Тіл тазалығы

Сабақтың  тақырыбы :         Тіл тазалығы

Сабақтың мақсаты :      а) Сөз әдебі  туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөз мәдениеті, жазу, сөйлеу әдебі, ерекшеліктері дегенде назарға алынатын тұс — тілдің тазалығы. Жазу мен сөйлеуде әдеби тіл нормасына жатпайтын, тіл көркемдігін бұзатын артық-ауыс сөздерді қолданбау қажеттігін барлығымыз білеміз.

Әдеби тіл — өңделген, сұрыпталған, сол тілде сөйлеушілердің барлығына түсінікті тіл. Ендеше белгілі бір тілде таза жазу, сөйлеу дегенде, ойға қажетті сөзді таңдауда оның қолданыс сипатына, сөйлеуші халық тіліне алыс-жақындығына қарай аламыз. Тілдің қызметі халықтың қоғамдық-өндіріс, қоғамдық-саяси, сондай-ақ рухани байлығын көрсете, аша алуында.

Тіл тазалығы айтар сөзге, ашар ойымызға пайдасы шамалы, қажеті мәнсіз, орны белгісіз сөздермен әуестенбеуді талап етеді. Басқа тілден енген сөздерді мүлде сөздік қордан да шығарып тастай алмаймыз. Десек те, оны қолданудың орнын, ретін тапқан жөн. Әрине, көркем әдебиетте белгілі бір ортаның ерекшелігін ашу үшін қаламгер басқа тілден енген сөздерді, диалектілер мен варваризмдерді пайдаланады. Бірақ, бұның өзі — шығарма шырайын ашса ғана мақсаттың өтелгені.

Сөйлеу мен жазуда тілдік норманы сақтау қажет.

Лексикалық норма: сөздің тура және ауыспалы мағына жасау мүмкіншілігін;

—     морфологиялық   норма:   сөзге  қосымша  жалғау  ретін, сөзден жаңа сөз жасау ерекшелігін;

—     синтаксистік норма: сөз тіркесу, сөйлем мүшелері орнын, инверсиялық өзгешелікті назарда ұстау десек, осы нормаларды білу, ұстаным ету сауатты да білімді, мәдениетті адамның ісі.

Жаттығумен жұмыс:  65-жаттығу       Сөз тіркесі мен сөйлемдерден тіл тазалығына нұқсан келтірер сөздерді табыңдар.

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:          67-жаттығу.