М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» Біржан әнінің зор құдіреті

Тақырыбы:М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» Біржан әнінің зор құдіреті.
Мақсаты:Үзінді мазмұнына сүйене отырып, ақынның және өнерлі жастардың өнерді бағалауы мен  құдіретті   Біржан  әндерінің Абайға әсерін таныту
Күтілетін нәтиже:А. Шығарманың көрнекі өкілдері Абай мен Біржан туралы мағлұмат алады, мазмұнын біледі;

В. Шығарманың екінші бөлімінде  өзекті тақырыптарды анықтап, талдай алады;

С. Біржан әнінің зор құдіретін  қазіргі өнермен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар:М.Әуезов, Біржан сал портреттері, шығармалары, АКТ, ресурс парақтары ,маркер, стикер, плакат, оқулық
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе   5 минОқушылармен амандасу,  түгелдеу, топқа бөліну.

-Балалар, 4 топқа бөлінген себебіміз, бүгінгі сабақта тапсырмаларды топ болып ақылдасып орындап отырамыз. Ендеше, І топ – «Абай», ІІ топ – «Біржан»,  ІІІ топ –«Әйгерім» , ІVтоп  Әмір Топ мүшелері бағалау парағымен танысады.

Табыс критерийлері бойынша бағалау;

1.Шығарманы жүйелі жалғастыру;

2.Берілген мәтінмен жекелей танысып болғаннан кейін, ол бойынша  мазмұнын ашу;

3.Біржан мен Абайды салыстыра отырып,  түйіндей білу;

4.Шығарманы әдеби тілде шебер баяндап жеткізу;

М.Әуезовтің «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесімен таныстық. Олай болса, «Білгенге маржан…» (әңгіменің желісін үзбей, жүйелі жалғастыру)

1…Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді. Қазір басында желегі бар жас келіншек қалың қонақ ортасында, Абай қасында отыр……………….

2.Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар…

3. Өзге өзгеңді не қылайын, Біржан аға, — деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен қарады……….

4.. Ол тағы да домбырасын біраз бебеулетіп, желдіртіп алып келіп «Жанботаны» шырқап кетті…

Мұғаліммен амандасады, кезекші мәлімет береді.

Шығармадағы кейіпкерлер  арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Топ мүшелері бағалау парағымен танысады, әрбір кезеңдерден кейін шынайы  бағаланып отырады. Соңында  мұғалім көмегімен кері байланыс жасайды.

Бір-біріне үй тапсырмасы бойынша жоғары дәрежеде жауап беруге тырысады.

Оқушылардың басбармақтарын көрсету  арқылы үй тапсырмаларын меңгергендігін көрсетеді.

 

Топтастыру әдісі арқылы түйінді сөз жазады. Мадақтаулар: өте жақсы, жарайсыздар!

 

Тұсаукесер 7 мин.Ой қозғау  

1.Ән және өнер дегенді қалай түсінесіздер?

2.Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе?  Өнер
3.Олай болса, өнердің қандай түрлерін білеміз?  мүсін өнері, сөз өнері ән, би, бейнелеу, сәулет, қолөнер, күй.

Үнтаспадан  Біржан сал Абай Абай ауылында әңгімесінен үзінді тыңдалады.

Алдымен Абайдың, кейін Біржанның суреттері көрсетіледі, оқушылар. бар білгендерін айтады

Білу, түсіну аясында сұраққа жауап  берді.

 

Негізгі бөлім 20минутМәтінмен жұмыс /МИҒА ШАБУЫЛ/

Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Әр топтан өкіл мен уақыт  сақшысын анықтаңыз. Жұмыс  төмендегідей жоспармен жүреді:     Берілген  мәтінді оқып, топпен  бірлесе отырып, ашады және әр топтың өкілдері келесі топқа түсіндіреді. Топ мүшелері  өкілді бағалайды.  Әр топ  берілген мәтін бойынша жұппен 3сұрақтан дайындайды.

Бірінші топ- төртінші топқа, 

Екінші топ- бірінші топқа,

Үшінші топ -екінші топқа,

Төртінші топ- үшінші топқа

жуан-жіңішке сұрақтар дайындайды.   

Оқушылар берілген жуан-жіңішке сұрақтар арқылы мәтіннің мазмұнын  ашады.

1-топ.  Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес» (114б)

2- топ. Біржан шәкірттері (115б)
3-топ.  Оралбай мен Керімбала әндері  (116б-117б)

4-топ . Үмітей  мен Әйгерім әндері   

 Енді төмендегі тапсырмаларды орындап көріңіз.(117б-118б)

Топ пікірлерін тыңдау…………………

«Кітап – досың,ақылшың»          (Оқулықпен жұмыс)

Топтық тапсырмалар:

1 Біржанның «Жанбота» әні туралы үзіндіні тауып, мәнерлеп оқу        

2.Кестені толтыру.

Ән аттары:…..Әнді орындаушы жастар..

3 .Біржан мен Абайды салыстыру. Венн диаграмасы негізінде ой түйіндейді.

 

 

Дәптерлерін ашып, күннің жадынын,

тақырыбын жазады.

Бұл тәсіл «жеке-жұп-топ- арқылы жүзеге асырылады:

 «Жигсо» әдісі арқылы өз беттерімен жаңа сабақты меңгерту. Оқушылар  екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.

1.Оқушылар берілген мәтінмен жекелей танысып болғаннан кейін, ол бойынша өзіндік түсінік және пікір қалыптастырады.

2.Оқушылар жұптарға бірігіп, өздерінің идеялары, ойларымен серіктерімен бөліседі.

3.Оқушылар топ болып бірігіп, туындаған проблемалар мен мәселелердің шешімдерін талқылайды, қорытындылайды.

Қорытынды 10 минутШығармашылық жұмыс.5 минуттық ой толғау

        «Әнді сүйсең, менше сүй».

Біржанның шығармашылық өміріндегі жарқын күндері-оның Абай ауылына барғаны. Көмейіне ән ұя салған Біржан салға сол сапарда ұлы Абайдың айрықша әсер еткені кәміл. Соның бір айғағы – сазгер  Біржан Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағынан» атты өлеңіне ән шығаруы. Мұндағы Біржан сазы Абай әндерінен өзгеше, өзіндік үні мен  болмыс-бітімін сақтаған.  Әнші Біржанның ақын Абаймен шығармашылық байланысының нәтижесі – бір ғана ән емес, өмірлік сабақ болар, кейінгі ұрпаққа тәрбие болар өнегелік тәлім.

— Ендеше, екі ұлы — Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек.

Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойларын жазады.

 

Тақырыпты ашуы, Өзектілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау.2мин

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

2мин

Рефлексия. «Блоб ағашы»

Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?

Табыс критерийлері бойынша бағалау;

1.Шығарманы жүйелі жалғастыру;

2.Берілген мәтінмен жекелей танысып болғаннан кейін, ол бойынша  мазмұнын ашу;

3.Біржан мен Абайды салыстыра отырып,  түйіндей білу;

4.Шығарманы әдеби тілде шебер баяндап жеткізу;

1.М.Әуезовтің «Біржан сал Абай аулында» әңгімесін оқып келу .

2.Ұлжан, Үмітей, Керімбалаға сипаттама жазу

Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгіңіз келеді?

 

 

 

Неліктен  мұндай баға қойғаны туралы өз ойларын айтып шығады. Кері байланыс.

 

 

Кері байланыс сұрақтар:…..…..

 

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.