік бөлініс
     

 

 

 

«Қазақ хандығы тақырыбында сөзжұмбақтар құрастырады.

 

Ұсынылған ақпараттардан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алып,тақырыпқа сай жүйелейді.

 

 

 

 

 

Әр кезеңдегі жүргізілген ғылыми ойлар  туралы алған білімдерін көрсете отырып, олардың негізін біледі.

 

 

 

 

 

 

Өз беттерімен шешім қабылдауға дайын болу,заман талабына сай қабілетті тұлға болу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттарды тапсырмаға сәйкес топтастыру,түсіндіру, тарату.

 

 

 

 

 

 

     
Жаңа білімді бекіту 1822 жылы «Жарғы» Ресей мен Қазақстан арасында сауда байланыстарын кеңейтуге мүмкіндіктер тудырды. «Жарғының» 46, 49 – парагрофтарында қалада, бекіністерден өзара тиімді сауда қатынастарын дамытуда, сұлтандар мен старшындарды сауда істеріне тартуға арналған нақты ұсыныстар бар еді.

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді. Жаңа материалға байланысты тапсырмалар орындайды.          Жаңа сөздіктермен кесте толтырады.Қазақ хандығының саяси жағдайын  талдап,нақты ой-пікірлерді талқыға салады. Еркін ұсыныс,пікір,өз ойын айтуға дағдыланады.

 

 

Жаңа материалды қайталап,нақты тірек-сызбалар құра біледі, жаңа ақпараттармен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Кіші Жүз бен Орта Жүз аумағының басым бөлігі Ресей империясының құрамына енді. 1850 жылдары Ресейге Жетісу аумағы қосылды.

 Үйге тапсырма.

 Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Кесте толтыру.

 

 

1.1822ж. «Сібір қырғыздарының жарғысы»

2.1824ж. «Орынбор қазақтарының жарғысы»

 

Қосымша әдебиеттермен жұмыстанады.

Қазақ даласындағы саяси реформалар туралы құжаттармен жұмыстанып,өзіндік тұжырымдамалар  жасайды.

Танымдық қабілеттері дамиды, өз беттерімен ізденіп жұмыстану барысында қазақ тарихындағы елееулі өзгерістер туралы ақпаратттарды салыстыра отырып,өзіндік баға бере алу.