Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» өлеңі

 

Сабақтың  тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» өлеңі

Сабақтың мақсаты:  Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру ,өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп,мәнерлеп,көркем оқыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,топтық жұмыс.Сергіту сәті  және  кері байланыс жасау.

Күтілетін нәтиже: Ы. Алтынсарин туралы танымдары кеңейіп,өлеңдеріне арқау болған тақырыпты өмірде тиімді пайдалану.

 Сабақтың барысы:

УақытыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының

іс-әрекеті

Қажетті құралдар
2 мин.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеп, жоқтарын белгілеу.

Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады .Сынып журналы
2 мин.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Жағдаятты ыммен баяндау әдісі

Түгел қатысады. Дене қимылдарын жасайды.Стикер қағазы
5 мин.Үй тапсырмасы. Табыс критерийі

Ш. Уәлиханов өмірбаяны мен шығармашылығын баяндау. Пән аралық байланысты тарих сабағымен байланыстыру.

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бағалау.Суреттер көрмесін толықтыру.

Берілген сұрақтарға кезекпен жауап береді.Оқулық, суреттер

 

 

2 мин.Оқушыларды суреттер  арқылы топқа бөлу.

І- топ

Алғырлар

Қандай сынақ болсадағы беріспе,әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

ІІ- топ

Тапқырлар

Ұранымыз: Нақты жауап, саналы шешім таба біл!

Топқа бөлінеді.

Өз топтарының атын, ұранын тауып , жазып қояды.

суреттер
2 мин.

 

Таныстырылым. Миға шабуыл.

«Әке мен бала » әңгімесінің авторы кім?

Берілген сұраққа жауап береді. Сұрақтар жасырылған парақшалар.
5 мин.

 

 

10мин.

Негізгі бөлім: Көрсетілім . Бейнетаспа арқылы               Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.

Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», — деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Оқулықты оқып, түсінгендерін бір-біріне айтады.

Бейнетаспадан көрген көне тәсілдерді қазіргі заманауи дамыған тәсілдермен салыстыра отырып тану. Өз ойларымен ашық бөлісу, білетін шығармаларының мазмұнын баяндау.

Оқулық, бейне таспа, суреттер.

Суреттер, кеспе қағаздар, кәрзенке.

2 мин.

 

Сергіту сәті. « Өз- өзіңді таны» жаттығуы арқылы  өздері туралы мінездеме.

 

 Өздерінің салған суреттеріне қарап отырып өздерінің психологиялық ахуалын тексереді.Жаттығуға түгел қатысады.Ноутбук, қағаз , суреттер.
9 мин.Шығармашылық жұмыс:

Топтық жұмыс

Ітоп

1.Ыбырай  шығармаларын оқып,талдау жасайды.

ІІ топ

2.Берілген шығармаларын алып өлеңдерін , әңгімелерін, аудармаларын тауып бөлек кәрзіңкеге салады.

3.Әңгімелерін образға кіре орындау.

І топ «Бақша ағаштары»

ІІ топ «Әке мен бала» әңгімесін көрініс жасау

 

Берілген тапсырманы  образға кіре түгел орындайды. Топтық жұмыс өте қызықты атқарылды. Жауапкершілікпен тапсырма орындағандары байқалады.Оқулық

музыка

2 мин.Үй тапсырмасы: Ақын туралы көркем әдебиеттермен танысу. Әңгімелерін оқып келу. Реферат жазып келу.Күнделіктеріне жазып алады.Күнделік
2 мин.Сабақтың өн бойындағы алған білімін бағалау. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.Табиғат құбылыстарының суреттері арқылы өзін- өзі бағалау.Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.Күнделік

суреттер

2 мин.Кері байланыс.

Сабақта алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы білу.

Сабақтан алған әсерлерін айтады. Түрлі түсті парақшалар.

Сабақ туралы ойым: Сабақ өте тартымды, қызықты өтті, балалар әсіресе әңгімелерін   орындай жүріп мағынасын терең ашып ұғына алды.

Не сәтті өтті:    Тапсырмаларды өте қызығушылықпен орындады.

Не сәтсіз өтті:  Кей жағдайда ережеге бағынбаушылық орын алды. Уақытты үнемді пайдалана алмау.