Сөз әдебі

Сабақтың  тақырыбы :          Сөз әдебі

Сабақтың мақсаты : а) Сөз әдебі  туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                 жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Сұхбаттасуда немесе әңгімелесу кезінде де біздің мәдениетіміз бен тәрбиеміз де байқалады. Әңгімелесушілердің ізетпен, бір-біріне құрметпен, көңілге келер сөздерді ауызға алмай, тәрбие шеңберінен шықпай сөйлесуі әдептіліктің белгісі болса, тыңдаушының сөзді бөлмей, ынта қойып, аяғына дейін тыңдай білуі де — мәдениеттілік.

Адамдар бір-бірімен араласатын күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Бірі үлкен қуанышпен ішкі сезімін жасыра алмай бал-бұл жанса, бірінің көңілі түсіп, жан-дүниесі алай-дүлей күй кешсе, барлығына қатысты сөз әдебін білдіретін сөздер бар. Мысалы: «құтты болсын», «ұзағынан сүйіндірсін», «жолы болсын», «ештеңе етпес», «бір реніштің бір қуанышы бар», «ұзағынан жазсын» т.б. тіркестер түрлі жағдайларға байланысты айтылады. Осындай сөздер бір-бірімізді дұрыс түсінісуімізге, сыйласуымызға ықпал етеді.

Сөз әдебі, адамдық мәдениетті сақтау дегеніміз орнымен сөйлеп, орнықты жауап беру. Сөйлеуде, жазуда жаргон, дисфемизм, былапыт сөздерді есту кімге болсын жеңіл тимесі анық.                   Ендеше қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жөн. Сөйлеу мен жазуда ойды жеткізуге сыпайы сөздерді таңдап алып, жұмсақ сөйлеген адам жеңетіні белгілі. Келісімге келуге тырысу, егер әңгімелесуші тарапынан ондай ниет байқалмаса, әңгіме тақырыбын өзгерту- тәрбие мен әдеп белгісі. Әңгіме, сұхбат ауаны, тақырыбы өзгермеген жағдайда да, өз пікірінде, әңгілесушімен достық қатынаста қалған дұрыс.

 Жаттығумен жұмыс:  60-жаттығу      Кестедегі жағдайға мысал келтіріңдер

 

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:         Қуанышты күнге тілек жазып келу