Одағайдың түрлері.

Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға одағай, одағайдың түрлері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылык: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік корын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабактың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

 Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Одағайдың түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

1 . Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, оппырай, алақай, пай- пай, бәрекелді, түу, уһ, аһ, әй, еһе, әттец, өп, оп, қап, әттеген-ай,беу, ау, т. б.

  1. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді. Олар:
    тәйт, тек, жә, т. б.
  2. Шақыру одағайлары мал, ит, құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді.
    Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, моһ-моһ, күр-күр, кә-кә, пырс, т. б.
    Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанмен, ондағы жеке сөздермен грамматикалық
    байланыс
    қа түспей, оқшау айтылады. Әрі одағайдың толық мағынасы болмайды, олар
    сөйлем м.үшесі қызметін атқара алмайды.

Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай

сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Япырм-ау, осы сізге түсер

пайда бар ма? (М. Әуезов)

Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Тұрсам, о

тоба-ай, айнала көк шалғын! Сізге, тәйірі, со да сөз болып па?!

Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Мұны бастаған

кім, ә! Соны айтшы, бәсе!

Әдетте одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай-пап! Шіркін,

қазақтың келіндері-ай!

 

 

 

 

Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау, пай-пай, әй-әй, құр-құр, т. б.

Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көңіл күйін, жекіру мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнін орнына да жұмсала береді. Мысалы:

  • Жаңа бір күш біткендей болды.
  • Бәрекелді!
  • Япыр-ай, ә!

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 316-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 318-жаттығу жұмысьшың орындалу шарты мынадай: Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын және қай түріне жататынын ажыратып талдап, жоқ жеріне тыныс белгісін қойып көшіріңдер.

Жаттығу жұмыстарын орындап болған соң «Одағай» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында қосымша сұрақтар қоямын:

  1. Одағай нені білдіреді?
  2. Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?
  3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?
  4. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?
  5. Одағайдың қандай түрлері бар?
  6. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
    Сабақтың қорытындысы:

 

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 317-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін. Өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттен одағайдың түр-түріне мысал келтіріп, тыныс белгісін түсіндіріңдер.


Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көніл күйін, жекіру мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнін орнына да жүмсала береді. Мысалы:

  • Жаңа бір күш біткендей болды.
  • Бәрекелді!
  • Япыр-ай, ә!

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орьшдалатын тапсырма: 316-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 318-жаттығу жұмысьшың орындалу шарты мынадай: Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданылып түрғанын және кай түріне жататынын ажыратып талдап, жоқ жеріне тыныс белгісін қойып көшіріңдер.

Жаттығу жүмыстарын орындап болған соң «Одағай» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында қосымша сүрақтар қоямын:

  1. Одағай нені білдіреді?
  2. Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?
  3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?
  • Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?
  • Одағайдың қандай түрлері бар?
  • Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
    Сабақтың қорытындысы:

 

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 317-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін Өздерің
    оқып жүрген көркем әдебиеттен одағайдың түр-түріне мысал келтіріп, тыныс белгісін
    түсіндіріңдер.

Тексердім: