Қазақ тілі — ұлт тілі

Сабақтың  тақырыбы :   Қазақ тілі — ұлт тілі

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі –ұлт тілі  екендігі  туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін  аяққа баспай   қашанда биік  ұстауға   үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б)   Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі :                                 жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Ұлттарды бір-бірі-нен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де (басты белгісі) — оның тілі. Тіл — әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Қазақ ұлтының тілі — қазақ тілі. Қазақ тілі қазақ хал-қының тілі ретінде таным, дәстүр, рухани құндылықтарды сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де ат-қарып келеді. Кез келген ұлт, халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың өнері, мәдениеті — тілінде.

Қазақ тілі — көркем, сұлу да бай тіл. Тілімізде өнеркәсіп, техника, білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттың өзіне тән қалыптасқан лексикасы, жүйеге түскен жазу дәстүрі, нақтыланған стильдік нормалары бар.

Тілдің сөздік құрамы — өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.

Қазақ тілінің қоғам, өнер, мәдениеттегі орнын анық-тар басты белгілері оның бірнеше негізгі қасиеттерін ашады:

-сөздік қоры бай, сөйлеуге оралымды;

-тілдегі   сөздер   бір-бірімен   тіркестіруге,   құрастыруға
-икемді, грамматикалық тәсілдері мол;

-дыбыстар арасындағы үндестік құлаққа әуезді естілуіне,
тартымды жетуіне қызмет етеді.

Кітаппен жұмыс:   1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Жаттығумен жұмыс:  3-жаттығу сөздердің мағыналарын анықтап,кестені толтырыңдар, әрқайсысына ауызша сөйлем құраңдар.

Ақберен,ақбөкен,алаша,әбес,айтымпаз,айығу,айғайлау,әупілдек,өрескел,әлеумет ,сергу, томаға,бесін, кілем,керік,ләйлек, әсемпаз, сұңқар, қылаң, сөйлеу, жүгіру.

Зат атауыЖан-жануар құс атауыСын,бейне,түс,қасиетҚимыл-қозғалысуақыт
     

 

Білімді бекіту :   Өткен тапсырма бойынша  Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген  проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :   2-жаттығу.